Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды



Дата08.06.2016
өлшемі49.83 Kb.
#123015




Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды


040008, Талдықорған қ., Біржан Сал көшесі, 130/132, анықтама телефондары: (7282) 24-35-78, факс: (7282) 24-33-36, электронды мекен-жайы: Аn.mukabaeva@minfin.gov.kz

C-R-5 санаты үшін жоғары немесе ортадан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-5

64 959,70

88 278,99


1. Райымбек аудандық қазынашылық басқармасының төлемдерді алдын-ала бақылау және өткізу тобының жетекші маман-жетекші қазынашысы С-R-5 санаты, 1 бірлік

2. Ұйғыр аудандық қазынашылық басқармасының төлемдерді алдын-ала бақылау және өткізу тобының жетекші маман-жетекші қазынашысы С-R-5 санаты, 1 бірлік

3. Текелі қалалық қазынашылық басқармасының төлемдерді алдын-ала бақылау және өткізу тобының жетекші маман-жетекші қазынашысы С-R-5 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемелердің қаржылық құжаттарын электронды тасығыш және қағаз түрінде қабылдау, енгізу, қабылданған, енгізілген құжаттардың Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуын тексеру, орындалмаған құжаттарды кері қайтару, мемлекеттік мекемелер өткізген құжаттардың дұрыстығын және рәсімделуін бақылау, жүргізілген операциялардың Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуын бақылау, компьютерде жұмыс істей білу, мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару). Жоғары немесе ортадан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету)

Құжаттарды қабылдау 10 жұмыс күні ішінде 040008, Талдықорған қ., Біржан Сал көшесі, 130/132, анықтама телефондары: (7282) 24-35-78, факс: (7282) 24-33-36,: мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады. Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын электрондық Аn.mukabaeva@minfin.gov.kz мекен жайы бойынша ұсына алады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)өтініш;

2)3х4 сүретпен нысанда толтырылған саулнама

3)бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;


4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7)құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы хабарландырудың 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет