- Кепілдеме, мінездеме, мәлімдеме, түйіндеме, дәлелдеме сияқты сӛздердің ортақ мағынасы қандай? - Зейнет, зият, тапсырыс, айла, дәріс, мәжіліс сӛздеріндегі -кер қосымшасы қандай грамматикалық мағына үстеп тұр? - Берілген жаңа сӛздерді сӛз таптарына қарай топтаңыз: белдемше, бетбелгі, дереккӛз, жайластыру, жаңғырту, жұмылдыру, зайырлы, зияткерлік, кӛпбейінді, дәріқорап, демеуқаржы; - Берілген сӛздерге қажетті қосымшаларды жалғау арқылы қазақ тіліндегі жаңа сӛздерді табыңыз; осы сӛздерді пайдалана отырып сӛйлем құрастырыңыз. - Кӛп нүктенің орнына жақша ішіндегі жаңа сӛздердің қайсысы сәйкес келетінін табыңыз: Оқырман бұл сӛздікті сӛз мағынасын ашуда, сӛзтізбе құрастыру ісінде, ... (дәйексӛз, жарыссӛз, нақылсӛз) беруде пайдалануына болады. Осындай
сипаттағы
жаттығулар
оқушылардың
жаңа
сөздердің
грамматикалық нормасын сақтау дағдысының қалыптасуына мүмкіндік береді;
жаңа сөздердің лексикалық мағынасымен қатар грамматикалық мағынасын да
меңгереді; бұл жаттығуларды орындау кезінде оқушылардың тілдік ойлауы
дамиды; қазақ тіліне қатысты білімін жетілдіруге қызығушылығы оянады; жаңа
сөздердің мағынасын анықтаудың практикалық дағдысы дамып, олардың басқа
сөздермен мағыналық байланысын бекітеді; қарым-қатынастың мақсатына
сəйкес келетін жаңа сөзді өзіндік сөздік қорынан іріктеп, сөз тіркесімен немесе
сөйлемде жұмсауды қалыптастырады.
Бұл жаттығуларда қамтылатын тілдік материалдар да оқушының сөздік
қорын толықтыруды қамтамасыз етеді, себебі жаттығуларды орындау кезінде
жаңа сөздің семантикасымен танысады.
128
Лексикалық-стилистикалық жаттығулароқушылардың жаңа сөздерді
коммуникативтік қарым-қатынас мақсатына, коммуникативтік жағдаяттың
түрлері мен алғышарттарына сəйкес сөйлеуде дұрыс іріктеу жəне қолдану
дағдысын қалыптастырады. Жаңа сөздердің стильдік қызметін аша отырып,
оларды функционалды стиль түрлеріне қарай қолдануды, жаңа сөздерді
қолданыс аясына қарай саралауды, өз ойын жаңа сөздерді қатыстыра отырып,
нақты жəне айқын жеткізуді үйренеді. Мысалы:
- Квитанция, проездной билет, зонтик, веранда, аптечка, форточка, грелка, сувенир, сюрприз сӛздерінің қазақ тіліндегі баламаларын тауып, стильдік қызметін анықтаңыз;