Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет40/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   141
annotation9411

Пысықтау сауалдары:
1. Заңды тұлғаның жеке заңы нені білдіреді?
2. Жеке статуттың маңыздылығы
3. Оффшорлық компанияның маңыздылығы

6-тарау


Мемлекет- халықаралық жеке құқықтағы ерекше
субъектісі ретінде


§1 Мемлекеттің халықаралық-құқықтық иммунитетінің негізі.

Шетел заңында «мемлекет иммунитеті» қағидасы барлығымен танылған халықаралық құқықтың қағидасы болып табылады. Шетел заңнамасында қолданылатын «мемлекет иммунитетi» барлық басқа мемлекеттермен қолданылады және халықаралық құқықтық доктринаға енгiзiлген.


«Мемлекет иммунитетi» халықаралық құқықтың қағидасы, императивтiк нормасы болып табылады, яғни jus cogens нормасы болғандықтан барлық мемлекеттердiң қарым қатынасында қолданылуы тиiс. Бұл жағдайда «қағида» терминi құқықтық норма ретiнде және мемлекеттер арасындағы кең көлемдi реттеушi негiз ретiнде қолданылады. Құқықтық норма-қағида, мазмұнын ашатын арнайы құқықтық нормалар жүйесiнiң қолданылуын көздейдi. Осыған байланысты «мемлекет иммунитетi» туралы норма-қағиданы халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормаларын бiрге қарастыратын норма ретiнде қолданамыз.
Халықаралық жеке құқықтағы «мемлекет иммунитеті» қағидасы халықаралық жария құқықтан, оның бiр тармақшасы ретiнде елшiлiк құқығы дамыған кезде, алынған. Сол кездегi елшiнiң жеке иммунитеттерi және артықшылықтары халықаралық «мемелекет иммунитетi» қағидасының макетi ретiнде көзделдi. Қазiргi уақытқа дейiн осы қағиданың мазмұны өзгермеген, яғни «әр мемлекет басқа мемлекеттiң заң құзiретiне бағынбау иммунитетiне ие болады».
Осыған байланысты «иммунитет» және «құзірет» сөздерiне түсiндiрме беру қажеттiлiгi туындайды. Иммунитет дегенiмiз шетел заң құзiретiнен босатылу, яғни заңға бағынбау болып есептеледi. «Мемелекеттер бiр бiрiнiң заңына бағынбайды». Юрисдикция сөзiне келетiн болсақ, халықаралық ғылыми доктриналар бойынша юрисдикция дгенiмiз бiр мемлекеттiң заңы бойынша өз өкiлеттiлiгiн жүргiзу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет