Тотығу-тотықсыздану реакциясы. Асқын сутек антрон мен антронолдарды антрохинондарға дейін тотықтырады. Реакция бәйберекет жүреді. Тотықсыздану үшін қышқылды ортада үш валентті қалайы немесе қатысында антрохинондар антрондарға дейін тотықсыздандыруға болады.
Сандық анықтау әдістері. 1. Гравиметриялық әдіс.Шикізаттың белгілі салмағы алынып оны күкірт қышқылымен қыздырады ( гидролиз). Агликонды бензолмен немесе эфирмен бөліп алады. Ерітіндіні буландырады және қалдықты өлшейді.
2.Колориметриялық әдіс.Бұл әдістің негізіне Бортрегер реакциясы жатады. Гидролизді күкірт қышқылымен, органикалық еріткішпен агликонды бөліп алады. Кейін ол сілтімен интенсивті түс береді. Реннің тығыздығы мен антрахинондардың құрамын сандық анықтайды. Бұл әдістің көпшілігі: антратуындылары әр түрлі /көк, қызыл/ түстер беруі мүмкін.
Спектрофотометриялық әдіс.Бұл әдістің негізіне шикізат ерітіндісінің УК /220-400нм/ диапазоны шегінде оптикалық тығыздығын анықтауға арналған. Мұнда негізінен спиртті ерітінді алынып, максималды жұтылуы анықталады.
Қоспаны әрі бос күйіндегі антратуыстарын суық жағдайда бензол мен эфир арқылы сығынды күйінде немесе Борнтрегер реакциясы бойынша ФЭК-те оптикалық тығыздығын анықтайды. Бұл үшін шикізаттың салмағын тұз қышқылымен гидролиздеп, агликонды бензол немесе эфирмен бөліп алып және антрацентуындыларын қосып колбиметриялық әдіспен анықтайды. Осылардың айырмасы агликон мен гликозидтерге тең болады. Антрогликозидтердің тотыққан және тотықсызданған күйлерін әдеттегі әдістермен өткізеді. Содан соң, шикізаттың салмағын сутектің асқынған тотығымен анықтайды, ал одан кейін тотықсызданған күйін анықтайды. 1- ші және 3-ші анықтаулардың айырмасы бойынша тотықсызданған күйін анықтайды.
Антрахиноннан тұратын шикізаттарды қолдану жолы. Іш жүргізетін дәрі ретінде агликон мен гликозидтер қолданылады. Олар ішектің жоғары қабатын тітіркендіреді. Бұл дегеніміз тоқ ішектің бөлігін жиырады. Антрацентуындылары усыз, организмге зияны жоқ заттар, организмде жиналып қалмайды.
2.Кейбір антрацентуындылары (хризофан қышқылы) тері ауруларына қарсы қолданылады.
3.Антрагликозидтер нервке (неврология) әсер ету және де бүйректегі тасты еріту қасиетіне ие.
4.Диантрондардың (шәйқурай құрамындағы) антибиотикалық қасиеті бар. /бактерияларға қарсы новоманин жабдығы қолданылады.
5.Рейін болса қатерлі ісік ауруларына қолданылады. Құрамында антрахиноны бар шикізатты дайындағанда өсімдіктердің өсіп өну кезенің пайдаланады. Қабықтарды көктемде жинайды. Жемісті жетілген, піскен кезде, шөпті гүлдене кезінде, тамыры мен тамыр сабақшаларын күзде немесе көктемде жинайды. Шикізатты 50-700 С температурада кептіреді. Шикізатты жәшікте сақтайды аммиак буынан, тұз, күкірт қышқылдарынан және басқа да дәрі-дәрмектерден алыс жерлерде сақтайды.