Алдашева камар сагингалиевна


тӛл әлеуеті: ішкі мҥмкіндіктерді жаңа сӛз жасауда сарқа пайдалану»



Pdf көрінісі
бет50/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

тӛл әлеуеті: ішкі мҥмкіндіктерді жаңа сӛз жасауда сарқа пайдалану» деп 
аталатын тақырыптың аясында оқушылар қазақ тілінің жаңа сөз жасаудағы ішкі 
мүмкіндіктеріне талдау жасай отырып, тілдің төлтумалығын сақтаудың 
қажеттілігі, лексикалық қорды толықтыруда жаңа сөздерді ішкі ресурстар 
арқылы жасаудың қажеттілігі сияқты мəселелерді сараптайды.
Қажеттілік қызығушылық туындағанда ғана сезіледі. Осы жас кезеңінде 
жеткіншектердің тұрақты тұлғалық қызығушылықтары пайда болады. 
Тұлғалық 
қызығушылықтар 
жағдаяттық 
қызығушылықтан 
өзінің 
«қанықпайтындығымен» ерекшеленеді: неғұрлым қанағаттанған сайын, 
соғұрлым тұрақтала жəне ынталана түседі. Бұл ретте жаңа сөздердің тілдегі 
орны мен оның нормаға айналуы үшін өзінің қосатын үлесін түсінген сайын 
немесе бұрын орыс тіліндегі баламасын қолданған сөздердің қазақ тіліндегі 
нұсқасын қолданудың мəнін өз ана тілінің мүддесі үшін түсінген соң, оқушыда 
бұл қызығушылық тұрақталады əрі оның белсенділігі мен ынтасы артады. Жаңа 
сөздерді меңгерту үдерісінде жоғары мектеп сатысындағы жеткіншектің оқу 
мазмұнына жəне оқу əрекетіне деген қызығушылығы ақыл-ой еркіндігі мен 
бастамашылдығын көрсету мүмкіндігінен көрінетіндігін ескеру керек. Бұл 
ретте оқытудың əдістері белсенділікке негізделсе жəне тапсырмалар 
жеткіншектерден белсенді ізденіс əрекетін талап ететін болса, олардың оқуға 
деген қызығушылығы тұрақты болады. Осы мақсатта жаңа сөздерді меңгертуде 


104 
қолданылған оқытудың əдістері жеткіншектерді өз бетінше ізденуге 
бағыттайды. 
Жаңа сөздерге қатысты оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруда 
жағдаяттық тапсырмалар берілу керек жəне жеткіншектердің бұрын өздерінде 
бар білім арқылы жаңа жағдаяттардың шешімін табуы үлкен мəнге ие. Олар 
қиындықпен бетпе-бет келгенде жаңа білім алудың немесе бұрынғы білімді 
жаңа жағдаяттарда қолданудың тəсілдерін игерудің қажеттілігін түсінеді.
Қажеттілікті қанағаттандыру оқушы белсенділігі арқылы қол жеткізіледі. 
Өзі өмір сүріп отырған қоғам өмірінің түрлі салаларында белсенділік таныту – 
қазіргі əрбір білімді жастың басты сипаты. Тіл мəселесінің мəнін саналы түрде 
ұғынатын жеткіншек оның келешегі үшін бейтарап қалып таныта алмасы анық. 
Осы тұрғыдан жаңа сөздердің тіл жүйесі үшін маңызын саналы түрде 
сезінгенде, жоғары сынып оқушысы оның нормалануы мен қалыптануы ісінде 
белсенділік танытады, сол арқылы өзіндік үлесін қосады. Жеткіншектің өзін-өзі 
танытуы мен өзін-өзі тəрбиелеуі оның белсенділігінің жоғары болуына жағдай 
жасайды.
Адам қол жеткізуге ұмтылатын, қажеттілікті қанағаттандыруға 
бағытталған іс-əрекеттің түпкі нəтижесі – мақсат. Қажеттілікті қанағаттандыру 
үшін белсенді əрекет ету жаңа мақсаттарға алып келеді. Мақсат айқын болғанда 
ғана оң нəтижеге қол жеткізуге болады. Жоғары мектеп сатысында жеткіншек 
мақсатын айқындап, сол мақсатқа жетудің міндеттерін өздігінен саралай алады. 
Алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда жеткіншек кезеңде адам əрекетіне 
саналылық пен мақсатқа бағытталу тəн. Осы жас кезеңінде адам өз мақсатын 
жүзеге асырып, өз ниеті мен идеясына қол жеткізеді. Мақсатқа жету үшін оны 
жүзеге асырудың шарттарын ескеру керек. Мақсаттың шарттармен 
арақатынасы нақты міндеттерді анықтайды. Кез келген білім беру үдерісінің 
түпкі нəтижесі – құзыреттілікті қалыптастыру. Тілдік құзыреттілікке ие 
жеткіншек қоғам алдындағы мақсаттың жүзеге асырылуына атсалысады. Бұл 
ретте жаңа сөздердің тілдің лексикалық жүйесіндегі орны мен тілдің өмір 
сүруіндегі мəнін нақты айқын көрсете алғанда, оқушы үшін оқыту үдерісінің 
мақсаты нақты болады. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулардың нормалану мен 
қалыптануы бірнеше сатылардан өтетіндігі, нормалану мен қалыптануға тəн 
белгілер, осы үдерістегі кедергілер туралы білімді меңгеру, сондай-ақ қазіргі 
қазақ тіліндегі жаңа сөздердің пайда болу үрдістері, тілдік ерекшеліктері, 
қолданыстық сипаты туралы ақпараттарды беру жəне оқушының сөйлеу тілінде 
жаңа сөздер қолданысын тұрақтандыру жаңа сөздерді оқыту үдерісінің 
мақсатына апаратын шарттар мен міндеттер жүйесін құрайды. Бұл аталған 
мəселелер ұсынылған таңдау пəнінің білім мазмұнында қамтылған жəне 
тапсырмалар мен жаттығулар кешені, оқытудың жаңа технологияларға 
негізделген əдістері жеткіншектердің жаңа сөздерге қатысты тұрақты 
қызығушылықтарын туғызады.
Осы аталғандар жеткіншектің тұрақты уəждер жиытығын құрайды жəне 
жаңа сөздерді меңгертумен байланысты оқу уəждемесін нақтылауға мүмкіндік 


105 
береді. Себебі оқу уəждемесі жоғары сынып оқушысы үшін негізгі басым 
уəждемелердің бірі ретінде танылады.
Оқытуға байланысты уəждеме мəселесінің күрделі жəне көп аспектілі 
болуы оның мəнін, құрылымын, табиғатын түсіндірудің жəне зерттеудің 
əдістерінің көп болуымен байланысты. Жоғары мектеп жасында оқу 
уəждемесін дамытуда жеткіншектердің мынадай ерекшеліктері ескеріледі: 
өмірде өзін анықтау қажеттілігі жəне болашаққа жоспар құру, қоғам алдындағы 
жауапкершілік, парыз сияқты əлеуметтік уəждердің пайда болуы, өзін 
толыққанды тұлға сезіну, мамандық таңдаудағы өз мүмкіндіктерін көре білу, 
өзінің өмірлік ұстанымын айқындау, мақсат қоя білу, өзіне ғана емес, өзгелерге 
де қатысты шешім қабылдауға дайын болу, өзін-өзі қалыптастырудың барлық 
жолдарына деген жоғары қызығушылық, қызығушылықтардың тұрақтылығы, 
айналасындағылардың пікірінен шартты түрде тəуелсіз болу жəне т.б. Сондай-
ақ жеткіншектерде білім алу өмірлік маңызы бар іске айналып, алған білімінің 
маңызын айқындауға жəне оны өзінің өмірлік жоспарларында жүзеге асырудың 
тəсілдеріне қызығушылығы айтарлықтай арта түседі.
Оқу уəждемесі білім беру үдерісі нəтижесінің көрсеткіші ретінде 
қарастырылады. Оқу уəждемесін мынадай екі үлкен топқа бөлу кең таралған:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет