131
особенностями порождаемых им текстов. Три выделенные мною в дефиниции
аспекта анализа текста сами по себе всегда существовали по
отдельности как
внутрилингвистические и вполне самостоятельные задачи» [195, 3-8].
Осы пікірден анықталатыны – тілдің құрылымына қатысты күрделі
тұстарды жетік меңгерген, ақиқат шындық бойынша ақпаратты беру / қабылдау
барысында өз ойын анық жеткізе алатын / қабылдай алатын, сөйлеу актісінің
нысаналы бағытына қарай тілдік құрылымдарды дұрыс пайдалана алатын
қабілеттер жиынтығы бар адам тілдік тұлға болып табылатындығы. Шын
мəнінде тілді өзінің коммуникативтік жəне іс-əрекеттерінің қажеттіліктеріне
қарай жетік қолдана алған адамды тілдік тұлға деп тануға болады.
Тілдік тұлға деп немесе лингвомəдени құзыреттілікке ие жеке тұлға деп
тану үшін коммуникативтік актіге түсетін адамның сөйлеген сөзінде вербалды-
семантикалық деңгей (сөз қорын жетік білу); лингвокогнитивті деңгей;
прагматикалық деңгей анық байқалуы тиіс, сонда ғана ол адамды «тілдік тұлға»
деп тануға болады. Осындай деңгейлерді танытқан кез келген адам тілдік тұлға
ретінде бағаланады. Бұл ретте вербалды-семантикалық деңгей, кең мағынада
алғанда жеке адамның лексикалық қорының
мол екендігін анықтайтынын,
лингвокогнитивті деңгей ұғымы арқылы жеке адамның тілді білу көлемінде,
сөйлеген сөзінде (ақпаратты берген кезде) ұлт тіліне тəн «əлем образын»
қаншалықты сезініп, дұрыс қолданатынын, ал прагматикалық деңгей арқылы
ақпаратты
беру
барысында
коммуникативтік
актінің
мақсатын,
қабылдаушының ерекшеліктерін, интенционалды (лат. intentio – адамның
ниетін көрсететін ұғым) уəждемелерді нақты меңгере отырып,
тілдік
құрылымдарды пайдалану сипаттарын танытатынын атап өтеміз.
Кез келген тілді оқытудағы басты мақсат оқушылардың тілдік жəне сөйлеу
құзыреттіліктерін дамыту, арттыру. Е.А. Быстреваның пайымдауынша, тілдік
құзыреттілік – біріншіден, тіл бірліктерін (фонема, графема, морфема, сөз
тіркесі, сөйлем, сөйлем мүшелері, лексикалық жəне грамматикалық тіл
бірліктері) жəне оларды құрудың ережелерін (түсіну жəне айтылымды
құрылымдау) меңгеру, екіншіден – тіл жүйесін білу. Сөйлеу құзыреттілігі –
өзгелерді түсіну үшін жəне қарым-қатынас мақсатының аясына бара-бар өзіндік
сөйлеу əрекетінің бағдарламасын жасау үшін қажет білім, шеберлік жəне
дағды.
Тілді
вербалды-семантикалық
деңгей,
лингвокогнитивті
деңгей,
прагматикалық деңгей көлемінде толық жəне осы талаптарды бірдей дəрежеде
меңгеру адамдардың барлығында да бірдей бола бермейді, бұған қол жеткізу
қиын болып саналады. Қазақ тілі бойынша тілдік тұлғаның қандай екендігін
саралағанда, бұл əсіресе қазіргі қазақстандық қоғамда айқын байқалады: тарихи
мерзім өлшемдерімен алып қарағанда бұдан аз ғана уақыт (ширек ғасыр бұрын)
қазақ тілінің коммуникативтік
функциясының шектеулі болуы, қоғамдық-
əлеуметтік, мəдени, күнделікті жəне еңбек қарым-қатынастарында орыс тілінің
ресми-іскери тіл ретінде бірінші рөл атқаруы, қазіргі жағдайда қазақстандық
қоғамда бірнеше тілдің қатар, тең дəрежеде дерлік өмір сүруі, демографиялық-
əлеуметтік көрсеткіштер жəне басқа да факторлар қоғам мүшелерінің қазақ
132
тілін əртүрлі деңгейде білуінің себептерін айқындайды. Қала мен ауылдық
жерлердегі қоғам мүшелерінің, сондай-ақ елеулі жас айырмашылықтары бар
адамдардың қазақ тілін білуі де теңбе-тең дəрежеде емес. Ю. Караулов «тілді
орташа білетін адам» деген терминді де қолданған. Осыған байланысты «жас
мөлшері лингвистикасы» (возрастная лингвистика) деген термин де аталуда
[195, 12]. Анығына келгенде, қазақстандық қоғам мүшелерінің қазақ тілін білу
дəрежесіне қатысты «тілді білудің əлеуметтік жəне жас мөлшері бойынша
типтері» деген ұғым арқылы нақтырақ талдауға болады.
Сондай-ақ жас
мөлшеріне қарай қазақ тілін жетік білетін адам үшін «тілдік тұлғаның элитарлы
типі»
деген терминді де ұсынамыз, осы атау арқылы ана тілін – қазақ тілін
жетік меңгерген адам тобын белгілеуге болады деген ойдамыз. Бұл аталғандар
– əлеуметтік лингвистика жəне психолингвистика салаларының нысанасы.
Психолог ғалымдар мектеп жасындағы, оның ішінде соңғы сыныптардағы
жастардың өмірге көзқарастарының қалыптасуына ерекше мəн береді,
еңбектерде «мектеп бітіру кезеңінде жастардың өзін-өзі анықтап алуы, өзінің
қандай дəрежеде дамығандығын болжауы, болашақ жоспарын анықтауы
байқалады.
Мамандық таңдау міндеті болады, ал бұл білімін сарапқа салумен
қатар «Адам-Əлем» арасындағы күрделі қарым-қатынастардың арасына қарай
өтуінің маңыздылығын сезіндіреді. Өзін-өзі бағалауы, алда да білім алуға,
ойсанасын дамытуға қызығушылық басталады» [196, 14], – деген пікірлер
айтылады. Бұл пікір мектеп оқушысын тілдік тұлға ретінде қалыптастырудың
өзектілігін көрсетеді.
Қазіргі жалпы орта білім беру жүйесінде оқушыны тілдік тұлға жəне
лингвомəдени құзыреттілікке ие тұлға ретінде қалыптастыруда тілдің, оның
ішінде лексикалық тілдік бірліктердің адам феноменін танытатын төрт
қасиетінің – тіл, мəдениет, қоғам жəне ұлттық құндылық (немесе ұлттық рух)
арасындағы тығыз байланыстың сипаттамасын танып-білу қажет болады.
Осыған байланысты В. фон Гумбольдттің қағидаға айналған пікірін келтіреміз.
Ол былай деп көрсеткен болатын: «Язык насыщен
переживаниями прежних
поколений и хранит их живое дыхание, а поколения эти через звуки
материнского языка, которые и для нас становятся выражением наших чувств,
связаны с нами национальными и родственными узами» [71, 82]. Зерттеушінің
осы жəне «тіл дегеніміз – халықтың рухы, халықтың рухы мен оның
ерекшелігінің құпиясын тануда тіл ғана айрықша қызмет атқара алады» деген
пікірі кейін тілдің кумулятивті жəне когнитивті қызметі туралы тұжырымдарды
орнықтыруға негіз болды. Осы бағыттағы зерттеуші ғалымдардың
көзқарастарындағы негізгі түйінді мəселелер əрбір ұлт тілінің сол ұлттың
өлшемімен жасалғандығы, тілдің осы өлшемге қарай ұйымдастырылатындығы,
демек, «əлем образы» дегеннің өзі тілдің лексикалық қорының сан алуан
сипатымен жəне құрылымдық ерекшеліктері
арқылы танылатындығы
дəлелденген.
Осымен
байланысты
оқушының
лингвомəдени
құзыреттілігін
қалыптастыруда жаңа сөздерді меңгертудің маңызы ерекше.
133
Қазақ мектептеріне арналған биология пəні бойынша оқулықтар мен оқу
құралдарына жүргізілген статистикалық мəлімет арқылы осы пəнге қатысты
170-тен астам жаңа сөз (қазақшаланған термин) пайдаланылғаны анықталды.
Оқушылар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы олардың сабақ
барысынан тыс уақытта қолдануы бəсең деңгейде екендігін көрсетті. Демек,
Достарыңызбен бөлісу: