127
Мұндай тапсырма түрлері жаңа сөздің мағынасын түсіне отырып, оны
сөйлеуде дұрыс қолдану дағдысын қалыптастырады.
Лексика-семантикалық
жаттығулардың көмегімен тілдің лексика жүйесіндегі жаңа сөздер туралы
теориялық мəліметті меңгереді, түрлі практикалық білік-дағдыларды иеленеді,
атап айтқанда мəтіннен /
сөйлемнен жаңа сөзді тауып, оның мағынасын
анықтай алады жəне оның қолданыс аясын ажырата алады. Бұл ретте мəтіннен
жаңа сөздерді табуға арналған тапсырмалар оқушыны
сөзге назар аударуға
үйретіп, қарым-қатынастың мақсатына сай сөзді саналы түрде таңдауға
дағдыландырады, тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырып, оқушының
сөздік қорын байытады.
Лексикалық-грамматикалық
жаттығулар
грамматикалық
білімді
меңгертуге жəне
бекітуге бағытталады, сондай-ақ лексикалық міндеттерді де
шешеді, атап айтқанда: жаңа сөздер арқылы
оқушының сөздік қорын
толықтыру, сөзжасамдық тəсілдер арқылы тілдің жаңа сөз жасау мүмкіндігімен
танысады. Жаттығу үлгілері:
- Берілген
жаңа
сӛздердің
лексикалық
мағынасымен
қатар
грамматикалық мағынасын анықтаңыз:
Достарыңызбен бөлісу: