Алкалоидтар µсімдік организмінде т‰зілетін, жоѓары биологиялыќ, к‰рделі табиѓи органикалыќ азот ќ±рамды ќосылыстар


ҚҰРАМЫНДА САПОНИНДЕРІ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР



бет23/52
Дата07.09.2022
өлшемі6.72 Mb.
#460403
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Фармакогнозия лекциялар

ҚҰРАМЫНДА САПОНИНДЕРІ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР
Стероидты сапониндер табиғи күрделі гликозидтердің катарына жататын органикалық қосылыстар болып саналады. Шнайдер 1811 жылы дәрілік сабыншөптен стероидты затты бөліп алган. 1819 жылы Мэлон осы қосылысқа сапонин деген терминді үсынған болатын, себебі олардың сулы түнбасын шайқағанда жақсы көпіреді. Латынша s аро көбіну, сабыну деген сөз. Сапониндердің көбісі эритритроциттердің ыдырау процесіне тікелей қатынасы бар. Сапониндер суық каңдылар жануарларға (бақа, қүрбақа, қүрт) өте улы заттар болып келеді.
Сапониндердің молекуласы көмірсулардың қалдығынан және агликонан (қантсыз бөлігі) тұрады. Олардың агликондары сапогенин деп аталады. Қышқыл
гидролиз арқылы олар моносахаридтерге және сапонинге бөлінеді.
Стероидты гликозидтердің екі типті түрі болады: спиростан және фуростан. Спиростанол қатарына жататын гликозидтердің (монодесмозидтер) стероидты молекуласының алты циклді сақиналары бар.
Табиғатта спиростан бос күйінде кездеспейді, бірак оның гидроксилданган туындылары өсімдіктерде ұшырасады.
Фурастонол гликозидтердің (бисдесмозидтер) құрамындағы сақинасы ашық болады, оның шет тізбегіне глюкоза молекуласы енеді.

Фурастонол гликизиді


Стероидты гликозидтердің азотты аналогтары-спиросолан туындылары да белгілі, олардың молекуласы 27 көміртек атомынан тұрады. Сілтілік қасиетіне байланысты олар гликоалкалоидтардың қатарына жатады.
Сонымен бірге стероидты сапогениндер бес циклді сақинасы гидросил тобы С-26 және сапогенин Е сақинасы ашық стероидты сапогениндер де белгілі.
Қазіргі кезде 35 стероидты сапогениндер, 150 гликозидтер табылган. Гликозидтерде қант компоненттері көбінесе 3 көміртекатомында, ал фуростонол қосылыстарда 26 көміртекте орналасады.
Стероидты сапониндер 100 ден астам өсімдіктерде анықталған. Олар әртүрлі өсімдік тұқымдастарында, көбінесе лалагүлдер (Jiliaceal), дискореялар (Discoreaceal) бұршақтар (Fabaceal), алқалар (Solanaceal), сарғалдақтар (Ranunculaceal) т.б. тұқымдастарда ұшырасады. 150 стероидты гликозидтердің ішінде 100-ден астамы спиростанол, 40-қа жуық-фурастанол сапониндер кездеседі.
Бойында сапониндері бар өсімдіктердің шипалы қасиеті сапогенин мөлшеріне байланысты белгіленді.
Медицинада стероидты сапониндердің цитостатикалық, фунгистатикалық, қан қысымын төмендететін, жүрек қызметіне әсер ететін қасиеттері пайдаланылады. Осыған орай олар қандағы холестериннің мөлшерін азайту, атеросклероз ауруын емдеу үшін, сондай - ақ стероидты гормондары синтездеу үшін де қолданады. Ал стероидты сапонин дигитонин реактив есебінде /ол кейбір стероиндермен тұнба түзеді/ пайдаланады.
Сапалық реакциялар. Сальковский реакциясы. Стероидтың хлороформдағы ерітіндісіне күкірт қышқылын қосқанда қызыл түс пайда болады.

  1. Либерман-Бурхардтың реакциясы. Стероидтың сірке қышқылы, сірке
    ангидридінің қоспасымен күкір қышқылың құйса қызыл-жасыл түс түзіледі.

  2. Стероидты қосылыстары бензолдағы ерітіндісіне сірке және күкірт
    қышқылдарын қосса жасыл немесе көк түс пайда болады.

  3. Розенхейм реакциясы. Сапониңдердің спиртті ерітіндісіне үш
    хлорсірке қышқылын қосқанда сия түс көк түске өзгереді, өтетін стероидтар
    комплексті қосылыстары түзеді.

  4. Стероидты сапониндер холестериннің спиртті ерітіндісімен ақ түңба
    түзеді.

Сапонидер гемолитикалық активті заттар. Олардың әсерінен ритрицидтердің мембранасы бұзылады да, клетканың ішіндегі сөлі эмоглобинмен қоса клетка аралығындағы плазмаға құйылады. Бұны ритроциттердің гемолизі деп атайды. Сапониндердің эритроциттердің мембранасын бұзу қасиетті бұрыннан белгілі болған, оны дәрілердің және өсіндішикізаттың активті қасиетін, күшін білу үшін пайдаланады.
Сапонидердің сан-сапасын анықтау үшін өлшеу және физико-химиялық әдістермен жүргізіледі /гравитометрия, фотометрия, флюориметрия және газ сұйықтық хроматография т.б./


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет