атаулардың
сипаты»
деп
аталатын
тақырып
бойынша
мектеп
оқулықтарындағы, соның ішінде жаратылыстану жəне қоғамдық пəндер циклі
бойынша оқулықтардағы жаңа сөздердің сипаты мен ерекшеліктері жəне олар
туралы оқушының танымындағы аялық білімнің мазмұн көлемі сияқты
мəселелер қарастырылады. Көпжақты пəнаралық байланыс жаңа сөздерді
меңгертуге бағытталған сабақтың мазмұнын тереңдетіп, оның танымдық
құндылығын арттырады, осымен байланысты оқушылар қоршаған ортадағы
өзгерістердің тілге тигізетін ықпалын көрсететін құбылыстар мен үдерістерді
тани алады. Оқушылар бірнеше пəн бойынша алған білімдерін жаңа танымдық
міндеттің, проблемалы сұрақтардың шешімін табу үшін пайдалана алады. Бұл
жадының, ойлау жəне ерік үдерістерінің белсенділігін айтарлықтай арттырып,
сабаққа жоғары қызығушылық танытуына ықпал етеді.
Демек жаңа сөздерді меңгертуде пəнаралық байланыс ұстанымын жүйелі
түрде басшылыққа алу оқушылардың ой-өрісін, ойының тереңдігін дамытып,
тіл жүйесіндегі жаңа құбылыстарды тез қабылдауға мүмкіндік береді жəне осы
бағыттағы білімін қолданбалы пəндерде пайдалану дағдысын дамытады.
Тілді оқытудағы дəстүрлі ұстанымдардың бірі – берілетін білімнің
ғылымилығы. Бұл ұстаным бойынша негізгі талаптар мыналар: оқушыда
теориялық білім жүйесі, сондай-ақ фактілер мен құбылыстардың,
заңдылықтардың дəлдігі жəне практикалық қорытындылар мен əрекеттердің
ғылыми дəлелдемелері болуы керек. Сондай-ақ оқыту үдерісіндегі бұл ұстаным
оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға, ғылыми ізденіс білік-
дағдысын қалыптастыруға, оқу еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың
тəсілдерімен танысуға бағытталады. Бұған проблемалық жағдаяттарды, соның
ішінде оқушыларды құбылыстарды бақылауға, тіркеуге жəне бақылау
нəтижелерін талдауға үйрететін, ғылыми пікірталас жүргізуге, өз көзқарасын
дəлелдеуге, ғылыми əдебиеттерді жəне ғылыми-библиографиялық аппаратты
тиімді пайдалануға баулитын жағдаяттарды кеңінен қолдануға мүмкіндік
береді. Мəселен, жобалау əдісінің аясында орындалатын тапсырмалар («Сӛздік
Достарыңызбен бөлісу: |