Алдашева камар сагингалиевна


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА СӚЗДЕРДІ МЕҢГЕРТУДІҢ



Pdf көрінісі
бет69/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

3 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА СӚЗДЕРДІ МЕҢГЕРТУДІҢ 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҤЙЕСІ 
 
3.1 «Қазақ тілі» оқулықтары мен оқу бағдарламаларындағы жаңа 
сӛздердің қамтылуы 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартында жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Тіл жəне əдебиет» білім 
саласы бойынша білім берудің нəтижесінде оқушылар «жеткілікті сөздік 
қорының, 
терминологиясының, 
грамматикасының 
жəне 
мəтіндік 
стилистикасының болуы, оларды сөздік қатынастың негізгі саласында 
пайдалана білуі тиіс» [197] деп көрсетілген. Бұл орайда оқушылардың 
коммуникативтік сапасын жоғары деңгейге жеткізудегі жаңа сөздерді 
меңгертудің маңызы ерекше екендігін атап өту керек. Жаңа сөздерді 
меңгертумен байланысты зерттеу проблемасын анықтау мақсатында 5-11- 
сыныптар бойынша «Қазақ тілі» оқулықтары мен типтік оқу бағдарламаларына 
талдау жасау қажеттілігі туындады.
Оқу бағдарламалары – əрбір сыныпта оқушылар меңгеруге тиісті пəндерді 
оқытудың мазмұны мен көлемін, білім мен дағды шеңберін анықтайтын 
мемлекеттік 
құжат. 
Бағдарламалар 
оқытудың 
білімдік, 
тəрбиелік, 
дамытушылық, танымдық, практикалық жəне т.б. негізгі мақсаттарын 
анықтайды. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған жəне 
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 10-
11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пəнінінің типтік оқу бағдарламасы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 
Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген [198]. 
Бағдарламада тұтас оқыту үдерісінің бағытын анықтап беретін қазақ тілін 
оқытудың əр сынып бойынша мақсаты мен міндеттері көрсетілген, бұл мақсат-
міндеттер оқушылардың тілдік жəне сөйлеу құзыреттіліктерін дамытуды жəне 
олардың қазақ тіліндегі коммуникативтік əрекет дағдыларын меңгеруін 
қамтамасыз етеді. Осымен байланысты ұлттық мектептерде оқушыларға 
мемлекеттік тілді, ұлтаралық келісім тілін – қазақ тілін практикалық тұрғыдан 
меңгерту тілді коммуникацияның мақсаты мен шарттарына, сөйлеу əдебіне 
сəйкес пайдалану дағдысын қалыптастыруы тиіс. «Қазақ тілі» пəні бойынша 
типтік оқу бағдарламаларында əрбір сыныптағы оқу материалдары нақты 
бөлімдерге бөлінген, мəтін мен тілдің стильдік нормалары негізінде тіл 
бірліктерінің мағынасы мен қызметін барынша толық ашуға бағытталған жəне 
тілдің құрылымдық жүйесіне тəн заңдылықтар басшылыққа алынған.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-
сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пəнінің типтік оқу бағдарламасы «негізгі 
орта мектеп оқушысына тілді қатынас жəне таным құралы ретінде оқытуды, 
сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мəтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік 
бірліктердің табиғатына сай мəтін құратуды, мəтін құраудағы заңдылықтарды 


137 
үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша жəне жазбаша сөйлеудің нормаларын 
меңгертуді, əсерлі сөйлеудің лексикалық-грамматикалық тəсілдерін игертуді 
көздейді» [198]. Сонымен қатар 5-9-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пəнін 
оқытудың белгіленген міндеттерінің қатарында жаңа сөздерді меңгертумен 
байланысты мыналар маңызды деп танылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет