Алкалоидтар µсімдік организмінде т‰зілетін, жоѓары биологиялыќ, к‰рделі табиѓи органикалыќ азот ќ±рамды ќосылыстар



бет25/52
Дата07.09.2022
өлшемі6.72 Mb.
#460403
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
Фармакогнозия лекциялар

ҚҰРАМЫҢДА ҮШТЕРПЕНІ САПОНИНДЕРІ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ШИКІЗАТТАР
Панакс гинсенг, женьшень аралия тұқымдасы
Panay dinseng С.А. Меу Araliaceal


Сипаттама. Панакс туысына жататын, биіктігі 80 см-ге дейін жететін көп жылдық шөптектес өсімдік. Тамырлары ақ не сарғыш болып келеді. Олар кіндік тамыр қатарына жатады. Бас тамырдаң бірнеше жанама тамырлар шығады. Олардың құрылысына зер салып қарайтын болсақ расында да адам бейнесіне ұқсайды.
Соңдықтан женшенді «Адам тамыр» деп атауы осыдан қалған болуы керек. Сабағы тік біткен, жіңішке цилиндр пішінді, жасыл не қоңыр-қызыл түсті, жалаңаш, іші қуыс болады. Жапырақтары ұзын сағақты, күрделі 5 салалы, ұзындығы 40 см-ге жуық, сабағының ұшыңда розетка сияқты орналасқан. Толык, дамыған өсімдіктерде жапырақ розеткесінен биіктігі 25 см-ге жуық сабағы өседі. Оның ұшында бір жай шатырша шоғыры болады. Гүлдері ұсақ, диаметрі 2 мм шамасыңда, реңсіз, ақ жасылдау, қос жынысты, хош иісті болады. Мәуесі қыпқызыл сүйек, ішіңде 1-2 сүйекшелері бар, олар ақ, қатты келеді. Тұқымы ақ, қызғылт, ұрықтың қоры мол болады. Маусым -шілде айларында гүлдейді. Жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.
Таралуы. Қиыр Шығыста, Кореяда, Солтүстік Қытайда, Канадада, Американың кейбір штаттарында өседі. Женшеннің табиғи қорының азарына байланысты өсімдік ретіңде қолдан өсіріледі.
Дайындалауы. Дәріге өсімдіктің жер астыңдағы өнімдерін (Radicis Ginseng) тұқымы толық піскен кезінде жинап алады. Панакс гинсенг тамырын қазғанда оның өскен жерінен бір метрдей алыс жерден бастап қазады. Оны қазу үшін ағаштан немесе сүйектен жасалған қүрекшелер пайдаланады. Темір заттармен женшенді қазуға ешқашанда рұқсат етілмейді, өйткені темір женшенге өте үлкен өсер етеді, шипалық қасиетін төмендетіп жібереді. Женшеннің тамырларын ресуа етпей сол иік езінің қалпында сақтау оның шипалық қасиетін арттырудың бірден-бір кепілі. Қазылып алынған женшен тамырларын ақырын ғана тал шыбықтарынан тоқылған ши әр түрлі маталармен қапталған, түбіне аздап қана мүк төселген себеттерге салады.
Панакс гинсенг тамырлары тамыз айынан бастап жиналады. Тұқымдарын сол жерге топыраққа көміп кетіп отырады, көмілгені туралы белгі жасайды. Ол үшін ағаштардың діңін кертеді немесе қазық қағады, әйтеуір бір шартты белгі қояды.
Химиялық құрам. Тамырының құрамында үштерпенді сапониндер, оның ішінде панаксозид А, В, С, Д, Е, Г бар. Олардың агликондары панакстриол, панаксуиол, дамаран туындылары қатарына жатады.



Сонымен бірге, шикізаттың бойында эфир майы (0,05-0,25 %), В1 В2, С витаминдері, пектинді заттар (16 - 23 %), крахмал (3 %), сахароза (3 %), панакс, пальмитин, стеарин, линол қышқылдары, микро-макро-элементтер кездеседі.
Қолданылуы. Адам денсаулығын және ой жұмысын жақсартуға көмегі зор. Өсімдіктен жасалған дәрілер адамның жалпы жұмыс қабілетін артыратын, нерв және жүрек қан тамырлары ауруларын, бас сақинасын тоқтататын, ой жұмысын жақсартатын, ауруға төзімділігін арттыратын, шаршағандықты басатып дәрі есебінде пайдаланады. Дәрі-дәрмектер. Спирт тұндырмасы, сұйық экстракт, тамырының ұңтағы, биоженшеннің спирт тұңбасы.
Сақталу мерзімі 5 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет