Алдашева камар сагингалиевна


- атау философиясы (антикалық кезең, орта ғасыр) – тіл ақиқат  болмыстағы заттардың белгісі ретінде қарастырылды;  -



Pdf көрінісі
бет45/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- атау философиясы (антикалық кезең, орта ғасыр) – тіл ақиқат 
болмыстағы заттардың белгісі ретінде қарастырылды; 
- сөйлем философиясы (жаңа кезең) – тіл ұғымның, ойдың, сезімнің 
белгісі ретінде қарастырылды. Аяқталған ой сөзбен емес, хабарлы сөйлем 
арқылы, айтылым арқылы беріледі;
- құндылық бағдары философиясы (жаңа жəне жаңадан кейінгі жаңа 
уақыт) – тіл адамдардың еркімен емес, тіл олардың мақсатқа бағытталған 
əрекетіне, практикасына сəйкес жасалып, пайдаланылады. Бұл ретте адамды 
оның мақсатына қатыссыз нысанды ұсынатын жай ғана ақиқат емес (сөйлем 
философиясындағы сияқты), адам үшін нысанның мағынасы (құндылық) 
қызықтырды [139; 144]. 
Адамның танымы тілсіз мүмкін емес. Тіл мен танымның арақатынасы 
туралы əртүрлі тұжырымдардың болуы адам тілді ақиқат болмыстағы түрлі 
құбылыстарды білдіру үшін пайдаланатындығымен түсіндіріледі.
Ұғым, пайым, тұжырым белгілі бір тілдік формада көрініс табады. Тіл 
таным нəтижелерін қоғамдық игілікке айналдырып, танымдық үдерістің 
сабақтастығын қамтамасыз етеді. Дəстүрлі түрде тіл болмысты танудың құралы 
əрі қаруы ретінде қарастырылады. «Тіл мен таным» мəселесі қазір лингвистика 
мен философияда түрлі бағыттардың зерттеу нысаны болып отыр.
Жаңа білімді алу жəне бекіту сөйлеу əрекеті қатар жүретін адамның 
практикалық əрекетінде жүзеге асады. Сəйкесінше тілдің танымдық рөлін 
адамның практикалық əрекетімен бірлікте қарастыру керек. Таным құралы 
жəне табиғи таңбалар жүйесі ретінде тіл адам əрекетінің кез келген 
саласындағы таным нəтижелерін бекітеді. Бірақ, əрине барлық білім 
салаларына қатысты ойлау жетістіктері тіл білімінің нысаны бола алмайды. 
Мұндай жағдайда тіл білімі əмбебап ғылым, ғылымдардың ғылымы болып
оның күші жетпейтін, ол үшін мүмкін емес ештеңе болмас еді.
Адам кез келген нəрсенің атауын оны таныса ғана біледі. Мəселен, бір 
сөзді атағанда адам ол сөзге ешқандай кері жауап қайтармаса немесе оның 
мағынасын түсінбесе, онда бұрын таңбаланушы туралы ақпараттың 
болмағандығы. Адамның танымында таңбаланушы туралы ақпарат сөз арқылы, 
яғни оның атауы арқылы бекітіледі. Бұл жердегі жаңа сөздерге қатысты мəселе 
мынада: танымның нəтижесін алғашында шеттілдік атаумен бекіткен адам 


90 
қазақ тіліндегі жаңа атауды қабылдауы үшін оны практикада қолданысқа 
түсіруі аса маңызды. 
Зерттеу нəтижесі тілдің табиғаты танымдық қызмет атқаруға бейім 
екендігін дəлелдеп отыр. «Тіл мен таным» мəселесіне деген ерекше 
қызығушылық философиялық сипатқа ие лингвистикалық ықтималдық 
тұжырымдамасында (неогумбольдттық «Сепир-Уорф» болжамы) көрініс тапты. 
Аталған лингвистикалық бағыт түрлі тілдердегі əлемнің бейнесіндегі 
айырмашылықтар, сондай-ақ осы бейнелердің ғылыми əлем бейнесіне жəне 
болмысқа қатынасын зерттейді. Əртүрлі тілдердің лексикалық жəне 
грамматикалық жүйесіндегі болмыс бейнесінің айырмашылықтары негізінде 
халықтың дүниені тану, дүниені түсіну, оның психологиясы, мінез-құлқы, 
мəдениеті жəне т.б. ерекшеліктері туралы тұжырым жасайды.
Тіл таным құралы, табиғи таңбалар жүйесі ретінде жəне өз 
семантикасында халықтың ғасырлар бойғы рухани жəне материалдық өмір 
тəжірибесін бекіте отырып, айрықша танымдық құндылықтарды иеленеді. 
Жалпы қолданыстық тілдің семантикасында, оның түсініктері мен 
категорияларында халықтың ойы мен сөйлеу тілінің даму нəтижесі қатталып 
жатыр.
Дүниедегі заттар мен құбылыстардың алғашқы жіктемесін тілден табамыз. 
Жалпы қолданыстық тілдегі ұғымдар барынша жоғары дəрежеде дерексіздене 
жəне өңделе отырып, ғылым мен оның категорияларының қалыптасуына 
жағдай жасайды. Бұл ретте жалпы қолданыстағы мұндай сөздердің мағынасы 
сəйкес ғылыми категориялармен белгілі бір семантикалық байланысын үзбейді 
(мысалы, жалпы қолданыстағы сөздер мен ғылыми терминдер: уақыт, кеңістік, 
сана, ойлау, себеп, қозғалыс, қысым, байланыс, жарық, жылу, тіл, дене, 
жылдамдық, кедергі, сөйлеу, өріс жəне т.б.). Сондықтан да ғалымдар «ғылымға 
апаратын жолды сөз дайындайды» деген тұжырым жасайды [14534]. Дерексіз 
ғылыми ақиқаттар таза ойлаудан тұрады деп санайтын ғалымдардың 
көзқарастарын саралай келе, Потебня мынадай тұжырым жасайды, яғни жеке 
адам жалғыз қалғанда ойлану үшін де тіл қажетті шарт болып табылады, себебі 
ұғым тек сөз арқылы ғана жасалады, ал ұғымсыз шынайы ойлау мүмкін емес. 
Алайда, шын мəнінде тіл тек қоғамда ғана дамиды, мұның себебі адам əрқашан 
бүтіннің, яғни өзі тиесілі тайпаның, халықтың бөлшегі болғандықтан жəне 
қоғамда өзара түсіністікті орнатудың қажеттілігінен ғана емес, адам өз сөзі өзге 
адамдарға түсінікті болғанда өзін-өзі түсіне бастайды.
Жалпы қолданыстағы тіл мен ғылымның генетикалық байланысы туралы 
В.В. Виноградов былай деп жазады: «Ғылыми сөздік пен тұрмыстық сөздік 
арасында тікелей тығыз байланыс бар. Барлық ғылым халықтық ойлау мен 
сөйлеу арқылы алынған нəтижелерден басталып, одан əрі қарай дамуында 
халықтық тілден ажырамайды. Нақты ғылымдардың өзі əлі күнге дейін өзінің 
терминдер сөздігінде жалпы халықтық тілден алынған терминдерді қолданады» 
[146, 165]. 
Соңғы жылдары шетелдік, əсіресе америкалық лингвистикада ақпаратты, 
білімді алу, сақтау жəне жеткізудің табиғи құралы ретінде тілге деген 


91 
қызығушылық оянды. Мұндай зерттеулер «когнитивтік лингвистика» немесе 
«таным теориясы» деген жалпы атаумен аталып жүр.
Болмысты тілдің көмегімен танудың жалпы ғылыми жəне философиялық 
мəселесі еуропада біраздан бері қарастырылып келеді. Бұл мəселе теориялық 
тіл білімінің негізін салушы В. фон Гумбольдттың жəне оның ізбасарларының 
үнемі назарында болды. Тіл болмыстың көрінісі жəне оны танудың негізгі 
құралы деген идея Гумбольдттың басты теориялық еңбегінің өн бойында 
айтылады. «Адам, – дейді ол, – заттар əлемін көрсету жəне өңдеу үшін өзін 
дыбыстар əлемімен қоршайды» [71, 80].
Тіл табиғи таңбалар жүйесі ретінде таңбалардың мағынасына таным 
нəтижелерін бекітеді, қауымдастық мүшелерінің игілігі, сəйкесінше одан əрі 
жетілу мен дамудың нысаны етеді. Демек, қандай да болмасын тілге енген жаңа 
ұғым-түсінік, атау – сол тілді тұтынушылар танымының жемісі, тілдегі көрінісі. 
Адамзат танымы жетіле түскен сайын, оған енген əрбір жаңа нəрсе тілде жаңа 
атаумен белгіленіп отыратыны осының дəлелі.
Қорыта келгенде, тұтастай алғанда жаңа сөздерді меңгертудің 
философиялық мəні «ұлттық тіл мен мəдениетке деген қызығушылықтың қайта 
жаңғыруын, мемлекеттік тілдің атқаратын əлеуметтік қызметінің аясын 
қатынастың əртүрлі саласында кеңейту міндеттерімен» [147] сабақтас, осымен 
байланысты
«жаһандану дəуірі қалыптастырып отырған əр алуан қиындықтар 
мен еларалық, ұлтаралық ...қатынастардың қазіргідей күрделеніп тұрған 
кезеңінде тіл үшін күрес табандылықты, ыждағаттылықты қажет етеді. Бұл 
тұста ұлттың басты құралы – сабыр мен салауаттылық, намыс пен жігер, 
парасат пен білім, біліктілік пен ізденімпаздық... Ол үшін өмірдің бар 
саласында мемлекеттік тілдің мəртебесін бекітіп, беделін үстем етер шаралар 
үздіксіз атқарылуы тиіс» [148]. Себебі жаңа сөздерді меңгерту – тілді меңгерту 
– білім көкжиегін кеңейту – ұрпақты ізгілікке бастау – тілді тұтынушының 
ұлттық мүддесін жəне тілдік тұлғасын қалыптастыру – ұлттың ана тілін кейінгі 
ұрпаққа табыстау – тұтас ұлттық өркениетті қалыптастыру. Ал «өркениеттілік – 
жаңа технологиялар бəсекесіндегі көшбасшылық қана емес, ең алдымен елде 
мемлекетшілдік рухтың салтанат құруы; интеллигенцияның инновацияларды 
өзінің төл құндылықтарымен үйлестіре қолдануға мүдделілік танытуы; 
...ұлттық білім мен мəдениетті мамандардың интеллектуалды əлеуетінің басты 
көрсеткіші ретінде түйсінуі. Сондықтан мемлекеттің əрбір мүшесі осы мəселені 
түсініп, өзінің өмір сүру қағидасына айналдыра алуы маңызды [149, 23]. Демек 
ұлттың болмысы, оның рухани табиғаты əрқашан тіл тағдырымен 
сабақтастықта қаралып келеді. Осымен байланысты қазақ тілінің сөздік қоры – 
тілдің төл байлығы туралы мəселе əрқашан назардан тыс қалмауы тиіс. 
Аталғандардың қатарында сөздік қорды таза қалпында сақтау, басқа тілдерден 
кірген сөздерден барынша аулақ болу, тілдің төлтума сөздері арқылы таным 
көкжиегін кеңейту жəне білім беруде тілдің тазалығын сақтауды қадағалау 
мəселесі тілге қатысты жайттардың басында тұрады. 


92 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет