§ 2. Патент берiлетiн интеллектуалдық меншiктiң
негiзгi объектiлерi
Өнертабыстар
Өнертабыс түсiнiгi мен объектiлерi.
Белгiлi бiр өнертабыс негiзi болған шығармашылықтың деңгейiн бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсiнiгiнiң объективтiк анықтамасын беру мүмкiн емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Патент Заңында бұл түсiнiктiң анықтамасы берiлмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетiлген:
– жаңалығы;
– өнертапқыштық деңгейдiң болуы;
– өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешiмнiң болуы.
Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етiледi. Алайда, өнертабысты мәселенiң шығармашылық-техникалық шешiмi ретiнде анықталатын құбылыс ретiнде қарастыру заңды. «Техникалық шешiм» терминi техниканың әр түрлi салаларындағы қажеттiлiктердi қамтамасыз ету құралы ретiнде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер; спорт көмекшi құралдарын жасау арқылы спорт; жаңа емдеу әдiстерiн, дәрi-дәрмектердi жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдiстерi техниканың жалпы түсiнiгiне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудiң терапиялық әдiстерi емдеу құралдарын нақты белгiленген мөлшерде, белгiлi бiр уақыт iшiнде, белгiлi бiр кезектiлiкпен және т.б. қолдануды меңзейтiндiктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсiлдерi техникалық шешiм ретiнде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, бiлiм беру салаларындағы әр түрлi мәселелер өз шешiмiн табады, бiрақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкiм-шiлiк, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдiстер мен құралдар қолданылмауы тиiс.
Әрбiр өнертабыс белгiлi бiр объектiнi, яғни қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. €нертабыс объектiлерiнiң түрлерi қойылған мақсатқа жету үшiн техникалық шешiмдерде көрсетiлген құралдарға тәуелдi анықталады.
Құрылғы, әдiс, зат, микроорганизмдердiң, өсiмдiктер мен хайуанаттар клеткаларының тегi, сондай-ақ бұрыннан белгiлi құрылғы, әдiстi, затты тектi жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектiлерi бола алады.
Өнертабыс объектiлерiн нақтылау патент иесiнiң құқықтар көлемiн анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкiндiгi үшiн құқықтық маңызы зор.
Құрылғы – өнертабыс объектiсi ретiнде. Өнертабыс объектi-лерi ретiнде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңiстiкте орналасқан бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы элементтер жүйесi құрылғы болып танылады. Бұл машиналар – мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар – «Магнит өрiсi датчигi»; механизмдер – «Шарниро-рычажный механизм».
Жетiлдiрiлген инструмент, мысалы, «Геологиялық балға», «Қозғалмалы пышақ» немесе қандай болмасын құрал, мысалы, «Тормозное устройство для железнодорожного вагона», «Гидравлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект – құрылғы категориясына жатқызылуы мүмкiн.
Құрылғы болып көлiк құралдары, жабдық, құрылыстар, сонымен қатар, әр түрлi бұйымдар танылады – мысалы, «Әмбебап оқу партасы». Электр схемалары да құрылғының бiр түрi болып табылады.
Патенттiк қорғалуға құрылғының өзi ғана емес, олардың бөлек элементтерi де: түйiндерi, бөлшектерi т.б. жатады.
Құрылғы өнертабыс объектiсi ретiнде келесi конструктивтiк белгiлермен сипатталады:
– конструктивтiк элементтердiң болуы;
– элементтер арасында байланыстың болуы;
– элементтердiң өзара орналасуы;
– құрылғының немесе оның элементтерiнiң орындалу нысаны, атап айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы;
– элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны;
– элементтер параметрлерi мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;
– құрылғы немесе оның элементтерi жасалған материал;
– құрылғының кез келген элементiнiң қызметiн орындайтын аясы;
– техникалық шешiмнiң басқа түрлерiмен салыстырғанда құрылғы – өнертабыс олардың фактiлi түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз етедi. Бұл олардың кең таралуын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |