- табиғи тілде араласқан ойлау элементтерін анықтауға жəне бекітуге
мүмкіндік береді;
- сөйлемді үнемдеуге – сығымдауға, көлемдеуге, жеделдетуге мүмкіндік
береді;
- ойлау элементтерін логикалық қадам түрінде ұсынуға мүмкіндік бере
отырып, формалды аксиомалық теориялар үшін жол ашады. Нəтижесінде өзара
86
келісілген жəне айқын теория алынады. Алайда жетілдірілген логикалық тілді
жасау мүмкін емес болды, мұның себебі бірін-бірі ауыстыратын теориялар
көбінесе бір ұғымға түрлі анықтама берді. Бір ұғым бірнеше салада
қолданылып, олардың əрқайсысында сол ұғымның анықтамасына тиесілі
өзіндік үрдіс қалыптасты.
Əрбір ғылымның тілі сол саладағы ғалымдар арасындағы қарым-қатынас
үшін жəне ғылыми нəтижелерді көрсету үшін қызмет етеді. Нақты бір ғылым
саласының ұғымдары жүйелі жəне нақты түрде сол пəннің жетістіктері
қамтылған оқулықтарда ұсынылады. Оқулықты меңгере отырып, болашақ
маман өз ғылымының əлеміне қарауды, оның нəтижелерін жəне əдістерін
меңгереді. Бұл – тікелей тіл философиясындағы ғылым тілінің қалыптануына
қатысты мəселелердің бір аспектісі.
Философтар сөз жəне тілдік айтылым идеялар таңбасы болып табылады
жəне ең алдымен ойды жарыққа шығару үшін пайдаланылады деген көзқарасты
ұстанды. Дж. С. Милль жəне Г. Фреге тіл туралы басқа түсініктің негізін
қалады, яғни сөз санадағы идеяларды емес, ақиқат болмыстағы нысандарды
белгілеу үшін қызмет ететіндігін пайымдады. Айталық, Фрегенің пікірінше, сөз
мағынасы екі компонентті жасалымды қамтиды: сөз қандай да бір нысанды
білдіреді жəне қандайда бір мəнді (немесе идеяны) көрсетеді. Тілдік
айтылымның мəні оның заттық мағынасын немесе қазіргі терминмен айтқанда,
оның референциясын – таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы, зат пен
оның атауының арасындағы қатынасты анықтайды. Мəн референтке «жол»
көрсетеді, сөзді дүниенің белгілі бір бөлшегімен сəйкестендіруге мүмкіндік
береді [139].
1960 жылдары Х. Патнэм С. Крипкемен бірге «жаңа» немесе «казуалды»
референция теориясын ұсынды. Ол бойынша ғылыми терминдердің басым
бөлігін құрайтын табиғи түрлермен (су, ауа, өсімдік) байланысты терминдердің
мағынасы ең алдымен ішкі табиғаттағы осы табиғи түрлермен анықталады.
Қарапайым (табиғи) сөзді түсіну жəне пайдалану үшін сөздің мəнін толықтай
білу міндетті емес. Сөздің мəнін (референция) тілді иеленуші анықтайды.
Олардың арасындағы байланысты Крипке мен Патнэм казуалды (лат. сasualis –
кездейсоқ) деп атады, сондықтан да олардың тұжырымын «казуалды
референция теориясы» деп те атайды [140]. Бұл аталған ғылыми тіл мен
атауларға қатысты тұжырымдар жаңа сөздердің тілде пайда болуы мен «өмір
сүру» сипатын нақтылауда маңызды болып табылады.
Тіл философиясы тарихындағы тілдің ішкі заңдылықтарына тəн сипат пен
оның өмір сүруіндегі ішкі тəртіптер туралы мəселелер тілдегі бірегей құбылыс
ретінде бағаланатын жаңа сөздермен байланысады. Қазақ тіліне тəн қасиет –
табиғилық. Өзіндік əуезге, ырғаққа ие қазақ тілінің төл сипатында жасандылық
жоқ. Жаңа ұғымдық-атаулардың тілге енуінде тілдің осы табиғилығын, бүкіл
тарихи жолында байлығын, мүмкіндігін пайдалану, көнені жаңғырту тілдегі
бірізділіктің – норманың сақталуын қамтамасыз ететіні белгілі. Ортағасырлық
ойшыл, ғалым, «Екінші ұстаз» атанған əл-Фараби тіл біліміне қатысты
мəселелердің ішінде «тілдік нормаға» ерекше назар аударған. Өмірінің көп
87
бөлігін Араб халифатында өткізген ойшылдың шығармашылық тілі араб тілі
болғанымен, грек философтарының мұраларынан тəлім алып, Шығыс
халықтарының даналығын меңгерген. Ғалымдардың көрсетуінше, «Екінші
ұстаз» шығармаларының стилі тілдік тұрғыдан мінсіз болған. Абу Насрдың
араб тілін жетік меңгергендігі соншалықты, ол араб терминологиясының,
соның ішінде философиялық терминологияның дамуына айтарлықтай үлес
қосқан. Ғалымның ұсынған көптеген терминдері араб тілінің ұғымдық
аппаратында əлі күнге дейін пайдаланылады. Əл-Фарабидің араб тіліне деген
қызығушылығы ҚҰРАН тілінің мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болуымен жəне
негізгі ұлттың тілі болуымен ғана емес, бай əдебиетінің арқасында ғылым мен
мəдениеттің тіліне айналуымен байланысты болды. Араб тілінің ішкі
мүмкіндіктері сол тілде түрлі ғылым мен білімді дамытуға мүмкіндік берді.
