Алдашева камар сагингалиевна


Зерттеудің жетекші идеясы



Pdf көрінісі
бет10/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Зерттеудің жетекші идеясы: Соңғы ширек ғасыр көлемінде пайда болған 
жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалану үдерістерін ғылыми-практикалық 
тұрғыдан жүйелеу жəне қорыту Қазақстандағы тіл саясатының басым 
бағыттарының бірі – тілдің лексикалық қорын жетілдіруге, жаңа тілдік 
бірліктерді бірізділендіру мен қалыптандыруға, қазақ тілінің ұлттық корпусын 
табысты түрде қалыптастыруға нақты үлес қосады, сондай-ақ оқушылардың 
жаңа сөздерді меңгеруінің əдіснамалық негіздерін айқындау жəне бейіндік 
мектептер үшін əдістемелік жүйені əзірлеу қазақ тілін оқытудың əдіснамасын 
жетілдіру мен стандарттауға, қазақ тілінің қажеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Ілгері шығарылған міндеттерді шешудің қажеттілігі зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық базасын төмендегідей іріктеуге негіз болды: 
- қазақ тілінің өміршеңдігін күшейту (А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, 
Х. Досмұхамедұлы, М. Əуезов, Ж. Күдерин, М. Жұмабаев, К. Кемеңгерұлы, 
Ғ. Мүсірепов, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, 
Ə. Қайдар, Ө. Айтбайұлы, Э. Сүлейменова); 


13 
- қоғам дамуының нақты бір кезеңінде қазақ əдеби тіліндегі динамикалық 
үдерістердің жəне оның нормаларының қалыптасуындағы жаңа сөздердің рөлі 
(Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, А. Ысқақов, Ш. Бəйтікова, Е. Жанпейісов, С. Исаев, 
Ө. Айтбайұлы, Н. Уəлиев, А. Алдашева, О. Бүркітов, Ш. Мəжітаева, 
Б. Момынова, Қ. Есенова, А. Фазылжанова, Қ. Қадырқұлов, Ж. Сағындықова); 
- қазақ терминологиясының қалыптасуы жəне қазіргі қазақ терминжасамы 
мен терминографиясының өзекті мəселелері, аударматану мəселелері 
(Ə. Қайдар, 
Ө. Айтбайұлы, 
Р. Сыздық, 
Ш. Сарыбаев, 
Б. Қалиев, 
Ш. Құрманбайұлы, А. Алдашева, Е. Əбдірəсілов, А. Қазкенова, А. Төрениязова, 
С. Ақаев); 
- қазақ 
сөзжасамының теориялық проблемалары жəне сөзжасам 
модельдерінің 
активтенуі 
(Н. Оралбаева, 
Қ. Құрманалиев, 
Б. Қасым, 
Ж. Балтабаева, О. Жұбаева, А. Салқынбай); 
- көптілді қоғам жағдайындағы қазақ тілінің бəсекеге қабілеттілігін 
арттыру жəне оның əлеуметтік лингвистикалық сипаттамасы (Э. Сүлейменова, 
Н. Шəймерденова, Ж. Смағұлова, Б. Хасанов, Ө. Айтбайұлы, Ф. Оразбаева, 
Д. Ақанова); 
- қазақ тілінің лексикологиялық жəне лексикографиялық мəселелері 
(Р. Барлыбаев, 
Н. Уəлиев, 
М. Малбақов, 
Ж. Манкеева, 
Ғ. Хасанов, 
Қ. Күдеринова); 
- қазақ тілін оқытудың əдіснамалық жəне əдістемелік мəселелері 
(Н. Оралбаева, С. Рахметова, Ф. Оразбаева, Р. Шаханова, Т.Аяпова, З. Күзекова, 
З. Бейсембаева, Қ.Қадашева, Ж. Дəулетбекова, А. Жапбаров, Ш. Ерғожина, 
А. Сəтбекова, Р. Рахметова, Л.В. Екшембеева, К. Жақсылықова, А. Əлімов, 
Э. Оразалинова, Ə. Ағманова, Ж. Күзембекова жəне т.б.).
Жаңа сөз / неологизм категориясын айқындау жөніндегі теориялық 
пікірлерді қарастыру жəне салыстыру, жаңа сөздердің пайда болуының өзіндік 
ерекшеліктерін айқындау, сондай-ақ бейіндік мектептерде жаңа сөздер 
бойынша білім берудің əдістемесі мен əдіснамасын қарастыру мақсаттарында 
шетелдік лингвистикадағы жəне түркологиядағы белгілі ғалымдардың іргелі 
еңбектері зерделенді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет