Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырманы орында.
Хан баласына көп қазына беріп, өзіне дос жинауын өтінеді. Баласы сапарға шығып келген соң әкесіне:
100 дос тауып келдім,- депті.
Қырық жыл хан болған менің өзімнің бір жарым ғана досым бар. Сен қалай бір жолғы сапардан 100 дос таптың, - дейді хан.
Ханның баласы бұл сөздің мағынасын түсінбей әкесіне қарап қалыпты. Сонда хан бір жарым досының тарихын айтады.
Ханның бірі бай , бірі кедей тұратын екі досы болған екен. Бірде хан сол екі досын сынамақ болыпты. Ол өтірік ауырып, достарына: мен үшін жаныңды қисаң, мен тірі қаламын,-депті. Сонда бай тұратын досы.
Менің жанымды емес, малымды ал, балаларым көп еді, - депті. Хан кедей досын шақыртып, оған да соны айтыпты.
Мен жанымды қидым,-депті сонда кедей досы.
Неге?-деп сұрапты таңданған хан.
–Егер менің жаным халықтың ханын сақтап қалуға жараса, маған одан артықтың керегі не, - депті кедей досы.
Содан бері хан кедейді бүтін, ал байды жарты досым деп есептейді екен.
Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?
Мәтіннің әр кейіпкеріне мінездеме бер.
|