Орта ғасырларда араб тілі дəуір тіліне айналды. Осылайша араб мəдениеті мен
араб тілінің кеңістігінде əл-Фараби тілдің əртүрлі аспектілерін зерттеді. Соның
ішінде тілдік норма мəселесін өзінің «Əріптер кітабы» атты еңбегінде көтерді.
Əл-Фараби «тілдік норма» ұғымын «аль-фасых» жəне «ас-сауаб»
терминдері арқылы берді, араб тілінде бұл терминдер «дұрыс», «əдеби» деген
мағынаны береді. Ал нормаға қарсылардың барлығын «хата», «ляхни», «гайыр
фасых», «кабих», «люкна» жəне «аджама» – «қате», «əдеби емес», «тілдегі
акцент», «енгізілген» деп атады [141]. «Əріптер кітабы» еңбегіндегі Əбу
Насрдың тұжырымдарына сүйенсек, сыртқы араласусыз, табиғи жолмен
ұрпақтан ұрпаққа тəжірибе мен дағды арқылы жеткенде тіл «дұрыс
байырғылығын» сақтайды. Оның орта ғасырлардың өзінде-ақ айтқан идеяларын
кейінгі зерттеушілер растады, тіл биологиялық жолмен емес, атадан балаға
тілдік ұжым арқылы мирас болып жетеді. Осылайша тіл ғасырлар бойы өмір
сүреді. Тілдік норма туралы əл-Фарабидің тұжырымы мынадай бағытқа келіп
саяды: «Даланың немесе орталық аудандардың тұрғындары таза тілдік «кодты»
жеткізуші жəне сақтаушы – тілді жетілдіруші шешендер – жинақталған тілдік
материалдардың негізінде ережелерді бекітуші грамматистер». Зерттеу
нысанын осы сызбаға орайластыратын болсақ, жаңа сөздердің тілде
орнығуында оның қалыптану үдерісінің маңыздылығын айқын байқауға
болады. Тілдік норманың дұрыс болуы үшін оның қазынасындағы байырғы
сөздерді, ұғым-түсініктерді қайта жаңғырту қажет. Себебі «өткенді білмей,
болашаққа қарау» қай істе де мүмкін емес [147].
Антикалық тілдік дəстүрдің негізін қалаушы, оның құрылымы мен негізгі
бағыттарын қалыптастырушы Аристотельдің пайымдауынша, тіл, сөйлеу – ең
алдымен, құрал, ойды жарыққа шығарудың құралы жəне белгілі бір мақсатқа
жетудің құралы. Ол диалектика, поэтика жəне риторика ғылымдарын негізгі
ауызша өнердің түрлері деп көрсетіп, осы үш ғылымның шеңберінде тіл
теориясын дамытты.
Б.з.д. 5 ғасырда Гераклит, Эмпедокл, Демокрит, Протагор, Горгий, Продик
сияқты ежелгі грек философтары тіл мəселесіне ерекше көңіл бөлді. Платонның
еңбегіне дейін грек тілінің дыбыстық жəне грамматикалық құрылымы туралы,
оның лексикалық қоры туралы белгілі бір ілім жүйесі қалыптасты. Платон
88
өзінің хаттары мен бірқатар диалогтарында («Кратил», «Теэтет», «Софист») тіл
мəселесіне тоқталды. Ол өзінің «Кратил» деп аталатын диалогында заттар мен
олардың атауы арасындағы қатынас туралы мəселені алға тартады. Диалогта
Платон Кратилдің (атаулардың табиғаттан дұрыстығын жақтаушы) ұстанымы
мен Гермогеннің (келісім мен уағдаластықты жақтаушы) ұстанымын бетпе-бет
қоя отырып, Сократты сот ретінде қатыстырады. Платон сөздің затпен тура
емес, алыс байланысын мойындап, атаулардың əдет жəне келісім бойынша
қолданыс мүмкіндігіне жол береді. Ол сөздің ішкі формасы (уəжделуі) ұғымын
ашады, уəжделген жəне уəжсіз сөздерді ажыратады. Сөздің жекелеген
дыбыстары арасындағы жəне заттың сапасы мен қасиеттері арасындағы
ассоциация туралы идея (дыбыстық символизм) Платонға тиесілі [143].
Тілге еніп жатқан өмірдің түрлі салаларының көрінісі – жаңа атаулар мен
ұғымдардың жасалуында Платон көтерген екі мəселені кездестіруге болады.
Бұл ретте атаулардың табиғи сипаты тілдің ішкі мүмкіндіктерін қамтиды. Жаңа
сөздердің тілдегі нормалану үдерісін бақыласақ, кейбір семантикалық жағынан
түсінуге қиын сөздердің нормалану сипаты Платон шығармасындағы келісім
мен уағдаластық ұстанымына сəйкес келетін сияқты, қолданыс белсенділігі,
жиілігі өте жоғары сөздер семантикалық айқындылығы төмендігіне қарамастан,
тілге сіңісіп кетеді.
Тіл – мазмұндық таңбалық формалар жүйесі. Тіл арқылы ұғым
қабылдаудан түсінуге өтіп, ұғымдық операциялар жүзеге асады. Сөйлеу тілінде
адам өз ойын, сезімін бекітеді. Тіл арқылы өз ойын жəне сезімін білдіре
отырып, адам оны өзі де анығырақ меңгереді. Ол өз сөзінің өзгелерге
түсініктілігін сезіну арқылы өзін түсінеді.
Тіл таңбалық жүйе ретінде анықталады жəне ойдың материалдық
рəсімделуін қамтамасыз етеді. Ойлау – идеалды, ал тіл – материалды. Тіл мен
ойлаудың арақатынасы мəселесі мəңгілік мəселелердің қатарына жатады, себебі
адамға тəн ерекшелік бола отырып, екі құбылыс əлеуметтік жəне биологиялық
ерекшелікті қамтиды. Бұл мəселенің шешімін табуда бірізділік болмады.
Ғалымдардың бір тобы тіл мен ойлауды барабар десе, басқалары оларды
абсолютті түрде ажыратты. Пікірталас тіл мен ойлаудың пайда болуы туралы
мəселеден басталды. Бірінші көзқарасты ұстанушылар ойлау мен тіл бірге
пайда болды дегенді айтты, ойлаусыз тіл жоқ, керісінше тілсіз ойлау жоқ.
Тіл мен ойлаудың арақатынасы, мəселесінің маңыздылығы түрлі
кезеңдерде жəне əртүрлі елдерде қызығушылық тудырды. Бұлардың
арасындағы байланыстың дəрежесін жəне нақты сипатын анықтау тіл
философиясындағы орталық мəселелердің бірін құрайды. Тіл мен ойлау бір-
біріне диалектикалық қарама-қарсы бірлікті құрайды, демек тіл тек ойлаудың
сипаты мен құрылымын анықтап қана қоймай, объективті болмысқа тəн
көріністің сипаты болып саналады.
Ойлау мен тіл – қоғамдық əрекеттің тығыз байланысты екі түрі, олар өзінің
табиғаты мен ерекше белгілері бойынша ажыратылады. Ойлау – заттар мен
құбылыстардың
қасиеттерін
көрсететін,
мақсатқа
бағытталған,
абстракциялаушы жəне жинақтаушы, ұғымдар мен теорияларда жүзеге асатын
89
белсенді үдеріс. Ойлау үдерістері өзара байланысты үш түрде көрініс табады:
практикалық-əрекеттік, көрнекілік-бейнелік жəне ауызша-логикалық.
Жаңа сөздерді меңгертуде ойлау үдерісінің аталған формаларын ескеру аса
маңызды. Бұл мəселе оқыту үдерісіне енгізілгенге дейін жаңа сөздерді жасау,
көпшілік қолданысқа ұсыну сатысында ескерілгені жөн. Себебі ойлаудың
көрсетілген формаларына түспесе, оның санада орнығуы екіталай. Бұған
тəжірибе барысында семантикалық тұрғыдан түсініксіз сөздерге қатысты
нəтижелер дəлел бола алады.
Философиядағы ойлауға қатысты зерттеулерде тіл туралы мынадай
тұжырымдар бар:
Достарыңызбен бөлісу: |