§2 Мемлекет иммунитетiнiң түсiнiгi мен элементтерi.
Иммунитет институтын түсiну үшiн, оның құқықтық негiзi мен табиғатын түсiну қажет. Осы институттың дамуының бiрiншi сатысында соттар халықаралық сыпайылықта comitas gentium шетел мемлекеттерiнiң иммунитетке құқығын негiздедi. 1688 жылы голландия сотының шешiмiмен бiрiншi рет шетел мемлекетiнiң иммунитетiн мойындау үшiн халықаралық әдептiлiкке сiлтеме жасалған. Iсте жеке тұлғалардың испандық ханға деген талабын қамтамасыз ету шарасы бойынша голландық портта испандық үш кеме тоқтатылды. Сот шешiмiнде шетел егемендiгiне қарасты әдептiлiк ережелерiне сәйкес, шетел мемлекетiнiң кемелерiн қамауға алуға болмайды. 19 ғасырдың басында америкалық соттар мемлекет иммунитетiн қалыпты халықаралық құқықтың нормасы ретiнде есептедi. Халықаралық сыпайылық немесе халықаралық құқықтың әдет-ғұрпына қарамастан, сот тәжирибиесiнiң басталуынан мемлекеттiк иммунитет мемлекет арасындағы егемендiктiң нәтижесі ретiнде қарастырылды.
БҰҰ халықаралық комиссиясы көптеген мемлекеттердiң сот тәжiрибиелерi мен доктриналарын зерттеп, мынадай тұжырымға келдi: «мемлекет иммунитетi пайдасына ең салмақты дәлелдемелердi халықаралық құқықтан табуға болады, олар әдет-ғұрыпта және мемлекеттiң тәжiрибиесiнде мемлекет құндылығы, егемендiк, тәуелсiздiк, теңдiк қағидалары арқылы көрсетiлген. Барлық осы түсiнiктемелер өзара тығыз байланысты және толық жиынтықта мемлекет иммунитетiнiң мықты халықаралық құқықтық негiзiн құрайды. Иммунитет бастауын егемендiктен алады. Егер екi мемлекеттiң жағдайы тең дәрежеде болса, онда бiр мемлекет екiншiсiне байланысты өзiнiң билiгiн немесе өз егемендiгiн жүргiзе алмайды: рar in parem imperium non habet».
Жеке құқық саласында мемлекеттiк иммунитет – нәтижелiлiктiң, егемендiктiң аспектiсi болады. Тең теңнiң үстiнен билiгi мен заң құзiретiн жүргiзе алмайды. БҰҰ халықаралық құқық комиссиясының қорытындысы мемлекеттiк иммунитет аясындағы халықаралық шарттардың және ұлттық заңдардың құрылуына үлкен септiгiн тигiздi.
Мемлекет иммунитетiнiң әрекет өрiсiн анықтау үшiн, мемлекет терминiнiң түсiнiгi қажет. БҰҰ Бас Ассамблеясы мен халықаралық құқық комиссиясының ұсынған «Мемлекет және оның меншiгiнiң иммунитеттерi» конвенциясының жобасында мемлекет терминiнiң түсiнiгiне федеративтi мемлекеттiң құрамдас бөлiктерi де келтiрiлген. 1999 жылы редакцияда мемлекет терминiне келесiдей түсiнiктемелер берiлген:
1) мемлекет және оның органдарының бас шылығы; 2) мiндеттеменi беру шегiндегi мекемелер мен басқа кеңселер; 3) мемлекеттiк билiкке өкiлеттiктерi бар унитарлы мемлекеттiң саяси және федеративтi мемлекеттiң құрамдас бөлiктерi.
Жоғарыда көрсетiлгендей иммунитет толық мемлекеттiң өзiне ғана емес, сонымен қатар оның әр бөлiктерiне жекеленiп қолданылады. Мемлекеттiң ресми қызметiн атқарған жағдайда мемлекеттiң ресми өкiлдерiне де иммунитет қолданылады. Федеративтiк субъектiлердiң жағдайы унитарлы мемлекеттiң саяси бөлiктерiмен теңдестiрiлген.
Шетелдік заң құзiретiнен мемлекет иммунитетi келесi элементтерден құрылады: 1) соттық иммунитет; 2) алдын ала талап бойынша қолданылатын шаралардан иммунитет; 3) сот шешiмiн мәжбүрлі түрде орындатудан иммунитет; 4) мемлекет меншiгiнiң иммунитетi; 5) мемлекет келiсiмдерiнiң иммунитетi.
Соттық иммунитет дегенiмiз – тар мағынасында шетел мемлекетiнiң сотына бағынбау иммунитетi болып есептелiнедi. Мемлекет шетел мемлекетiне өз сот билiгiн жүргiзе алмайды, басқаша айтқанда шетел мемлекетi жауапкер бола алмайды. Бiрақ мемлекеттен өзiнiң заңдық мүдделерiн және құқығын қорғау барысында шетел сотына арыз берсе, шетел мемлекетi заң құзiретiнен бас тарта алмайды. Бұндай бас тарту егемендi мемлекет құқықтарының бұзылуына әкеледi.
Шетел сотының iсiнде мемлекет жауапкер ретiнде қатыса алады, егер бұл мемлекет ерiктi түрде келiсiмiн берсе. Бұл әдiлетсiздiктiң белгiсi болып саналмайды. Iске мүдделi тұлғалар ешбiр кедергiсiз мемлекетке, оның органдарына, заңды тұлғаларына қарсы сол мемлекеттiң сотына арыз бере алады. Бұл жағдайда иммунитет туралы сұрақ туындамайды. Сонымен қатар өз мемлекетiнiң басқармасына дипломатиялық қорғау көрсету туралы өтiнiш бере алады.
Сот шетел мемлекетiнiң қатысуымен жеке құқықтық дауды қарастырған кезде, алдын ала талап бойынша шараларды қолдануға құқығы жоқ, өйткенi бұл шараның мәжбүрлi сипаты болады. Әдетте бұл шаралар сотпен iстi қозғау алдында қолданылады. Әр жағдайда, егер бұндай (шетел мемлекетiнiң банктiк шоттарын жабу, мүлкiнiң тiзiмiн жүргiзу, мемлекеттiң өз мүлкiн қолдану құқығын шектеу) жағдайлар шетел мемлекетi немесе оның мүлкiне қатысты әрекеттер болса, олар иммунитетке сәйкес қолданылмайды.
Дауды шешуге өкiлеттiлiгi бар органдардың, шетел сотының немесе арбитраждың шешiмiн мәжбүрлi түрде орындатуға құқығы жоқ. Екiжақты және көпжақты келiсiмдер, сонын iшiнде арбитраждың шешiмдерiн орындау туралы 1958 жылғы Вена конвенциясы мемлекет иммунитетiн шектемейдi. Осындай келiсiмдердi қабылдап, мемлекет иммунитетiн, шетел мемлекетiне қарсы өз азаматтарының және заңды тұлғаларының iстерi бойынша шешiмдi жүзеге асыру үшiн өз еркiмен шектейдi. Жалпы ережеге сәйкес, мемлекетке қарсы шетел мемлекетiнiң шешiмiн жүзеге асыру үшiн, сол мемлекеттiң келiсiмi қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |