129
қарастыратын болсақ, айтушы мен қабылдаушы арасындағы екіжақты үдеріс
диалог немесе монолог түрінде (яғни ресми-іскери тілдің,
ауызекі сөйлеу
тілінің коммуникативтік кеңістігі), техникалық құралдар арқылы байланыс
түрінде (телефон немесе интернет), жазба нұсқаның коммуникативтік кеңістігі
(жазба мəтінде жүретін коммуникация) болуы мүмкін.
Бұл проблема біздің жұмысымызға тікелей қатысты болмағандықтан,
бірқатар көзқарастарды зерделеп, талдай келе «коммуникативтік кеңістік
дегеніміз – тілдік тұлға өзінің вербалды түрде айтайын деген ойын / пікірін
нақты бір социумда қалыптасқан қарым-қатынастың нормалары мен
қағидаларына сəйкес жеткізуі, яғни белгілі бір жағдаятта тілдік қарым-қатынас
жасаудың
қалай
орныққанын
білетін,
түсінетін
коммуникативтік
құзыреттілігінің деңгейі» деп анықтама беруге болады.
Осыған байланысты «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымына да
тоқталуға тура келеді.
Қазақ тілін оқытып-үйрету əдістемесінің теориясы мен практикасында,
көптеген лингводидактикалық материалдарда «коммуникативтік құзыреттілік»
деген терминдік тіркес жиі қолданылатыны белгілі. Аталған термин көбіне-көп
екінші тіл бойынша білім беру əдістемесінің
теориясы мен практикасында
(өзгетілді
дəрісханаларға
арналған
лингводидактикалық
базада)
пайдаланылады. Құзырет деген сөздің өз мағынасында нақты іс-əрекетті
атқаруға, орындауға жеткілікті дəрежеде дайын болуы деген түсінік бар. Ал
коммуникативтік құзыреттілік / құзырет ұғымы жайында да бір-біріне ұқсас
келетін анықтамалар жеткілікті, ұғымның толық мəнін ашып беретін мына
түсінікке тоқталамыз: «Коммуникативтік құзыреттілік – нақты əлеуметтік-
мəдени жағдаятта тілді пайдалану нормаларын білу; сөйлеуші қарым-
қатынастың нормалары мен қағидаларын білуі, қандай жағдайда, не туралы,
қашан жəне кіммен қалай қарым-қатынас
жасауды білуі қажет; сөйлеу
барысында төменгі жəне жоғарғы стильді дұрыс қолдана білу сөйлеушінің
коммуникативтік құзыреттілігін танытады» [15, 125]. Коммуникативтік
құзыреттілікті қалыптастыру тілді оқытудың əдіс-тəсілдерінің негізгі тірегіне
айналып отыр, басқаша айтқанда, əдістемелік амал-тəсілдер, əсіресе қазақ тілін
өзгетілді дəрісханаларда оқыту кезінде оқушының осы қабілетін дамыту мен
қалыптастыруға жұмылдырылады. Дегенмен бірқатар ғалымдардың мынадай да
пікірін кездестіреміз: «Меня тревожит преувеличение коммуникативной
функции языка и недооценка, даже пренебрежение его внутренними
функциями:
формирования мысли, внутренней речи, эмотивной, эстетической
функцией выражения чувств, когнитивной функцией, творческой ролью
языковых средств в понимании человека человеком» [193, 4]. Бұл
арада
ғалымның тілдің автоматты түрде жеткізілетін ақпараттық қызметінен гөрі
жеке тұлғаның ойсанасындағы терең қозғалыстар
рөлінің маңыздылығына
назар аудартып отырғандығын байқау қиын емес. Осындай тұжырымдардың
бастауларында
қазақ
тілтанымының
іргетасын
қалаған
Ахмет
Байтұрсынұлының сөзі тұр деп тану ақиқатқа сəйкес келеді. Ғалымның «Тілдің
міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше,
130
көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бəрін жұмсай білетін адамы
табылса, тіл шама қадарынша жарайды. Ойын ойлаған қалпында, қиялын
меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген түрінде тілмен айтып, басқаларға
айтпай білдіруге үлкен шеберлік керек» [194, 10], – деген сөзі қазіргі ғылыми
айналымға түскен «коммуникативтік құзыреттілік»
деген атаудың ұғымдық
аппаратына толық сəйкес келеді.
Басқаша айтқанда, əрбір жеке адамның қабылдаушыға қарата сөйлеген
сөзінде ақпаратты жеткізумен қатар оның өз сөзінің мағынасын жете түсініп, əр
сөзін салмақтап, аудиторияның əлеуметтік жəне этностық ерекшеліктеріне
қарай сөз жүйесін ұстануы қажет болып саналады. Коммуникативтік
құзыреттіліктің мəнін одан əрі тарата түссек, нақты бір жеке тұлғаны
«коммуникативтік жағынан құзыреті жоғары деңгейде» деп бағалау үшін
бірнеше межелерді талап ретінде атап өтуге болады; олардың негізгілері
мыналар:
-
тілдің лексикалық-грамматикалық құрылымын жетік білуі (бұл арада
жетік білу ұғымына айрықша назар аудартамыз, өйткені психолингвистика
бойынша жетік білу жəне еркін білу ұғымдары қай жағынан да тең ұғымдар
емес, олардың иерархиясы əр басқа);
Достарыңызбен бөлісу: