Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет42/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141
annotation9411

Мемлекет меншiгiнiң иммунитетi дегенiмiз – шетел мемлекетiнiң шекарасында орналасқан мемлекет меншiгiне қолсұқпаушылық режимi. Мемлекет меншiгiнiң қолсұқпаушылығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет иммунитетiнiң концепциясы, саяси-құқықтық тұрғысын белгiлейтiн негіз – мемлекеттiк меншiк болып табылады.
Мемлекет иммунитетi және мемлекет меншiгiнiң иммунитетiнiң арасында айырмашылық бар. Мемлекет меншiктiк иммунитетке сотта iс қаралу жоғына қарамастан ие болады. Меншiк үшiншi жақтың пайдалануында болса да, мемлекет меншiктiк иммунитетке ие болады. Мемлекеттiң меншiктiк иммунитетi мемлекет иммунитетiнiң автономды элементi болып саналады. Бұл тұжырым сотта да дәлелденуi мүмкiн. Мысалы, ағылшын сотының «Cristina» iсiнiң жалпымен мойындалған шешiмi бойынша, сот шетел мемлекетi iске тартылама, жоқпа, оның меншiгiн тартып немесе ұстап қалуға құқығы болмайды. Осы ұстанымға халықаралық-құқықтық актiлер негiзделген. Мемлекет меншiгiнiң қолсұқпаушылық режимi мемлекеттiк актiнiң халықаралық-құқықтық доктринасымен тығыз байланысты. Бұл доктринаға сәйкес шетел мемлекетi өз шекарасында қабылдаған актiлерге байланысты ешбiр мемлекет шешiм шығара алмайды. Егер шетел мемлекетi құқықтық актiге сәйкес мүлiк алатын болса, ешбiр мемлекет сол актiн заңдылығы бойынша мәселенi көтеруге құқығы болмайды. Осымен мемлекеттiң меншiктiк иммунитетi сипатталады, егер мемлекет өз территориясында белгiлi бiр мүлiктiң өз меншiгiнде екенiң ашық түрде жарияласа, ешбiр мемлекет бұл фактiнiң заңдылығын тексеруге құқығы жоқ. 1921 жылғы Лютердiң Сегораға қарсы iсiнiң Сот төресi Скреттонның шығарған шешiмi бойынша, егер Красин азаматы Англияға тауармен келiп, бұл тауардың Ресей Федерациясының меншiгiнде екенiн жарияласа, еш ағылшын соты бұл азаматтың сөзiнiң растығын тексере алмайды. Бұндай сенiмсiздiк халықаралық сыпайылыққа қарсы қайшылық туғызып немесе casus belli болып түсiндiрiлуi мүмкiн.
Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттер арасындағы қатынастар сонын iшiнде мемлекет арасындағы келiсiм шарттар мемлекетке сәйкес заңнамамен реттелуi тиiс. Бұл ереже сот тәжiрiбиесiнде ерте кезден қалыптасқан. 1929 жылы Халықаралық Сот Әдiлдiгiнiң Тұрақты Палатасы серб және бразил қарыздары бойынша қарастырған iсте, нақты қарыздар бойынша реттеу құқығын сол қарыздардың шыққан елге берiледi, Сербия заңдарын қолданған.
Осы және мемлекеттiк иммунитетке байланысты басқа да ережелерге байланысты күмән туындатылса да, қазiргi уақытқа дейiн қолданылып жүрген халықаралық шарттарда бұл ережелер тiркелген. Бұнын маңызды дәлелi 1965 жылғы мемлекет пен шетел инвесторлары арасында инвестициялық дауларды шешу тәртiбi туралы Вашингтон конвенциясы болып табылады. Конвенцияның 42 бабына сәйкес туындаған дау екi жақтың қай құқықты таңдау туралы келiсiмi бойынша шешiледi немесе ондай келiсiм болмаған жағдайда iсте белгiлi бiр жағы болып табылатын мемлекеттiң заңы бойынша шешiледi.
Жоғарыда қарастырылған бөлек элементтер өзара тығыз байланысты және халықаралық қарым-қатынаста мемлекет иммунитетiнiң мазмұнын құрайды. Иммунитет мемлекет үшiн мiндет болмайды, ол мемлекеттiң құқығы. Мемлекет өз иммунитетiнен бас тартуға толық құқылы. Мемлекет иммунитеттен толық түрде немесе оның кейбiр элементерiнен ғана бас тартуға құқылы. Мемлекет шетел азаматтары мен заңды тұлғалары арасында қарым-қатынасты жеңiлдету үшiн, көп жағдайда өзiнiң иммунитеттерiнен бас тартады.
Иммунитеттен бас тарту заңды түрде болу үшiн, келесiдей шарттарды орындауға тиiс:

  1. Бас тарту толық мазмұнда жазбаша түрде болуы тиiс, бiржақты мемлекеттiк органмен мәлiмденiп, халықаралық шарттың қорытындысына кiргiзiлуi тиiс;

  2. Бас тарту тұспалданған түрде болмауы тиiс, конклюденттiк (шартта белгiленген болса, егер дау туындаса және сол дау Стокгольм палатасымен шешiлсе,мемлекет иммунитетке ие болады) әрекеттерден туындамауы тиiс;

  3. Иммунитеттен бас тарту кеңейтілген түрде түсiндiрiлмеуi тиiс. Мемлекет белгiлi бiр мәмiлеге ғана байланысты иммунитеттен бас тартады, басқа мәмiлелер бойынша мемлекет иммунитетке ие болады; егер мемлекет iсте жауапкер ретiнде қатысса, оған шетел сотының шығарған шешiмi мәжбүрлi болып саналмайды;

Кеңес уақытында кеңес мемлекеттерi де иммунитеттерден бас тарту жағдайлары кездескен. Бұл кеңес мемлекеттерiнiң шетел мемлекеттерiнде тауар өкiлеттiктерiнiң ашылуымен байланысты болған. Тауар өкiлеттiктерiнiң ашылуы кеңес үкiметiмен белгiлi шетел мемлекетiнiң арасындағы келiсiм шартқа негiзделiп, сол шарттарда иммунитеттен бас тарту мүмкiншiлiгi көзделген. Бұл бас тарту 1989 жылғы шетелдегi совет үкiметiнiң тауар өкiлеттiктерi туралы ережеге негiзделген. Ережеге сәйкес қабылдаушы мемлекеттiң шекарасындағы құқықтық әрекет немесе мәмiле бойынша пайда болған iсте тауар өкiлетiлiгi жауапкер ретiнде қатыса алған.
Абсолюттiк иммунитет мемлекет иммунитетiн толық күйде және барлық элементтерiн қолдану болып есептелiнедi. Мемлекеттiң иммунитетi оның келiсiмiмен ғана шектелуi мүмкiн.
Кеңес және басқа да социалистiк мемлекеттерде экономиканың негiзiн мемлекеттiң меншiгi және сыртқы сауданың монополиясы құраған кезде, иммунитет әрдайым абсолюттi түрде түсiндiрiлген. Абсолюттi иммунитет доктринасы кеңес құқығында заңды түрде тiркелген. Социолистiк мемлекеттердiң көпшiлiгi оның iшiнде Қазақстан, қазiргi уақытқа дейiн абсолюттi иммунитет теориясын ұстанған. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 422 бабына сәйкес:

  1. Шет мемлекетке талап қоюға, оны үшiншi тұлға ретiнде iске қатысуға тартуға, оның мүлкiне тыйым салу мен бұл мүлiктi талапты қамтамасыз ету тәртiбiмен ұстап қалуға және бұл мүлiкке өндiрiп алуды қолдануға, егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, тиiстi мемлекеттiң құзiреттi органдарының келiсiмiмен ғана жол берiледi.

  2. Халықаралық ұйымдардың соттық иммунитетi Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында, сондай-ақ бұл ұйымдардың Қазақстан Республикасының құзiреттi мемлекеттiк органдарымен келiсiмдерiнде белгiленедi.

  3. Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасында тiркенлген дипломатиялық өкiлдерi және Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында аталған басқа да адамдар Қазақстан Республикасының заңында, халықаралық құқық нормаларында немесе халықаралық шартында белгiленген шекте Қазақстан Республикасы сотының азаматтық iстер жөнiндегi құзіретіне жатады.

Мемлекеттiң iшкi және сыртқы экономикалық қатынас функцияларының кеңеюi, оның халықаралық жеке құқықта құқықсубъектiлiгiнiң пайда болуына әкелдi. Бiрақ иммунитетi бар егемендi мемлекеттiң пайда болуы, халықаралық тауар айналымындағы жеке қатысушыларға кедергiсiн тигiздi. Сондықтан да соттық тәжiрибиеде және доктриналарда иммунитеттi шектеу пiкiрi пайда болды.
Абсолюттiк иммунитет туралы доктрина мемлекеттердiң қатысуымен жүргiзiлетiн коммерциялық қатынастарға кедергi келтiретiндiктен, тәжiрибиеде бұл доктрина толық күйiнде қолданыла алмайды. Шетел мемлекетiнiң аумағында мемлекет қаншалықты шетел мемлекетi өз заң құзiретiнен бас тартса соншалықты иммунитетке ие болады. Сондықтан абсолюттi иммунитеттi қолданатын мемлекеттер шетел мемлекетiнiң де иммунитетiн өзара жүргiзедi немесе реторсия қолданады. Тәжiрибеде және доктринада көрсетiлгендей, мемлекеттiк құқықтық тұлғаның автономдық теориясы көп социалистiк мемлекеттердiң, соның iшiнде Қазақстанның функционалдық иммунитеттi қабылдауын дәлелдейдi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет