Алматы 014 Әок 658. 516 (076)



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата07.12.2023
өлшемі424.85 Kb.
#485856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1 - ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС 
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 
Заңы мен сертификаттау саласы бойынша нормативтік құжаттарды зерделеу.
Оқудың мақсаты: студенттерге сертификаттау бойынша құқықтық және 
нормативтік негіздерді үйрету.
Әдістемелік 
нұсқаулар: 
тапсырмалар 
аудиторияда 
орындалады, 
оқытушы бастапқы материал ретінде сертификаттау саласы бойынша ҚР 
Занының, ҚР стандарттарының көшірмесін таратады, негізгі ұғымдар, ережелер 
мен терминдер талқыланады.
Оқудың мазмұны: «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңымен, 
мемлекеттік сертификация жүйесінің нормативтік базасымен танысу.  
Қазақстанда сертификация жүйесінің дамуы мен жақсаруына жақсы 
жағдай жасалуда: сертификацияның құқықтық және нормативтік жүйесі 
құрылды; сертификаттау жұмыстарын жүргізу үшін нормативті және мекемелі 
әдістемелік негізін қалаушы құжаттар жасалды; сәйкестік сертификатын 
растайтын өнімнің тізімі анықталды; стандарттардың мемлекеттік қорының 
дамуы жалғасуда; нормативтік құжаттарға қойылатын талаптарға мемлекеттік 
тексеру жүргізілуде. 
Қазақстан Республикасы өнімінің, қызметтің және үрдісінің қауіпсіздігін
«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы, техникалық реттеудің құқықтық негізін 
мемлекеттік жүйесі бекітеді. Заң 8 тараудан және 47 баптан тұрады. Бірінші 
тарауда – техникалық реттеудің қағидалары мен мақсаттары және жалпы 
ережелері берілген.
Сертификаттау жүйесінің мемлекеттік нормативті базасы мыналардан 
тұрады: стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс ережелері 
мен нормалары, ақпараттық материалдар, өнімді сынаудың нормативті құжаты, 
өндіріс сапасының жүйесі. 
ҚР сертификаттау жүйесіндегі мемлекеттік стандарттары объектілер мен 
үрдістерге бірыңғай норма мен талаптар қояды. Негізін қалаушы стандарт 
болып ҚР СТ 3.0-2001 табылады. 
Сертификаттау жүйесі – процедура мен басқаруды қамтитын өзінің 
ережелері бойынша сертификаттауды жүзеге асыратын жүйе. Қазақстан 
Республикасында сертификаттаудың заңды негізі болып 2004 жылдың
9 қарашасында қабылданған «Техникалық реттеу туралы» заң болып 
табылады, бұл заң 1999 жылы 16 шілдеде қабылданған «Сертификаттау 
туралы» заңын орын ауыстырады. 
Сертификаттау жүйесін (жалпы түрде) құрайды: орталық орган 
(Қазақстан 
Республикасының 
Индустрия 
және 
жаңа 
технологиялар 
министрлігі) 
«Сараптау 
мен 
сертификаттаудың 
ұлттық 
орталығы» 
Акционерлік Қоғамы арқылы жүйені басқарып отырады, оның қызметіне 
бақылау жасап және сертификаттауды басқа органдарға бере алады 
(сертификаттау бойынша аккредиттелген органдарға және аккредиттелген 
сынау орталықтарына), сертификаттауды өткізу ережелері мен тәртібін



сертификаттау 
жүргізілетін 
нормативті 
құжаттарды, 
сертификаттау 
процедураларын, инспекциялық бақылаудың тәртібін орнатады.
Сертификаттау халықаралық сауданы дамытуға бағытталған, бірақ 
жүйеде техникалық кедергілер болуы мүмкін. Сертификациялық кедергінің 
объективті 
жағдайлары: 
стандарттағы, 
заңнамадағы, 
сертификаттау 
жүргізудегі өзгешеліктер, сонымен қатар сертификацияны шетел өндірісі 
тауарларының ішкі нарыққа кіруден қорғау протекционизм тәсіліне айналдыру 
жағдайы. Осылайша, стандартты бәсекелестік жарыстың құралына айналу 
мүмкіндігі зор. Сертификаттау жүйесі мекемелерінде сертификатты алудың 
осындай жағдайлары жиі кездеседі, ол орта және кіші бизнесті мекемелеріне 
немесе шетел өндірушілеріне орындау мүмкін емес.
Осындай кедергілерді болдырмау үшін саудада өзара тану келісімі бар 
(біржақты, екіжақты, көпжақты). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 
«сертификаттау нәтижелерінің өзара тану келісімі» іске асуда. Бірақ бұл салада 
сертификаттау жүйесінің көп ведомствалар ережелерінің сәйкес келмеуінен 
көптеген мәселелер туындайды (Ресейде – сертификаттаудың өз жүйелерін 
жасаған және Ресей Федерациясының Мемлекеттік Стандартының негізінде 
жұмыс жасайтын 18 министрлік бар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет