Авторлық құқық объектілері.
Сонымен, Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша авторлық құқық объектілеріне нақты қандай туындыларды жатқызамыз?
1996 жылғы 10 маусымдағы «ҚР интеллектуалдық меншік мәселелеріне қатысты кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда (12 қаңтар 2012 ж. № 537 өзгертілді) объектілер тізімі нақты берілген:
1. Әдеби туындылар;
2. Драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3. Сценарий туындылары;
4. Хореография және пантомима туындылары;
5. Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
6. Дыбыс – бейнежазу туындылары (бейнефильм)
7. Мүсіндеме, кескіндеме, графика, т.б.;
8. Сәулет, қала құрылысы, бау-саябақ өнері туындылары;
9. Қолданбалы өнер туындылары;
10. Суретке түсу туындылары
11. Карталар, жоспарлар, нобайлар және ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
12. ЭВМ-ге арналған бағдарламалар және т.б.
Авторлыққа байланысты негізгі ережелер.
Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың пайда болуы үшін туындыны тіркеу, өзге де арнайы рәсімдеу немесе белгілі бір шарттарды орындау міндеті емес. Авторлық құқықтардың иелері өздерінің құқықтарын айрықшаландыру үшін авторлық құқық қорғау белгісін пайдаланады, мұндай белгі туындының әр данасына қойылады.
Авторлық құқық қорғау белгісі келесі үш элементтен тұрады:
қоршауға алынған латынша «С» әрпі: (С)
айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі (атауы);
туындының алғаш жарияланған жылы.
Мысалы: (С) Нуридинова, 2003 жыл.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авторлық құқық
адамның өмір бойы және қайтыс болған сәтінен 70 жыл бойы қорғалады.
Авторлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұзушылық үшін ең минималды айып мөлшері – 100 а.е.к., максималды мөлшері - 800 а.е.к.. Ал зиян ірі мөлшерде болған кезде – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 184-бабына сәйкес кінәлі мүлік тәркіленуі мүмкін, 1 жылдан 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе жүз сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгң мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға жазаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |