17
– соңғы тексеру, сәйкес стандарт талаптарына кәсіпорынның сапа
жүйесінің сәйкестігін бағалау мен сертификат беру. Берілген екі кезеңге
анықталған жұмыс құрамы 3-кестеде берілген.
3-кесте
Сапа жүйесін сертификаттау кезеңдері
Жұмыс құрамы
Орындаушы
1. Алдын ала тексеру кезеңі және сапа жүйесін бағалау
1.1. Сапа жүйесі мен құжаттарын сертификаттауға дайындау
Кәсіпорын
1.2. Сапа жүйесіне сертификаттау жүргізуге өтінім
Кәсіпорын
1.3. Алдын ала тексеру кезеңі және сапа жүйесін бағалау
Сертификаттау органы
1.4. Сапа жүйесіне сертификаттау жүргізуге келісім шарт жасау
Кәсіпорын,
Сертификаттау органы
2. Соңғы тексеру кезеңі және сапа жүйесін бағалау
2.1. Сапа жүйесін соңғы тексеруге дайындау
Кәсіпорын
2.2. Сапа жүйесіне соңғы тексеру жүргізуге бағдарлама жасау
Сертификаттау органы
2.3. Кәсіпорын сапа жүйесін тексеруді ұйымдастыру бойынша
жиналыс өткізу
Кәсіпорын,
сертификаттаушы орган
2.4. Сапа жүйесіне тексеру жүргізу
Сертификаттау органы,
кәсіпорын
2.5. Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жиналыс өткізуге
алдын ала қорытынды дайындау
Сертификаттау органы
2.6. Қорытынды жиналыс өткізу
Сертификаттау органы,
кәсіпорын
2.7. Кәсіпорын сапа жүйесіне тексеру жүргізілгені
туралы есепті
жасау мен оны жан-жаққа жіберу
Сертификаттау органы
2.8. Сапа жүйесіне сертификатты рәсімдеу, тіркеу және беру
(шешім оң болған жағдайда)
Сертификаттау органы
Сертификаттау органы бірінші кезең нәтижелері бойынша кәсіпорынның
дайын екендігі мен сапа жүйесін сертификаттау жұмыстарының екінші кезеңін
жүргізудің орынды екені туралы қорытынды дайындайды, немесе екінші кезең
жүргізудің орынсыз немесе мүмкін еместігінің себептерін айқындайды.
Қорытынды оң болған жағдайда, келісімге қол қоярда екінші кезең
жұмыстарын − соңғы тексеру мен сапа жүйесін бағалауды жүргізу мерзімі
бекітіледі. Егер екінші кезең жұмыстары кезінде, сапа жүйесінің сәйкес
стандарт талаптарына
сәйкес еместігі табылса, онда сертификаттау органы
кәсіпорынмен бірге жөнге келтіру мерзімін тағайындап, қайта тексеру уақытын
шамамен белгілейді. Шешім оң болған жағдайда сертификат анықталған
уақытқа (үш жылдан артық емес) беріледі.
Қызметкерлерді сертификаттауды аттестациямен шатастыруға болмайды.
Аттестаттаудың мақсаты – атқарып жүрген жұмыстарына сәйкестігін білу үшін
маманның біліктілігін тексеру. Сертификаттау мақсаты бекітілген талаптарға
18
маманның дайындық деңгейі, кәсіптік білімі, машығы мен тәжірибесінің
сәйкестігін растау және қандай да болмасын іс-әрекет
саласында нақты бір
істерді дұрыс атқаруға мүмкіндігін анықтау. Аттестацияны жұмыс беруші
(екінші жақ), ал сертификаттауды – сертификаттау органы (үшінші жақ)
өткізеді.
Сапаны қамтамасыз ету жүйесін сертификаттау келесі құжаттарды
қарастырады:
- сертификаттауға бекітілген пішімдегі өтінім;
- өндірісті алдын ала бағалауға бастапқы мәліметтер;
- сапа жүйесін алдын ала зерттеу үшін сауалнама толтыру;
- кәсіпорынның сапа бойынша басшылық.
Сапа жүйесін сертификаттау келесі кезеңдерден тұрады: сапа жүйесін
алдын ала бағалау; соңғы тексеру және сапа жүйесін бағалау; тексеру
нәтижелерін қарастыру және сертификат беру; сертификатталған сапа жүйесін
инспекциялық тексеру.
Талдау нәтижелері бойынша сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы
қорытынды дайындалады:
- сапа жүйесі стандарты талаптарына сапа жүйесінің;
- кәсіпорынның өнім сапасының талаптарына тұрақты қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы МСЖ сертификаттау
бойынша негізгі мақсаты
өнімді (қызметті) сертификаттаудан сапаны қамтамасыз ету жүйесін
сертификаттау.
Сапа жүйесін сертификаттау кәсіпорынның сапалы өнімді тұрақты
шығаратын қабілетін сипаттайды және ішкі және сыртқы нарықтағы
бәсекелестіктің маңызды факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының МСЖ сапаны қамтамасыз ету жүйелеріне
қойылатын талаптардың негізінде халықаралық ИСО 9000 сериялық стандарт
талаптары жатыр.
Сапа жүйесін сертификаттаудың негізгі принциптері: еріктілік; жүйеге
қол
жеткізуде
алалаудың
болмауы;
теңдей
қарау;
құпия
сақтау;
ақпараттандыру; өнімге (қызметке) қойылған міндетті талаптардың орындалуы;
жұмыс жасап жатқан сапа жүйесінің бекітілген талаптарға сәйкестігі туралы
өтінім берушінің құжатталған дәлелдерінің шынайылығы. Сапа жүйесін
сертификаттаудың құраушы бөлімі өндірісті сертификаттау. Өндірісті
сертификаттау өз бетінше де жүргізіле беретін процедура.
Достарыңызбен бөлісу: