Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет12/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Зерттеудің дереккӛздері: Тілдік фактілерді жинақтау жəне жүйелеуге 
төмендегі дереккөздер негіз болды: 
Қазақстандағы тіл саясаты мен тіл стратегиясына бағытталған заңнамалық 
құжаттар мəтіндері (1991-2016 жж.); Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Ред. 
А. Ысқақов, 1-10 Т. (1974-1986); Қазақ əдеби тілінің сөздігі. Құраст. 
Т. Жанұзақов, С. Омарбеков, Ə. Жүнісбек, 1-15 Т. (2006); Қазақ тілінің 
орфографиялық сөздігі / Жауапты редакторы Р. Сыздықова (2008); Қазақша-
орысша сөздік / Ред. Р. Сыздық, К. Хұсайын (2001); Қазақ лексикасындағы 
жаңа қолданыстар. Жауапты редакторы Р. Сыздықова (1990); Жаңа атаулар / 
Жауапты редакторы Р. Сыздықова (1992); Бекітілген терминдер жинағы / 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық 
комиссия мəжілістерінде бекітілген терминдер жинағы / Жалпы ред. басқарған 
Ш. Құрманбайұлы (2012); Қазақша-орысша орысша-қазақша терминологиялық 
сөздік / Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік 
терминологиялық комиссиясы бекіткен, 12, 14, 23, 24, 25, 26, 27, 29, 30 Т. (2000; 
2014); Бекітілген терминдер сөздігі (2009); 
www.sozdik.kz
 
онлайн қазақша-
орысша орысша-қазақша сөздік; Новые слова и значения / Под ред. 
Н.З. Котеловой (1971-1976); Словарь перестройки / Под ред. Н.З. Котелевой 


15 
(2000); Жаратылыстану, биология, география салалары бойынша екітілді 
терминологиялық сөздіктер (1991; 1992; 1993); Қоғамдық-саяси лексика сөздігі 
(2004); 5-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулықтары; 5-9-сыныптарға 
арналған Жаратылыстану, Биология, География оқулықтары; «Ана тілі», 
«Егемен Қазақстан», «Қазақ əдебиеті», «Айқын» мерзімді басылымдары (2010-
2016). Дереккөздерден 2000-нан астам жаңа сөз жəне олардың вариант 
қатарлары жинақталды. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегідей:  

қоғам дамуының нақты бір кезеңінде (1991-2016 жж.) қазақ əдеби 
тілінде пайда болған жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануы үдерістеріне 
жаңа сөздердің коммуникативті тілдік кеңістікте таралуына қарай бірінші рет 
кешенді талдау жүргізілді;

жаңа сөздердің кодификациясы туралы түсінікті Қазақстандағы тіл 
саясатының тұжырымдамалары жəне тілдің дамуына саналы түрде араласуды 
жүзеге асырудың практикасы контексінде талдауға алғаш рет ұмтылыстар 
жасалды. Жаңа сөздердің кодификациясы үдерістердің кезеңдері жəне олардың 
нəтижелері екендігі нақтыланды; 

қазақ тілінің өміршеңдігін күшейтудегі айрықша маңыздылығын, 
ғылыми танымның, ғылым мен техниканың, əлеуметтік-мəдени реалийлердің 
атауларын берудегі қазақ тілінің жан-жақты мүмкіндігін дəлелдеу, жалпы орта 
білім беру жүйесіндегі оқушылардың беделді бейнесін қалыптастыруға қол 
жеткізу мақсаттарында коммуникативтік тілдік кеңістікте жаңа сөздердің 
қолданысын 
кеңейтудің 
лингвистикалық, 
ұлттық 
философиялық, 
психологиялық, педагогикалық негіздемелері ұсынылды;

əралуан лингвистикалық, педагогикалық, əлеуметтік-мəдени əдістерді 
игере отырып, қазақыландырылған атаулардың əлеуметтік-коммуникативтік 
маңыздылығын пəрменді түрде жəне ұдайы түрде түсіндіріп отыру қоғам 
мүшелерінің, оның ішінде оқушылардың елдегі тіл саясатының басым 
бағыттарына деген саналы көзқарастарының одан əрі қарай қалыптасуына 
ықпал ететіндігі туралы қорытындылар жасалды;

бейіндік мектептерде қазақ тілін оқытудың əдіснамасын жетілдіру мен 
стандарттау бойынша талаптарға сəйкес жəне қазақ тілінің функционалды жəне 
кəсіби қарым-қатынастың тіліне толыққанды айналуы мақсаттарында 
жаңартылған лингводидактикалық база (оқу бағдарламасы), дағдыландыру 
тапсырмалары мен жаттығулардың жүйесі, меңгертудің басқа да əдістері 
əзірленді; жаңа сөздерді меңгерту бойынша пилотты жүйе əзірленіп, оқу 
үдерісінде мақұлданымнан өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет