Тәсiл – өнертабыс объектiсi ретiнде. Өнертабыс объектiсi ретiнде тәсiлдерге материалдық объектiлер көмегiмен материалдық объектiлерге әрекет ету процестерi жатады. Тәсiл – белгiлi бiр тәртiппен немесе белгiлi бiр ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдiстер жиынтығы.
Материалдық объектiлерге әрекет ету процестерi ретiнде тәсiлдердi былай бөлуге болады:
– өнiм (бұйымдар, заттар т.б.) өндiруге бағытталған әдiстер, мысалы, «Құрылыс материалын жасау тәсiлi», «Ацетилен алу әдiсi»;
– белгiлi бiр өнiм алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруiне бағытталған әдiстер (тасымалдау, реттеу, өңдеу т.б.). Мысалы, «Жер өңдеу тәсiлi», «Электромагниттiк клапанды басқару әдiсi»;
– нәтижесiнде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын әдiстер (бақылау, өлшеу, диагностика т.б.). Мысалы, «Аса таза кварцтың шыққан жерiн iздеу әдiсi».
Өнiм алу әдiсiне берiлген қорғау құжаттарының күшi тiкелей осы әдiспен алынған өнiмге де таралады1.
Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдiстерiне де берiледi, мысалы, «Тiстер кариесiн алдын алу әдiсi», «Артериальдi гипертония диагностикасының әдiсi».
Өнертабыс объектiсi «Әдiс» келесi белгiлермен сипатталады:
– белгiлi бiр әрекеттiң немесе әрекеттер жиынтығының болуы: «...тұзды ерiтедi...»;
– осындай әрекеттердi уақыт бойынша орындау тәртiбi (кезекпен, бiр уақытта, әр түрлi жолдармен т.б.). «...қышқылмен өңдегеннен кейiн пленканы дистилденген сумен шаяды...»;
– әрекеттердi жүзеге асырудың режимдерi мен шарттары (температура, қысым, қуаттылығы, жылдамдығы т.б.). «...40°С-ға дейiн қыздыру кезiнде ерiтедi...»;
– заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикiзат, реагенттер, катализаторлар, микроорганизмдер тектерi және т.б.). «...процестi инерттi газ атмосферасында жүргiзедi...»;
– құрылғыларды (құралдарды, жабдықтар т.б.) пайдалану. «...реагенттiң электрохимиялық өңдеуiн ерiтiлмеген электродтары бар электролизде жүргiзедi...».
Зат өнертабыс объектiсi ретiнде. €нертабыс объектiсi ретiнде заттарға:
– жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар, оларға жоғары-молекулярлық қосындылар және гендiк инженерия өнiмдерi (рекомбинантты нуклеидтiк қышқылдар, векторлар т.б.). Мысалы, «гидрохлорид-1-(2-этоксиэтил)-4-ацетил-
4-ацетиксипиперидина»;
– композициялар (құрамдар, қоспалар), мысалы, «псориазды емдеу майы», «фурфуролды гидрирлеу катализаторы»;
– ядролық айналу өнiмдерi жатады.
Жеке химиялық қосындыларды сипаттау үшiн келесi бел-гiлер қолданылады:
– сапалық және сандық құрам;
– атомдар арасындағы байланыс және олардың молекулада химиялық құрылымдық формулалары сипатталған өзара орналасуы.
Бұрыннан белгiлi құрылғы, әдiстi, затты, тектi жаңа мақсатта қолдану. Құқықтық қорғау таралатын өнертабыстың бұл түрi болып бұрыннан белгiлi болған құрылғы, зат, әдiс, тектiң жаңа мақсаттарда қолданылуы табылады.
Өнертабыстың бұл объектiсi өзге өнертабыстардан қызметi-нiң сипаттамасымен байланысты пайда болуымен ерекшеле-недi.
Егер құрылғы, әдiс, зат, тек қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандырудың жаңа құралы болса және олардың бағытталған синтезi жасалса, онда өнертабыстың бұл объектiсi белгiлi объектiнiң жаңа мүмкiндiктерiн (белгiсiз қасиетiн) анықтау арқылы пайда болады.
Бұл объектiнiң негiзiнде белгiлi техникалық құралды, бұл өнертабыс пайда болған кезде қолданылған мақсатқа қарағанда, өзге мақсаттарда қолдану. Бұрыннан белгiлi болған құрал ол иеленетiн қызметке қарағанда, жаңаша қызметте пайдаланылып, осыған байланысты өзге қажеттiлiктi қанағаттандырады.
Мысалы, бояу ретiнде қолдану үшiн арнайы синтезделген белгiлi «А» заты белгiлi бiр жағдайда зиянды бактериялар үшiн күштi әсер ететiн у ретiнде қолданыла алады. Белгiлi заттың жаңа қасиетiн анықтау нәтижесiнде зиянды бактерияларды жою үшiн жаңа құрал ұсынылады.
Бұл жерде белгiлi бiр мақсатпен арнайы алынған заттардан басқа, яғни белгiлi бiр қолданудан басқа, тәжiрибеден алынған табиғи немесе аралық қосындылар немесе өндiрiс қалдықтары бар екендiгiн атап өту қажет. Мұндай қасиеттi анықтау алдында белгiлi болған құрылғы, әдiс, зат, тектiң жаңа мақсаттарда қолданылуын өнертабыс ретiнде саралауға болады.
Өнертабыстың бұл объектiсi заттарға (жеке заттар, композициялар, тектер т.б.) тән, себебi, олар қолданылу шарттарына сәйкес көрiне алатын қасиеттердi иеленедi, сондықтан әр түрлi мақсаттарда қолданыс таба алады.
Аталмыш объект құрылғыларға аса тән емес, себебi олар белгiлi бiр қызметтi атқару үшiн жасалады және олардың анық көрiнетiн мақсаты бар. Сондықтан құрылғыға қандай да бiр өзгерiс енгiзбей өзге мақсаттарда қолдану, көп жағдайларда мүмкiн емес болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |