Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Әдебиеттік оқу 3-сынып


Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру



бет39/56
Дата03.01.2022
өлшемі0.91 Mb.
#450164
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
faae59c0-6797-4c09-975e-dc03507d5c33

Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

Оқу мақсаты




3.2.8.1 Эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Оқиға барысында болған өзгерістерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.


Жұмаш пен Құрмаш жазда жайлауға барды. Құрмаш атасына көмектесiп, қозы бақты. Ал Жұмаш кешке дейiн асық ойнап, тайға мiнiп мәз болды. Оған күн тез батып кететiн сияқты болып көрінді. «Жайлаудағы күннiң қысқасы-ай!» – деп налыды ол. Құрмаш болса кешке дейiн мал соңында жүрiп, күндi батыра алмайды. Бiрде Жұмаш ойыны қанбай қайтты да, Құрмашқа:

  • Жайлау жақсы екен, тек күнi қысқа, ойын енді қызып келе жатқанда батып кетедi, – дедi. Құрмаш:

  • Жоқ, күн қысқа емес, ойындарың қызық шығар, – десе де болмады. Екеуi жат та кеп таласты. Ақыры Құрмаш:

  • Онда ертең менiң орныма бiр күн қозы бақ, – дедi.

Жұмаш келiстi. Ертеңiне ертемен қолына таяқ ұстап, қозыларды өрiске шығарды. Қозылар төскейде мамырлай жайылып жатты. Ауыл жаққа көз тастап едi, балалар ойнап жүр екен. «Мен де барып ойнасам» деп асықты. Бiрақ күн асықпады. Бір орнында тұрды да қойды. Көзiн жұмып бiраз отырып, күн жылжымады ма екен деп қайта ашса да болмады. Тiптi бiр орнынан қозғалмай тұрғандай көрiндi. «Бұл қалай, күнде мұндай емес едi ғой, – деп таңданды Жұмаш.

  • Қой, мынау бүгiн бататын күн емес», – деп, шыдамсызданып, түс болмай қозыны қораға айдап келдi. Келген бетте Құрмашқа:

  • Жайлаудың күнi әртүрлі болады екен. Кейбiр күндерi қысқа, кей күнi ұзақ. Әсiресе бүгiн ең ұзақ күн болды, – деп, қозыны тастап, жүгіре жөнелдi.



  • Сұрақтарға жауап бер.

    • Мәтіндегі оқиғада қандай өзгеріс болды?

    • Оқиғаның басында Жұмаш үшін күннің қысқа болу себебі неде деп ойлайсың?

    • Оқиғаның соңында Жұмашқа күн неліктен ұзақ болып көрінді?

    • Жұмаштың сөзімен келісесің бе?

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіндегі оқиғада болған өзгерістерді атайды;

  • кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін түсіндіреді;

  • кейіпкердің ойына қатысты пікір білдіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет