репетиция, декорация, компонент, альпенизм, альпенист жəне т.б.) [199, 86-
92]. «Жер серіктерінің қызметі» деген тақырыппен берілген 204-жаттығу
141
бойынша төл сөздерден жасалған терминдік атауларды теріп, олардың
мағынасын анықтау керек. Бұл ретте мəтінде кездесетін жаңа сөздер: ғаламшар,
Жер серік, ғарыш, кентас [199, 90] . Келтірілген сөздердің аздығына
қарамастан, бұл жаттығулар оқушылардың төл тілдің мүмкіндігі арқылы
жасалған жаңа сөздер туралы түсінігін қалыптастыруға жол ашады. Осымен
қатар «Сөзжасам» тақырыбында «жаңа сөз тудырудың бірнеше тəсілі бар:
жұрнақ арқылы, екі сөзді біріктіру арқылы, екі сөзді қосарлау арқылы, екі сөзді
тіркестіру арқылы жасалады» деп көрсетіліп, жаттығулардың мазмұнында жер
серігі, ғарыш, ғарышкер, ӛнертапқыш, жады картасы, қатырма қағаз, қалта
телефоны сияқты жаңа сөздер қамтылған. 367-жаттығу -хана қосымшасы
арқылы жасалатын сөздерді табуға арналған [199, 178]. Бұл жаттығуды
орындау арқылы оқушының сөздің мағынасын анықтау, сөз құрау дағдысы
қалыптасып, сөздік қоры толығады жəне ең бастысы тілдегі осы қосымша
арқылы жасалған жаңа сөздерге мəн береді. Қорыта келгенде, 5-сыныпқа
арналған «Қазақ тілі» оқулығында жаңа сөздерге қатысты алғашқы базалық
білім тілдің адамзат өміріндегі маңызымен, тіл жүйесіндегі үздіксіз
өзгерістермен, сөздік құрам, тілдің байлығы мəселесімен, кəсіби лексикамен,
терминдермен байланыста жəне арнайы жаңа сөз тақырыбында қамтылады.
Атап өтерлік жайт, ұсынылған жаңа сөздердің тілдегі өзектілігі мен қолданыс
жиілігі, олардың көлемі ескерілмеген жəне жаңа сөз ретінде келтірілген
фактілердің кейбірі 1988 жылы жарық көрген орфографиялық сөздіктің тілдік
лұғатымен салыстырғанда, олар қазіргі қазақ тіліндегі неологизм қатарына
енбейді.
- 6-сыныпқа
арналған «Қазақ тілі» оқулығы (авт.: С. Исаев,
Ж. Дəулетбекова) осы пəннің типтік оқу бағдарламасында көрсілген
нəтижелерге қол жеткізуге толықтай əлеуетті деп бағаланады. 6-сыныпқа
арналған «Қазақ тілі» оқулығының білім мазмұны «Сөзжасам» жəне
«Морфология» салалары бойынша ұйымдастырылған [200]. Тұтастай алғанда 6-
сыныпқа арналған бұл оқулық жаңа инновациялық технологияларға негізделген
тапсырмалар мен жаттығулар кешені арқылы ерекше екендігін атап өту керек.
Оқулықтағы түрлі көрнекілік материалдар, интербелсенді əдіс-тəсіл түрлеріне
негізделген тапсырмалар оқушының сабаққа ғана емес, өз ана тілі туралы
білімін кеңейтуге деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін
тудырады. Кіріспе сабақтан бастап «тіл – құндылық» ретінде танытылады.
«Əдеби тіл жəне мəтін» деп аталатын бірінші тарауда қазақ тілінің əдеби тіл
ретіндегі қызметі, рөлі, мəртебесі анықталып, ұлт тілінің қай салада болмасын
бəсекеге қабілетті екендігіне назар аударылады. «Əдеби тіл қандай тіл?» деген
мəселеде жасалған жаңа сөздердің дұрыс қолданысы қалыптасқан нормасы бар
тілдің маңызды белгісі ретінде көрсетілген. «Əдеби тіл мен мəтіннің
байланысы» деп аталатын тақырып көлемінде жаңа сөздерге байланысты
тапсырмалар мен жаттығуларда арнайы ұсынылмаса да, тіл жүйесін
ұғындыруда үнемі қазақ тілінің төл сөздері, неологизмдер аталып отырады.
Алайда тілдік фактілер ретінде жаңа сөздердің қамтылу деңгейі бəсең екендігін
байқауға болады.
142
- Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған «Қазақ тілі»
оқулығы (авт.: С. Исаев, Г. Қосымова) білім берудің тиісті стандарттары мен
типтік
оқу
бағдарламаларында
белгіленген
талаптарды
толық
қанағаттандырады. Оқулықтағы «Қазақ тілі – қазақ халқының əдеби тілі жəне
мемлекеттік тіл» (2 сағат) деп аталатын кіріспе сабақ оқушылардың алдыңғы
сыныптардағы ұлт тілінің қызметі мен маңызы туралы білімін одан əрі
кеңейтуге мүмкіндік береді. Осы тақырып аясында «норма – қалыптасқан
бірізділік» [201, 4] ретінде түсіндіріліп, «қазақ тілінің барлық əдебиет пен
мəдениеттің, ғылым мен білімнің, оқу мен өнердің, баспасөз бен саясаттағы
түрлі ісқағаздарының тілі бола алу мүмкіндігі, қазақ тілінің жұмсалу аясының
кеңдігі, қоғамдық қызметінің шарықтап өскендігі» [201, 4-5] айтылады.
Осындай
сипаттағы
тақырыптар
–
оқушылардың
лингвистикалық
дүниетанымның берік іргетасын қалыптастырудың маңызды тетігі. «Əдеби
тілдің лексикалық нормалары» тақырыбының шеңберінде оқушыларға «жалпы
халыққа бірдей түсінікті, жиі қолданылатын сөздердің əдеби тіл нормасына
жататындығы; əдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер; дублет
сөздер мен варианттардың мəні» нақты тілдік фактілер арқылы дəлелденеді.
Алайда лексикалық норма мен жаңа сөздердің байланысы, тілдегі
жарыспалылық құбылысының жаңа сөздердегі көрінісі сияқты маңызды
мəселелер ескерілмей қалған, сəйкесінше, бекіту жаттығуларының мазмұнында
да жаңа тілдік бірліктер қамтылмаған. Оқулықтың кейінгі бөлімдеріндегі сөз
таптарына қатысты білім мазмұны мен жаттығуларда жаңа сөздерге қатысты
сөз қозғалмайды. Бұл ретте оқулықтың дидактикалық базасын құрайтын
жаттығулар мен тапсырмалар кешені алдыңғы сыныптарда кездесетін
мəтіндермен ұқсас келеді.
- 8-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының (авт.: С. Аманжолов,
А. Аманжолов, Г. Қосымова) жалпы білім мазмұны тілдің синтаксистік
қабатындағы заңдылықтарды үйретуге бағытталған. Оқулықтағы тұтас білім
мазмұны заңнамалық құжаттарда белгіленген міндеттер мен талаптарға жауап
береді. Кіріспе ретінде өтілетін сабақ тақырыбы «Қазақ тілі – ұлттық мəдени,
рухани асыл мұра» деп аталады. Тақырып аясында «қазақ тілінің дамыған,
жетілген, бай, икемді тілдердің бірі» [202, 3] екендігі баса айтылып, ана тілінде
түрлі ғылым салаларына байланысты жаңа сөздер мен терминдер пайда
болғанын түйіндейді. Бұл оқушылардың өз ана тіліне деген құрметін,
сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін арттырады. 1-жаттығу бойынша
берілген төртінші тапсырмада əдеби тіл ұғымы мен мемлекеттік тіл
ұғымдарының арақатынасын оқушылардың өз бетінше белгілеуі төменгі
сыныптарда əдеби тіл туралы алған білімдерін бекіту, саралау, мемлекеттік тіл
мəртебесінің дəрежесін анықтау сияқты білік-дағдының қалыптасуын
қамтамасыз етеді. Осы тақырып аясында 2-жаттығуда «Түркінің қырық жаны»
деп аталатын мəтін ұсынылған. Мəтін аясында жаңа сөздерге қатысты мынадай
мəлімет бар: «...Түркиядағы тіл саясаты 1923 жылғы революциядан кейін ғана
жолға қойылды. Мұның басы түрік тілін араб, парсы тілдерінен кірген
сөздерден тазарту, олардың орнына орхон, ұйғыр жазбаларынан алынған көне
143
түрік сөздерін енгізуден, тіпті кей жағдайларда түбірі қолдан жасалған түрік
сөздерімен алмастырудан басталған» [202, 8]. Осы жолдарда баяндалған
жағдайдың қазақстандық қоғаммен ұқсас тұстарын анықтай отырып, оқушылар
қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау мəселесінің өзектілігіне назар аударады
жəне тілдің төл байлығын, ұзақ мерзімде қалыптасқан тілдің бай сөздік қорын
пайдаланудың маңыздылығын түсінеді. Тіл мəдениеті тақырыбы үшін 8 сағат
қарастырылған. Осы бөлім бойынша ұсынылған 163-жаттығуда М. Балақаевтың
еңбегінен алынған «Сөз қолданудың негізгі принциптері» мəтінінен үзінді
берілген. Мəтінде баяндалатын негізгі мəселелер оқушыларды сөзді дұрыс
қолдану дағдыларын қалыптастыруға ынталандырады. «Сөз мəдениетіне жетік
болу үшін, қазақ тілінің сөз байлығын жақсы білу керек. Сөзді көп білген
кісінің айтқаны да тартымды болмақ. Қазіргі қазақ тілінің сөз байлығы ұшан-
теңіз, əдетте білімді, мəдениетті, тіл өнеріне əуестігі күшті кісілердің сөз
байлығы да мол болады. Адамның білімі, мəдениеті артқан сайын, оның сөзді
игеру мүмкіншілігі арта түседі...» [202, 117]. Мəтіндегі бұл жолдарда жаңа сөзді
білу деген мəселе арнайы қозғалмағанымен, оқушылардың сөзді білудің, оны
дұрыс қолданудың, жалпы сөз мəдениетіндегі сөздік қордың маңыздылығын
ұғындырады. Жалпы тілдік тұлғаның қалыптасуында 8-сыныптағы пəн
бойынша ұсынылатын білім мазмұны маңызды болып саналады, яғни
оқушылардың ауызша жəне жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың
негізгі бағыттары қамтылған.
- Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақ тілі»
оқулығы (авт.: Р. Əмір, М. Атабаева) «мемлекеттік тіл, оның қызметі мен
қолданылатын орындары, ұлттық тіл белгілері мен тармақтары, қазақтың
ұлттық тілінің шығу негізі, олардың қалыптасу кезеңдері туралы шағын
ғылыми-теориялық түсініктен басталады. Бұдан кейінгі əңгіме ұлттық тілдің
байлығы – сөздің сыр-сипатын тану, орнымен қолдану, оны басқаға əрлі де
сəнді түрінде жеткізу, яғни əдеби тілдің стильдері туралы болады» [203, 3-4].
Оқулық білім алушылардың рухани жетілген тұлға ретінде өз ана тіліне деген
құрметін, жауапкершілігін, ұлт тілін жоғары деңгейде меңгеруге деген
ұмытылысын арттыруды қамтамасыз етеді. «Қазақ тілінің қоғамдық мəні» – 1
сағат; «Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі» – 2 сағат. Кіріспе сабақтар
бойынша ұсынылған жаттығуларда мұражай, ұстаным сияқты бірді-екілі жаңа
сөздерден басқасы кездеспегенімен, жаңа сөздің тіл жүйесіндегі маңызын
тұтастықта түсіну үшін жалпы мазмұндағы маңызды ақпараттар қамтылған. 8-
сыныпқа арналған оқулықта тіл саясатының озық үлгісі ретінде Түркия
мемлекеті мысалға алынса, бұл ретте де ұлтжандылықтың «таңғажайып
көрінісі», «ұлтжандылық пен өркениет табысқан ел» ретінде осы мемлекетті
көрсетеді [203, 22-23]. Тілдің функционалдық стильдері бойынша ресми
ісқағаздар стилінің аясында осы стильге тəн ереже, нұсқау, хаттама,
Достарыңызбен бөлісу: |