– бірегей ҧлт қҧндылығы. Тіл мен болмыс, тіл мен діл мәселелері» деп
аталатын кіріспе сабақ пəннің мақсаты мен міндеттері айқындауға жəне жаңа
сөздердің философиялық мəнін «тіл – құндылық» тұжырымы аясында
түсіндіруге бағытталады. Жаңа сөздер туралы білімнің сабақтастығын
қамтамасыз ету мақсатында «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сӛздердің
қалыптануы мен нормалануының заңнамалық негіздері» деп аталатын
бірінші тарауда норма жəне қалыптану үдерістері, Қазақстандағы тіл саясаты
мен тіл стратегиясы жəне қазақыландыру ұғымына қатысты мəселелер
қамтылады. Бұл ретте жаңа сөздер мен қоғамның, тілдік қауымдастықтың
талабы, олардың заңдастырылуы, Қазақстан Республикасындағы тілдердің
əлеуметтік, лингвистикалық қазіргі ахуалы жəне олардың жаңа сөз
құбылысымен байланысы талданады. Екінші тарауда «Қазіргі қазақ тіліндегі
жаңа сӛздердің қалыптануы мен нормалануының ғылыми негіздері»
бойынша неология жəне неография салаларының, жалпы жаңа сөздердің
əлемдік жəне қазақ тіл біліміндегі зерттелуінің жай-күйі, жаңа сөз мəселесінің
тіл мəдениетімен сабақтастығы қамтылады. «Жаңа сӛздерді қалыптандыру
мен нормаландырудың негізгі қайнар кӛздері» ретінде лексикографиялық
еңбектердің,
Мемлекеттік
терминологиялық
комиссияның,
БАҚ-тың,
ақпараттық технологиялардың, мектеп оқулықтарының қызметі сабақтастықта
қарастырылады. «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сӛздердің тілдік
ерекшеліктері» деп аталатын төртінші тарауда қазақ тілінің жаңа сөз
жасаудағы ішкі мүмкіндігі, сөзжасамдық ерекшелігі, жаңа сөздердің салалық
сипаты сияқты мəселелер қамтылады.Жаңа сөздерді меңгертуге бағытталған
таңдау пəніндегі білім мазмұнының осылайша жүйеленуі оқушылардың қазіргі
қазақ тіліндегі жаңа сөздер, олардың нормалануы мен қалыптануы туралы
білімді жүйелі негізде алуына жағдай жасайды.
Сонымен қатар сабақтастықты жүзеге асыру оқу жұмысын жоспарлауға
байланысты, айталық, жаңа сөздерді меңгертуге бағыттылған практикалық
тапсырмалар теориялық материал өтілгеннен кейін ғана, сол материал кешенді
түрде меңгерілген кезде беріледі жəне жаңа материалды өтуде алдыңғы
меңгерілген білімге сүйену қажет. Бұл ретте жаңа сөздердің философиялық
мəнінен оның заңнамалық негіздерін, бұдан ғылыми негіздерін, одан қайнар
көздерін, одан кейін тілдік ерекшеліктерін бір-бірімен сызықтық байланыста
қарастыру керек. Ал əрбір теориялық ақпараттан кейін, мəселен, жаңа сөздер
жасаудағы қазақ тілінің сөзжасамдық мүмкіндіктері, тəсілдері туралы ғылыми-
теориялық білім берілгеннен соң, сол білімді тілде бекіту мақсатында
жаттығулар мен тапсырмалар беріледі. Осымен байланысты білімнің
сабақтастығы, бірізділігі мен жүйелілігі қысқа уақытта үлкен нəтижелерге қол
жеткізуге жағдай жасайды. Бұл жаңа сөздерді меңгеру дағдыларының
қалыптасуына, логикалық ойлауының дамуына, өтіліп отырған нысан туралы
тұтас білімнің жəне дүниетанымның қалыптасуына жағдай жасайды.
120
Жоғарыда аталған жалпы оқыту үдерісіндегі негізгі дидактикалық
ұстанымдар жаңа сөздерді меңгертуде қолданылатын педагогикалық
технологиялардың негізгі арқауы болып саналады. Олар бір-бірімен тығыз
байланысты жəне тұтас білім жүйесін құрайды. Жаңа сөздерді меңгертуде
аталған ұстанымдардың жиынтығы оқытудың міндеттерін анықтауға,
оқытудың əдістерін, құралдары мен формаларын саралауға мүмкіндік береді.
Даму – кез келген адам əрекетінің бөлінбес бөлшегі. Адам тəжірибе
жинақтап, əрекет етудің тəсілі мен əдістерін жетілдіріп, өзінің ақыл-ой
мүмкіндіктерін кеңейте отырып үздіксіз дамиды. Бұл үдеріс адамның кез келген
қызметіне, соның ішінде педагогикалық қызметіне де тəн. Қоғамның түрлі даму
сатыларында жұмыс күшіне жаңа стандарттар мен жаңа талаптар қойылып
келеді. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін дамытудың қажеттілігін тудырды.
Білім жүйесін дамытудың бір құралы – оқытудың инновациялық
технологиялары, яғни бұл – педагогикалық қызметтің оңтайлы нəтижесіне қол
жеткізуді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара əрекет етуіне
негізделген жаңа əдістері мен тəсілдері [172, 5].
Кез келген педагогикалық жүйе белгілі бір технологияға сүйенеді.
Педагогика ғылымы мен практикасы қоғам дамуының талаптарына қарай жаңа
бағыттармен дамыған жағдайда білім берудің əдіснамалық құралдары мен əдіс-
тəсілдері бірте-бірте жаңғыртыла бастайды. Қазақстандық қоғамда білім беруге
қойылып отырған жауапкершілігі жоғары талаптарға сəйкес қазақ педагогикасы
ғылымында да түрлі жаңғыртулар жүзеге асырылуда жəне жаңа бағыттар қолға
алынуда. Осыған байланысты оқыту технологиясы, білім берудің жаңа
технологиялары сияқты түрлі вариациядағы ұғым-түсініктер ғылыми
əдебиеттерде, практикада кең қолданыс табуда. Аталғандардың құрылымдық
жəне құрылымдық компоненттері жан-жақты зерделенуде. Зерттеуші
К.Г. Селевко аталған ұғым бойынша ғалымдардың 10-нан астам анықтаманы
атап көрсеткен. Мысалы, а) жалпы технология ұғымы – қандай да бір істе,
шеберлікте, өнерде қолданылатын тəсілдердің жиынтығы дегенді білдіреді
(лексикографиялық еңбек бойынша); ə) педагогикалық технология – оқыту
формаларының, əдістерінің, тəсілдерінің арнайы жиынтығы мен топтамасын,
тəрбие құралдарын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулардың
жиынтығы; педагогикалық үдерістің ұйымдастыру-əдістемелік аспабы
(Б.Т. Лихачевтің пікірі); б) бұл – оқу үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық
техникасы (В.П. Беспальконың көзқарасы); в) бұл – оқытудың жоспарланған
нəтижесіне қол жеткізу үдерісінің сипаттамасы (И.П. Волковтың анықтамасы);
г) педагогикалық технология – оқушы мен мұғалім үшін жайлы жағдайды
сөзсіз қамтамасыз ететін оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру жəне өткізу
жөніндегі педагогикалық қызметтің егжей-тегжейлі ойластырылған моделі
(В.М. Монаховтың тұжырымы); ғ) педагогикалық технология – педагогикалық
мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық тұлғалық, аспаптық жəне
əдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы жəне қызмет ету тəртібі
(М.В. Клариннің түсіндірмесі); д) ал оқыту технологиясы – жағдайды өңдеудің,
өзгертумен байланысты өнер, шеберлік, білік, əдістер жиынтығы
121
(В.М. Шепельдің пікірі); ж) бұл – дидактикалық жүйенің құрамдас
процессуалды бөлігі (М. Чошанов) [173, 14-15]. Осы аталғандардың қатарында
білім берудің жаңа технологиялары (инновациялық технологиялар) термині
қазіргі кезде кеңінен қолданысқа енді.
Қазіргі инновациялық технологияларды белсенді енгізу: а) диалогтік өзара
əрекетті; ə) ынтымақтастықта жұмыс істеу қабілетін жоғары етуді; б) жұппен
жəне шағын топта белсенді жұмыс істеу қабілетінің жоғары болуын; в) алынған
ақпаратты сыни тұрғыдан ойлап, бағалауын; г) жəне өзінің ойын логикалық
тұрғыдан дəлелді түрде жеткізе білуін дамытады.
Жаңа
технологияны
меңгеру
–
оқытушының
интеллектуалды,
адамгершілікті, рухани сауаттылық жəне де басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына əсерін тигізуіне, өзін-өзі дамытып оқу-тəрбие үлгісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі [174].
Оқытудың инновациялық технологияларын белсенді қолдану жаңа
сөздерді оқыту мен меңгертуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан келесі
тараушаларда жаңа сөздерді меңгертудің лингводидактикалық негіздемесі
ретінде оқытудың белсенді əдістері мен ұсынылатын тапсырма түрлерін жаңа
сөздерге орайластыра қарастырамыз.
Жалпы орта білім беретін мектепте жаңа сөздерді меңгертуде
қолданылатын ең тиімді технология – интербелсенді əдістер жиынтығы. Мұның
басты əрі негізгі себебі – қазіргі білім берудің жаңа талаптарына сай білім беру
аз уақыт ішінде көлемді ақпаратты тиімді түрде ұсына алатын, сондай-ақ
ақпаратты жоғары дəрежеде игеріп, оны практикада қолдануды бекітуге
мүмкіндік беретін əдістерді немесе əдістер кешенін қолдануды талап етіп отыр.
Сондықтан да жаңа сөздерді меңгертуде мұғалім мен оқушы қызметін жан-
жақты қамтитын жаңа технология – интербелсенді əдістерді пайдаланудың
тиімділігі жоғары [175].
Интербелсенді оқыту қазіргі білім беру үдерісіндегі өзекті бағыттардың
бірі болып саналады. Интербелсенді оқытудың формалары жəне мазмұнымен
байланысты мəселелер Г. Абенова, А. Айтбаева, А. Əлімов, К.Ж. Бұзаубақова,
М. Жайлауова,
Ж. Жартынова,
Ж. Дəулетбекова,
С.Т. Мұхаметжанова,
Қ. Өстемірова, С. Таженова жəне т.б. сияқты отандық əдіскер ғалымдар мен
В. Болотов,
Н.И. Волков,
Д. Джонсон,
Р. Джонсон,
И.А. Зимняя,
Е.В. Коротаева, Н.А. Морева, В.В. Рубцов, Дж. Спиро, А.Ю. Уваров, Р.Л. Хон,
Г.А. Цукерман жəне т.б. шетел ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған.
Əдіскерлердің басым көпшілігі интербелсенді сабақты ұйымдастырудың
кезеңдеріне тəн реттілікке қатысты бірдей пікірді ұстанады, атап айтқанда,
бұлар – оқу материалдарындағы мəселелерді анықтау, топ шеңберінде
мəселенің шешімін іздеу, ұсынылған шешімдерді талқылау, анағұрлым
оңтайлы шешімді таңдау. Сондай-ақ мұндай сабақтардың жүйеленген бөлігі
ретінде қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беруде
пайдалануға мүмкіндік беретін диалогті де атауға болады.
Алайда интербелсенді оқытуға қатысты материалдарға жасалған талдау
нəтижесі оның кейбір маңызды сипаттары ұғымдық тұрғыдан да, əдістемелік
122
жағынан да жеткіліксіз зерттелгендігін көрсетіп отыр. Мəселен, «интербелсенді
оқытудың» анықтамасына келсек, оны пайдалану кең таралғанымен, бұл
құбылыстың түсіндірмесінде тұлғааралық өзара əрекетке құрылған оқытудың
маңызды сипаттарын көрсетуде айырмашылықтар бар.
Орыс ғалымы Н. Суворова «интербелсенділік» сөзінің этимологиясына
сүйене отырып, «интербелсенді оқыту – бұл ең алдымен диалогтік оқыту,
мұнда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара əрекет жүзеге асады», – дейді [176,
26]. Сондай-ақ интербелсенді оқыту – танымдық əрекетті ұйымдастырудың
арнайы формасы. Оның нақты жəне болжанған мақсаттары бар. Осындай
мақсаттардың бірі – оқыту үдерісінің өнімді болуына мүмкіндік беретін,
сондай-ақ оқушы өзінің жетістігін, зияткерлік əлеуетін сезінетіндей оқытудың
жайлы жағдайын жасау.
Əдістеме ғылымында белсенді сипатқа ие бола бастаған интербелсенділік
үдерісі «интербелсенді əдістер», «интербелсенді технология», «интербелсенді
оқыту əдістемесі» сияқты бірқатар терминдік атаулармен түсіндіріліп келеді.
Түптеп келгенде, бұл атаулардың барлығы да оқыту үдерісінде мұғалім мен
білім алушының, білім алушы мен білім алушының белсенді байланысына
бағытталған іс-əрекеттердің, амал-тəсілдердің жиынтығына келіп тіреледі.
Зерттеуде пайдаланылған негізгі терминдер – интербелсенді оқыту жəне
интербелсенді əдістер.
Интербелсенді оқыту үдерісінің мақсаты – білім алушыларды өз бетінше
білім алуға, ой қорытуға, проблеманың шешімін табуға жəне шешім қабылдауға
үйрету, сəйкесінше жаңа сөздерді меңгертуде интербелсенді оқыту əдістерін
пайдаланудағы мақсат – оқушылардың тілдегі лексикалық үдерістерге, жаңа
сөздердің пайда болуына əсер ететін түрлі факторларға, тілді тұтынушылардың
ықпалына, осы саладағы тіл саясатының атқаратын рөліне саналы түрде зерттеу
жасай отырып, проблемаларды саралауға, олардың шешімін табуға үйрету жəне
жаңа тілдік бірліктерді олардың менталды санасында орнықтыру, қолданысына
енгізу.
Əдіскер ғалым А. Əлімов интербелсенді əдіс арқылы оқытуда келесі
шарттарды қадағалау міндетті деп тану керек екендігін көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |