ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, әрине, ақын поэзиясының жаңашылдық үлгілерін ашуда зерттеудің осындай тәсілдерін де колданудың еш әбестігі жоқ. Қайта қажет, пайдалы. Сонымен бірге Абайдың көркем форма саласындағы жаңашылдығы ешбір есептеудің, жіпке тізгендей санап шығудың, үзілді-кесілді айтудың шеңберіне симайтындығы да хақ. Ал жалпы ақындық шеберлік туралы мәселенің аумағы бұдан да кең, бұдан да терең екендігі тіпті де дау туғызбаса керек.
Әдетте, Абайдың лирикалық поэзиясының көркемдік ерекшеліктері жайында сөз болады да, ал оның поэмаларының әралуан қырлары қағас қала береді. Шындап келгенде Абайдың поэмаларында, әсіресе «Ескендір» поэмасында тереңірек үңілуге, көңіл бөліп, көз тоқтатуға тұрарлық мезеттер мен көркемдік компоненттер аз емес. Ал Абай өлеңдерінің композициялық құрылысындағы ерекшеліктер мен шеберлік үлгілері жайында әлі күнге дейін қалам тартылмады десе де болғандай. Қазіргі лингвистиканың басты ерекшелігі тіл иесінің қолданысындағы тілдің жүйелік және құрылымдық жағына емес, қатынас құралы ретіндегі қызметіне бағытталуымен сипатталады. Осымен байланысты, қазақ тіл білімінде де тілдік қатысымның субъектісіне баса назар аударылып, тілдің нақты қарым-қатынас жағдайындағы жұмсалымын адресанттың ойы мен адресатқа қарым-қатынасын жеткізуші экспрессивті құралдар жүйесін және коммуникацияны тіл арқылы өзара әрекеттесу тәсілі ретінде қарастыратын ғылым ретінде прагматикаға қызығушылықтың артуы байқалады. Осымен байланысты қазіргі тіл білімінде қалыптасқан қазақ этносының бітім-болмысын тіл арқылы тануға мүмкіндік беретін антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің аясында сөз құдіретінің сапалық деңгейі жан-жақты ашылатын дара тілдік тұлғалардың шығармашылық тілін (көркем мәтін тілін) зерттеудің мәні ерекше. Соған сәйкес, көркем тілдің коммуникативтік-прагматикалық әлеуетін антропоөзекті парадигмада зерттеу нысанына «тілдік тұлға» ұғымының төңірегінде шоғырланған мәселелер, атап айтқанда, оның поэтикалық мәнмәтінді (контексті) құратын психологиялық болмысы, шығармаларындағы автордың дүниетанымдық бейнесі, этно-мәдени және әлеуметтік ерекшеліктері т.б. тұтасқан кеңістігі, концептуалды өрісі алынады.
Абай шығармаларын оқи отырып, біз оның ақындық ойының түпсіз тұңғиықтығына, ақындық сезімдерінің әсерлілігі мен шексіз байлығына, тазалығы мен мөлдірлігіне таң-тамаша каламыз. Ол өмірге, шындыққа қыранша шырқау биіктен қарады. Бірақ оның көреген көзі ешнәрсені мүлт жіберген жоқ, оның үлкен жүрегі бәріне де сергек үн қатты, дәуір дүбіріне қоса жаңғырықты. Ол ұлы ойлар мен ілгерішіл идеяларға, ғажайып көркемдікке толы тұтас бір әлем тудырды. Әдебиет пен көркем өнерде гуманизм мен демократизмді, халықтық бағытты көксеген суреткерлерге уақыт сол әлемнің есігін айқара ашты
Сонымен, қорытындылай келетін болсақ, Дулат Бабатайұлы шығармаларының ерекшелігі – тақырыптарының ауқымдылығы мен кеңдігі, шынайы өмір сипатының айқын көрінуі, адамгершілік мүддесінің биіктігі болып табылады. Ақынның тілі бай, ойы терең болуының басты құпиясы шығармаларының нақтылық пен дәлдікке, даралық пен дәйектілікке бағытталғандығында. Сондықтан да Дулаттың лексикасы ұлттық рухты оятудың, шыңдаудың құралы ретінде қолданылады. Ақынымыздың тілі алмас қылыштай өткір, алдаспандай айбарлы, сыншылдық сипаты айқын көрінетін құнарлы лексика. Ол елдің жағдайына, халықтың мүддесіне, ұлттың келешегіне өзінің ортасы мен айналада болып жатқан түрлі құбылыстарға өткір сын, терең пайыммен қарап отырып өзінің әділ бағасын береді. Ащы сөз ақиқаттың айнасына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |