124
түсіндіріледі. В.С. Кузнецов жобалауды білім беру үдерісінің маңызды бөлшегі
ретінде
анықтай отырып, ол жаңа ұғымдар мен тұжырымарды жасау үшін
қызмет етеді дейді [181].
Жобалау – оқушылардың өз бетінше (немесе жұппен, топпен) белгілі бір
уақыт шегінде орындайтын əрекеті. Жобалау əдісі əрқашан
қандай да бір
мəселені шешуді көздейді. Мəселені шешу, біріншіден, оқытудың түрлі əдістері
мен құралдарының жиынтығын пайдалануды қарастырса,
екіншіден, білімді,
түрлі ғылым, техника, технология салаларындағы, шығармашылық салалардағы
білімді қолдану шеберлігін интеграциялаудың қажеттілігін бағамдайды.
Орындалған жоба нəтижелері «көзге түсерліктей» болуы тиіс,
яғни егер ол
теориялық мəселе болса, онда оның нақты шешімі, ал егер практикалық мəселе
болса, пайдалануға дайын болуы керек.
Жобалау əдісінің негізінде оқушылардың танымдық дағдыларын, өз
білімдерін өз
бетінше құрылымдау шеберлігін, ақпараттық кеңістікте
бағдарлана білуін, сыни жəне шығармашылық ойлауын дамыту жатыр.
Жобалау əдісі төмендегідей белгілерді қамтиды:
- мәселе (проблема) – жобамен жұмыс істеу кезінде шешілуі тиіс. Мəселе
жоба авторы үшін жеке мағыналы сипатқа ие болуы керек жəне оны шешімді
іздеуге уəждеуі тиіс;
Достарыңызбен бөлісу: