123
Интербелсенді əдістерді қолдана отырып оқытуда
жаңа сөздерге қатысты
теориялық жəне практикалық материалдарды іріктеудің жəне оларды
ұйымдастырудың негізгі межелері төмендегідей:
-
оқу материалдарының оқушының танымдық жəне
тұлғалық
қызығушылықтарымен тақырыптық сəйкес келуі;
-
оқушылардың жас ерекшелігін, құндылық-бағдарын жəне уəждемелік
саласын ескеру;
-
оқу материалының түпнұсқалылығы жəне оның жанрлық əртүрлілігі;
-
мəдени жəне
елтанымдық қанықтылығы;
-
пəнаралық шарттастығы.
Жаңа сөздерді меңгертуде интербелсенді əдістерді қолдану оқушының
жүйке жүйесінің жүктемесін азайтып, зейінді тек бір нəрсеге
аударуға, əрекет
түрлерін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мəселен, қазір тілді оқыту үдерісінде
кең қолданыс тапқан интербелсенді əдістің бір түрі – жобалау əдісі. Əдістеме
ғылымында жобалау əдісінің білім беру үдерісіндегі артықшылықтары мен
тиімділігі туралы негізгі тұжырымдар ғалым А. Сəтбекованың іргелі еңбегінде
баяндалған. Сонымен қатар Ш. Абдиева, С.К. Исмагулова, Н.В. Туркина
сияқты
отандық ғалымдардың еңбектерінде жəне Н.В. Матяш, Н.Ю. Похомова,
Е.С. Полат,
К.М. Кантор,
Дж.К. Джонс,
Л.Н. Азарова,
В.С. Кузнецов,
Т.А. Мацкевич, Л.Г. Лукоянова т.б. зерттеушілердің еңбектерінде зерделенеді.
Жоба термині латын тілінде «
алға лақтыру, алға тастау» мағынасындағы
«
projectio» сөзінен шыққан. Зерттеуші Е.С. Полат «жоба» ұғымын былайша
сипаттайды: «Жоба – жорамалды жəне
болжанған нысанның прототипі,
идеалды бейнесі, күйі, кейбір жағдайларда жоспар, қандай да бір əрекеттің
түпкі мəні» [178].
Қазақ ғалымы А. Сəтбекованың іргелі еңбегінде алғаш рет қазақ тілін (өзге
тілді дəрісханаларда) жобалай оқыту технологиясы
арқылы меңгертудің
ғылыми-əдістемелік негіздері айқындалды. Зерттеуші мемлекеттік тілді сапалы
меңгертуде жобалай оқыту технологиясының типтері мен түрлерін жіктеп,
оларды қолданудың ұстанымдарын ғылыми тұрғыдан негіздеді [179].
Əдіскер ғалым А. Сəтбекованың пайымдауынша,
жалпы қазақ тілін
жобалау технологиясын қолдана отырып оқыту негізінде мынадай
құзыреттіліктер қалыптасады:
Достарыңызбен бөлісу: