14
аппараты жасалды, жаңа сөздердің қазақ лингвистикасының əртүрлі
парадигмаларындағы қарым-қатысы, ұлттық дүниетаным,
ұлттық психология
жəне ұлттық философиямен байланысы, ЖОББЖ-ға арналған оқу стандарттары
мен дидактикалық базадағы жаңа сөздердің орналасу өлшемі сияқты мəселелер
негізделді. Төл тілдің əлеуеті арқылы пайда болған жаңа сөздерді əралуан
дереккөздерден жаппай іріктеу жұмысы жүзеге асырылды. Бейіндік мектептегі
оқушыларға (10-сынып) жаңа сөздерді меңгертудің əдіснамалық жəне
əдістемелік бағыттарын айқындау мақсатында эксперименттің анықтау кезеңі
жүргізіліп, «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер: қалыптану жəне норма» атты
таңдау пəнінің оқу бағдарламасының жəне əдістемелік жүйесінің
жобалары
жасалды.
Екінші кезеңде (негізгі кезең, 2014-2015 жж.) жаңа сөздерді меңгертудің
психолингвистикалық
алғышарттары зерделеніп, педагогикалық негіздерін
айқындау мақсатында оқытудың жаңа əдіс-тəсілдері, лингвомəдени
құзыреттілікті
қалыптастыру, оқытудың дидактикалық ұстанымдары сияқты
мəселелер жүйеленді. Жалпы орта білім беретін
мектептердегі оқу кестесіне
сəйкес эксперименттің қалыптастыру кезеңі жүзеге асырылды. Бейіндік
мектептің 10-сыныбына арналған «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер:
қалыптану жəне норма» атты таңдау пəні ұсынылды.
Ҥшінші кезеңде (қорыту кезеңі, 2015-2016 жж.)
эксперименттің
қорытынды кезеңі бойынша алынған нəтижелер сандық-сапалық тұрғыдан
өңделді; «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер: қалыптану жəне норма» атты
таңдау пəні мазмұнының жоғары сынып оқушыларын тілдік тұлға ретінде жəне
олардың лингвомəдени, коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудағы
рөлі негізделді. Зерттеудің
қорытындылары жасалып, диссертациялық
жұмыстарға қойылатын талаптарға сəйкес əзірлеу жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: