Алматы 014 Әок 658. 516 (076)


 - ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС  Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата07.12.2023
өлшемі424.85 Kb.
#485856
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
 
3 - ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС 
Тақырыбы: таңдап алынған өнім стандартын зерделеу. Сынауға үлгі 
таңдау мен нысан толтыру.
 
Оқудың мақсаты: практикалық сабақтың негізгі мақсаты болып 
студенттерді өнімнің негізгі стандарттарымен, үлгіні таңдауға, акт толтыруға 
және негізгі жағдайлармен таныстыру болып табылады. Өнімді сынақтан 
өткізудің технологиясын және әдісін үйреніп, меңгеру.
Әдістемелік нұсқаулар: тапсырманы аудиторияда орындау қажет. Әр 
студент өз нұсқасына сай өнімнің сертификаттау жұмыстарын жүргізеді. Ол 
үшін стандартқа сай үлгіні таңдау әдісіне сүйене отырып үлгіні таңдап және 
актты толтыру керек (Г қосымшасы) және стандартқа сай өнімнің физика-
химиялық немесе микробиологиялық сапасын тексеру үшін сынақ жүргізіледі
(сынақ жүргізуге материалдар жетпеген жағдайда студент өз бетімен 
нормативті құжаттарды табуы тиіс), Студенттер жұмысты есеп ретінде жасап, 
қорғауы қажет.
Оқудың мазмұны: ҚР-да қолданылатын өнімді сертификаттаудың 10- 
сұлбасымен танысып, өнімге сәйкес сұлбаны таңдап және құжаттарды 
толтыруды үйрену (үлгіні таңдау акты, сынақ хаттамасы, сәйкестік 
сертификаты және сәйкестік декларациясы). 
 
Өнімнің өмірлік цикл кезеңдеріне байланысты келесі сынаулар 
жүргізіледі: 
- зерттеулер - зерттеулік; 
- құрылымдау – жеткізу, алдын ала, қабылдау; 
- өндіріс - квалификациялық, алдына қою, қабылдау-өткізу, мерзімдік, 
типтік, инспекциялық, сертификаттау; 
- пайдалану- тексерумен пайдалану, пайдалану, мерзімдік, инспекциялық. 
Сертификаттау құжаттарында және ережелерінде өнімнің түріне оны 
жасау, 
сынау 
және 
жеткізу 
ерекшеліктерін 
ескере 
отырып 
сынақ 
бағдарламасы мен әдістерін тағайындайды. 
Келесі сынақ категорияларын біріктіріп жүргізуге болады: 
- алдын ала бабына келтірумен; 
- қабылдау, қабылдау - өткізумен - өнімді бірден шығару өндірісі үшін; 


13 
- қабылдау квалификациялықпен – сериялық өндірісте дайындалған 
технологиялық процесімен үлгі даналарын қабылдау сынақтарында; 
- мемлекеттік қабылдауға жатпайтын өнімнен басқаға, тапсырыс 
берушінің келісімімен мерзімдік типтікпен; 
- сертификаттау қабылдау сынақтарымен және мерзімдікпен. 
Сынақтар келесі деңгейде жасалынады: 
-мемлекеттік–қабылдау, квалификациялық, инспекциялық, сертификаттау 
және мерзімдік сынақтар (егер олардың нәтижелерін өнімді сапа категориялары 
бойынша аттестаттау кезінде қолданса); 
– 
ведомство 
аралық 
қабылдау-квалификациялық, 
инспекциялық 
сынақтар; 
– ведомствалық – қабылдау, квалификациялық, инспекциялық сынақтар. 
Сынақ бірыңғайлығын қамтамасыз ету негіздері: 
– өнімнің сынау әдістері стандарттары, нақты өнімнің стандарттары мен 
техникалық шарттарының сынау әдістері тараулары; 
– өнімнің сынау әдістемелері мен бағдарламалары; 
– өнімді сынауға қойылатын жалпы талаптарды регламенттеуші 
ұйымдастыру әдістемелік және сынау ұйымдарының іс-әрекет ретін бекітетін 
құжаттары; 
– стандарты “Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету Мемлекеттік жүйесі 
(МӨЖ)”. 
Сынақ жүргізу жағдайы мен жүргізу орнына байланысты сынақтарды 
ажыратамыз: 
– зертханалық, зертхана жағдайында жасалған сынақтар; 
– стендтік, сынау немесе ғылыми-зерттеу бөлімдерінде сынау 
жабдықтарында жүргізілген.
Сынақ өткізу уақытына байланысты сынақтар бөлінеді:
– мөлшерленген, өнім қасиеті сипаттамалары туралы ақпаратты 
пайдалану шарттарында белгіленген уақытта алуды қамтамасыз ететін әдістері 
мен шарттары болғанда; 
– үдетілген, өнім қасиеті сипаттамалары туралы ақпаратты пайдалану 
шарттарында белгіленген уақыттан аз уақытта алуды қамтамасыз ететін 
әдістері мен шарттары болғанда, үдетілген сынақтарды жүргізу өнімді 
шығаруда шығын мен мерзімді азайтуға мүмкіндік береді; 
– қысқартылған, қысқартылған бағдарлама бойынша жүргізілген. 
Әсер ету нәтижесі бойынша (тексеру әдісіндегідей) сынақтар бөлінеді: 
– қиратпайтын – сынау объектісі сынақтан кейін де жұмыс жасай береді 
(пайдалануға болады); 
– қиратушы – сынау объектісі сынақтан кейін пайдалануға жарамайды. 
Объектінің анықталатын сипаттамалары бойынша сынақтар бөлінеді: 
– функционалдық – объектінің тағайындалған көрсеткіштерін анықтау 
мақсатымен жүргізіледі; 
– сенімділік − берілген жағдайда сенімділік көрсеткіштерін анықтау үшін 
жүргізіледі; 


14 
– беріктілік − объектінің анықталған сипаттамаларының шектен шығуына 
әсер етуші факторларының мәндерін белгілеу үшін жүргізіледі; 
– орнықтылы − қандай да болмасын факторлардың әсер етуінен, 
бұйымның НТҚ тағайындаған параметрлер мәндерін сақтауы және өз 
функцияларын орындау қабілетін тексеру жүргізіледі; 
– қауіпсіздігі − сынау объектісіне қатынасы бар қызметкерлер үшін 
қауіпсіздік факторы тағайындалуын растау үшін жүргізіледі; 
– тасымалдану − объектінің өз функциясын атқару қабілеті мен 
параметрлер мәндерін нормалық шегінде сақтау мүмкіндіктерін бұзбай 
тасымалдау мүмкіндігін анықтау үшін; 
– шекаралық – объект параметрлерінің шекті рұқсат етілген мәндері мен 
пайдалану режимінің қатынасын анықтау үшін жүргізіледі; 
– технологиялық - өнімді жасау кезінде оның технологиялықтығын 
қамтамасыз ету үшін жасалады. 
Басшылықта «сынақ» терминіне мынадай анықтама берілген: бекітілген 
ретке сәйкес өнімнің, процестің немесе қызметтің бір немесе бірнеше 
сипаттамасын анықтауды қамтитын техникалық операция. МЕСТ 16504-81 
«Өнімді мемлекеттік сынау жүйесі. Өнім сапасын сынау және бақылау» 
стандарты берген анықтама. Осы құжатқа сәйкес, сынақ – объекті модельдеу 
және қызмет атқару кезінде оған әсер ету нәтижелерінің сандық және (немесе) 
сапалық қасиеттерін эсперименттік жолмен анықтау (бағалау) болып табылады.
 
Бақылау сұрақтары 
1. Сертификаттау және инспекциялық сынақтар не үшін жүргізіледі.
2. Сынақ әдістемесі нені қамтиды.
3. Сынау процесінің негізгі құрылымдаушысы не.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет