15
Оқудың мақсаты: қызметтерді сертификаттау жұмыстары бойынша
сұлбалармен танысып, нысандарды толтырып үйрену.
Сертификаттау жөніндегі орган (бұл мемлекеттік ұйым немесе
жекеменшік фирма болуы мүмкін) – сәйкестік сертификаттауын жүргізуші
орган. Ол заңды тұлға атағына ие және үшінші жақ, яғни өндіруші мен
тұтынушыдан тәуелсіз болып табылатын ұйымның негізінде құрылады.
Сертификаттау бойынша органдар көп болуы мүмкін, олардың әрқайсысы
қандай да бір біртипті өнімді сертификаттауға негізделеді, мысалы, машина
жасау бұйымдары, тамақ өнімдері, отын және т.б.. Негізгі функциялары:
- біртипті өнімді сертификаттау кезінде
қолданатын нормативтік
құжаттар қорын қалыптастыру және өзектендіру;
- берілген сертификаттау жүйесінің ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарын
әзірлеу және жүргізу;
- сертификаттауға өтінімдерді, сондай-ақ шағымдарды қабылдау мен
қарастыру, осылар бойынша шешімдерді дайындау және сертификаттауды
жүргізу кезінде өтініш берушілермен өзара әрекет ету;
- әрбір нақты өтінім бойынша сынау зертханаларын және өндірістерді
тексеру жөніндегі органды анықтау, егер ол
сертификаттау сұлбасымен
қарастырылса, олармен өзара әрекет етудің негізінде сынауларды және
өндірісті тексеруді ұйымдастыру;
- сәйкестік сертификатын рәсімдеу және беру, оны мемреестрінде тіркеу;
- шетел сертификаттарын және де басқа сәйкестік куәліктерін мойындау;
- ҚР Мемстандартының аумақтық органдарының қатысуымен өнім
сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылауды ұйымдастыру;
- берілген сертификаттардың және сәйкестік белгілерінің жұмысын жою
немесе тоқтату;
- өнім үшін түзету шараларын әзірлеуге қатысу, сертификаттық
талаптардың бұзылуы туралы ақпараттар
бойынша жедел іс-шараларды
қабылдау;
- сертификатталған өнім реестрін және сертификаттау нәтижелері туралы
ақпаратты жариялау дайындамаларын жүргізу;
- ағымдағы қаржы қызметін және іс-қағаздарын жүргізу;
- қызметкерлер
біліктілігін
жоғарылатуды
және
аттестаттауды
ұйымдастыру;
- стандарт талаптарының өзгеруі кезінде өнімді уақтылы сертификаттау
бойынша дайындаушымен өзара жұмыс істеу.
Сертификаттау жөніндегі орган ретінде жұмыс істеу құқығына
үміттенуші ұйым аккредиттеу процедурасынан өтуі керек. Аккредиттеудің
тәртібі мен талаптары Мемстандарттың нормативтік құжаттарында және
сертификаттау жүйесінің құжаттарында берілген. Аккредиттеу кезінде назарға
алынатын
критерийлер, сертификаттау бойынша органда: білікті және арнайы
дайындықтан өткен қызметкерлердің; сертификатталатын өнімге нормативтік
құжаттардың өзектендірілген қорының және оның сынау әдістерінің;
сертификаттауды жүргізуге арналған әкімшілік құрылымның,
заңды және
экономикалық мүмкіндіктердің, соның ішінде сертификатталған өнімге сынау
16
мен инспекциялық бақылаудың; сертификаттау ережелері мен тәртібін, соның
ішінде шағымдарды қарастыру және сертификаттарды,
сәйкестік белгілерінің
әрекетін жою ережелерін орнатушы ұйымдастыру-әдістемелік құжаттардың;
сертификатталған өнім реестрінің бар болуын ескереді. Барлық өтінім
берушілер сертификаттау жөніндегі органның қызметтері жайлы ақпаратқа
бөгетсіз қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: