Алтынды жанаргүл Сарғалдақтар тұқымдасы.
Adonis chrysocyatus Hook. Ranunculaceal.
Сипаттама. Жанаргүл туысына жататын, биіктігі 10-40 см-ге жететін, көп жылдық шөптектес өсімдік. Жеміс берген кезінде өсімдіктің биіктігі 50-60 см-ге дейін жетеді. Сабағының диаметрі 2,3 -5,5 мм. Сабағының жоғарғы жағы қырлы, жапырақтары ұзын, 2-5жапырақшалары бар. Сабағының ортасында жапырақтар жоқ, тек жоғарғы бетінде жапырақтары санаулы, отырмалы, домаланып келген. Түп жағы үшкір, жиегі түзу. Гүлдері жалғыздан, ірі, диаметрі 4-8 см. Тұқымы 4-7 мм, жалаңаш тұмсығы бар, бұралып келген, тұқымының салмағы. 10,5 г. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі шілде-тамыз айында піседі.
Таралуы. Өсімдік Қазақстан мен Өзбекстанда кеңтаралған. Негізгі таралу аудандары: Іле, Күнгей Алатаулары.
Дайындалуы. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін, (Herba Adonidis) теріп алады. Шикізатты гүлдегеннен кейін жинайды. Себеттерге салып, көлеңке жерде немесе желдетілген бөлмеде кептіреді. Кептіргіштерде де 60° С температурада кептіруге болады.
Соңымен қатар, флавоноидтар: ориентин, изоориентин, илік заттар, алкалоидтар, сапониндер, С витамині, органикалық қышқылдар кездеседі.
Қолданылуы. Жылтыр жанаргүлдің шөбінен жасалған дәрі-дәрмектер негізінен қан айналу қызметінін жетіспеушілерінде, орталық жүйке системасын тыныштандыру үшін, невроз ауруларын емдеу үшін қолданады. Жанаргүлдің шөбі М.Н. Здренко микстурасының құрамына енеді.
Дәрі-дәрмектер. Тұнба, кұрғак экстракт, Адонис-бром, Адонизид, Кардиовален.
Сақталу мерзімі 6 ай немесе 1 жыл.
Түркістан жанаргүл Сарғалдақтар тұқымдасы
Adonis turkestanium Adolf Ranunculaceal
Сипаттама. Жанаргүл туысына жататын, биіктігі 10-20 см-ге жететін, тамыр сабағы бар, көп жылдық шөптектес өсімдік. Сабағы екі реттармақталған кейде жәй тармақты. Сабақтын төменгі бөлігінде қоңыр қабыршақтар бар, ортаңғы жапырақтары отырмалы бес бұрышты саусақ сияқты саланып тұрады. Өркендері көгілдір түсті қалың түкті. Гүлдері жеке-дара жалаңаш өркен ұштарында орналасқан, ірі, гүл тостағаншалары 5, олар кейде күлгін немесе қоңыр түрге бөленіп тұрады, гүл күлтешелері 15-20 ашық-сары ұзынша, ұшы аздап үшкірлеу. Жемістері күрделі бірнеше не бір тұқымды жаңғақтан тұрады, гүл табанына бекітілген. Жаңғақтары кері жұмыртқа тәріздес, ұсақ, терең әлімді, жемістері піскенде сұр-сарғыш-жасыл түске боялады. Наурыз-мамырда гүлдейді, жемісі маусымда піседі.
Таралуы. Таулы аймақтарда Ходжа-Гур-Гур-Ата тауларында, Такоб, Майхура, Лючаб, Қаратал өзеңдерінің жағалауларында көптеп кездеседі.
Дайындалуы. Дәрілік мақсатта шөбін (Herba Adonidis) жинайды. Жер беті бөлігін өсімдік гүлдеген кезінен бастап пышақпен кесіп алады. Жиналған шикізатты тез арада кептіргіштерде 50-60° С темпөратурада не көлеңкелі жерде кептіріп алады. Кептіруді кешіктірген жағдайда гликозидтер ыдырап кетуі мүмкін.
Химиялық құрамы. Шикізаттың құрамында карденолидтер, скополетин, умбеллиферон, флавоноидтар-витексин, ориентин, адоновернин, сапониндер, каротин бар.
Қолданылуы. Медицинада бұл өсімдіктен алынған дәрілерді созылмалы қан айналымының нашарлауынан пайда болатын ауруларды емдеуде және де орталық нерв жүйесін тыныштандыратын қасиетіне қарай қолданылады.
Дәрі-дәрмектер. Тұнба, экстракт, табл. Адонис-бром, адонизид, кордиозид. Бехтерева микстурасының құрамына енеді.
Сақталу мерзімі 1 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |