134
Жалпы алғанда, Қазақстан жерінде қазақ тілін қазақ тілді аудиторияларда
да, өзге тілді дəрісханаларда да оқытудың стандарттары, бірүлгі
бағдарламалары түзілген жəне қазақ тілін меңгерту бағытындағы үздіксіз білім
берудің моделі жасалған. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, үштұғырлы тіл
саясаты жағдайында қазақ тілінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мүддесінде
қазақ тілін оқытудың технологиясы, əдістемесі жағынан ұдайы жетілдіріп
отыру қажет. Бұл арада бірнеше маңызды факторлар айқындалады. Біріншіден,
қоғам мүшелерінің қазақ тілі бойынша толық, жеткілікті білім алып, қазақ тілін
белгілі бір коммуникативтік жағдаятта қолдана алатындай коммуникативтік
құзыреттілігі қалыптасуы қажет. Коммуникативтік
құзыреттілігі жеткілікті
адам ресми-іскери, əлеуметтік-тұрмыстық жағдаяттарға белсенді қатыса алатын
тілдік тұлға дəрежесіне көтеріле бастайды. Психолингвистикалық тұрғыдан
қарағанда белгілі бір коммуникативтік актіде қазақ тілі арқылы қарым-
қатынасқа түскен жəне осы қарым-қатынас арқылы қанағаттану сезімі пайда
болған адамның лингвомəдени құзыреттілікке көтерілуге деген құлшынысы
мен ынтасы пайда болады. Бұл ретте қазақ тілінің қазақ ұлтының ұлттық
философиясымен, этностық ерекшеліктерімен байланысын зерделеу жəне «тіл –
құндылық» тұжырымының аясында тілді меңгерту маңызды. Тілді үйретуде
жəне меңгертуде тілдің əрбір бірлігін (əсіресе лексикалық бірлігін) формалды
құрылым ретінде қарастыру мүлде жеткіліксіз, тілдің əрбір сөзі, əрбір бөлшегі –
ұлт пен мəдениет тұтастығынан туындаған күрделі құбылыс. Тілді меңгертуде
əрбір тілдік құрылымның (оның ішінде сөздің) халықты қоршаған табиғи
болмыспен, табиғаттық-ғарыштық кеңістікпен
байланысын ұдайы назарда
ұстау қажет. Бұл əсіресе қазіргі кезеңде сөздік құрамның елеулі бөлігіне
айналып отырған жаңа сөздерді меңгертуде барынша маңызды. Өйткені
əлеуметтік лингвистикалық көрсеткіштерге қарағанда, Қазақстан қоғамындағы
субъектілердің жас ерекшеліктеріне байланысты жаңа сөздерді қабылдауы,
мойындауы əртүрлі деңгейде. Орта жəне аға буын өкілдеріне көптеген жаңа
сөздер таныс емес болса, керісінше жас буын өкілдеріне (орта жəне жоғары оқу
орындарында білім алушылар) қазақ тіліндегі жаңа сөздер біршама танымал.
Өйткені білім берудің дидактикалық базасында жəне өз бетінше білім
жетілдіруге, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететін салаларда – масс-медиа
құралдарында, ғаламтор мен теледидарда қазақыландырылған жаңа сөздер жиі
кездеседі. Осы арналарға көбірек мойын бұратын қазақ тілді жас ұрпақ өкілдері
жаңа сөздерді шартты таңба ретінде ғана емес,
сонымен қатар ұлттық
болмыстың бір белгісі ретінде қабылдауы керек. Өйткені əрбір жеке тұлғада
құндылық бағдарлары болуы керек, ал олардың қалыптасуының негізгі кезеңі
жеткіншек шақ. Дəл осы кезеңде ақиқат болмыс туралы когнитивтік санада
орныққан өзіндік түсінік болған жағдайда жеке адамның болашақ бейнесі
қалыптасады. Сондықтан жаңа сөздерді меңгертуде ұлттық философияның
ерекшеліктерін, тіл мен ұлттық болмыс арасындағы байланысты назарға ұстай
отырып, білім беру қажеттігі туындайды. Бұл тілдің адамзат дамуындағы ең
бағалы рухани құндылық екенін мойындата түседі.
Егер жеке адам өзінің ана
тілін жəне сұранысы үшін қажетті екінші тілді рухани құндылық деп
135
мойындаса, оның коммуникативтік құзыреттілігі мен лингвомəдени
құзыреттілігі теңбе-тең дəрежедегі сипатқа ие болады. Тілдік сана жəне тілді
сезіну; тілдік саналылық жəне лингвистикалық түйсіктің орнығуы сияқты
мəселелер психолингвистикада өзекті мəселе болып отыр. Бұл ретте тілді оқыту
үдерісінде білім алушылардың жас ерекшілігі мен психологиялық сипаттарын
ескеру аса маңызды. Қалай болғанда да қай тілдің болмасын өміршеңдігін
сақтап қалу үшін қоғамның тілді пайдаланушы əрбір мүшесі тілдің барлық
ұлттық, мəдени, лингвистикалық капитал ретіндегі ерекшеліктерін сезіне
отырып, өзінің когнициясында орнықтыру қажет.
Жаңа сөздерді оқытуда
мəселеге осылайша қарау жəне қазақ тілін меңгеруді осындай дəрежеге көтеру
тіл саясатының жүзеге асырылуына үлес қосады.
Қазақ тілін оқытуға арналған мектеп оқулықтарында жаңа сөздерді оқытуға
біршама көңіл бөлінген, оны меңгертудің əдістемелік бағыттары біршама
жасалған. Бұл ретте қазақ тілін оқытудың əдіснамасы мен əдістемесі бойынша
іргелі еңбектер жасаған профессор Н. Оралбаева мен профессор Ф. Оразбаева
жəне олардың мектебі өкілдерінің еңбектерінде баяндалған теориялық жəне
практикалық тұжырымдар маңызды. Қазақ əдістемеші ғалымдары көрсеткен
оқытудың дəстүрлі жəне арнайы ұстанымдарының жаңа сөздерді меңгертуде де
өзіндік рөлі мен қызметі айрықша. Оқытудың ұстанымдары білім мазмұны мен
құрылымының мақсатына сай оңтайлы нəтижеге қол жеткізуге жағдай
жасайды. Бұл мəселе оқытудың жаңаша əдіс-тəсілдеріне келіп тіреледі.
Оқытудың инновациялық технологиялары, жаңа əдіс-тəсілдердің озық үлгілері
тапсырмалар мен жаттығулар кешенінің дұрыс ұйымдастырылуын талап етеді.
Сондай-ақ жаңа сөздерді меңгертуді арнайы пəннің көлемінде ғана қалдыру
жеткіліксіз. Лексикалық инновацияны меңгертуді басқа да пəндермен жүйелі,
кешенді түрде жүзеге асырғанда ғана тілге саналылығы жоғары, тілді
түйсінетін жəне тілдің сұраныс қажеттілігін сезінетін тілдік тұлға қалыптасады.
Демек қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздерді
жалпы орта білім беру
жүйесінде оқыту мəселесінің əдіснамалық негіздері «тіл – құндылық»
тұжырымының
аясынан
өрбиді
жəне
психологиялық-педагогикалық
алғышарттарды қамтиды. Бұл аталғандар бейіндік мектепте жаңа сөздерді
меңгертудің өзектілігін айқындай отырып, тиімді əдіс-тəсілдерді, тапсырмалар
мен жаттығулар кешенін ұсынуға түрткі болды жəне оның тиімділігі арнайы
эксперимент жүзінде дəлелденді.