Аманбаева к. Н



бет10/14
Дата02.04.2023
өлшемі149.09 Kb.
#471579
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Диплом Камиииииииииии

Қаптаған қап тауындай қалың күшпен,
Аямай салдың маған салмағыңды
«А, жалған білім жаңа алдарыңда»
Ақ сұңқардай айналаға көз салып,
Жастық алтын тұрған кезде бабында
«Қайтер едің?»Мұңды жүрек улы дәрі
Толтырылған сарайдай.
Байырғы теңеулер авторлық теңеулерге қарағанда көбірек қолданылған. Бұлар - халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жырауларда, Махамбетте, Абайда, одан беріде Мағжанда қолданылған теңеулер. Мысалы: селдей, моншақтай, қызғалдақтай, айдаһардай, 
арыстандай, жолбарыстай, найзадай, алдаспандай, қырмызыдай, таудай, жіптіктей, судай, дариядай т.с.с. Ауыз әдебиеті шығармаларында теңеу сөздер сын есім тудыратын -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы да, секілді, сияқты, тәрізді, бейне, сықылды деген септеуліктер арқылы да жасалған. Жалпы қазақ тіліндегі теңеулерді Т.Қоңыров жасалу жолдарына қарай он топқа бөлгендігі белгілі [22, 151-б]. Ал теңеулердің синтаксистік құрылысына келгенде, ғалым оларды жалаң теңеулер, күрделі теңеулер, бірыңғай теңеулер, толымды теңеулер, толымсыз теңеулер, болымсыз теңеулер деп алтыға бөліп қарастырады. Бернияз Күлеев шығармаларының тілінде синтаксистік құрылымына қарай жіктеліске түскен теңеулердің бұл алты түрі де ұшырасады.
Жалаң теңеулер - теңеудің байырғы түрлерінің бірі. Т.Қоңыровтың айтуынша, теңеудің бұл түрінде сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері толық болмайды немесе кейбірі түсіріліп айтылады. Ондай теңеулер, синтаксистік тұрғыдан келгенде, жалаң сөйлемге ұқсайды. Т.Қоңыровтың жалаң теңеулер деуі де осыдан туындаса керек.
Қайрат қызса, құмды судай сапырдық,
Таудай істі түк көрместен жапырдық.
Аламыз деп алтын айды аспаннан
Арыстандай айбат шегіп атылдық –деген төрт өлең жолынан тұратын үзіндіде судай, таудай, арыстандай деген үш теңеу бар десек, сөйлемдердің морфологиялық тұлғасына= көрініп тұрғандай «сен» деген қимылды атқарушы, істі жүзеге асырушы субъект жасырын тұр. Сонымен бірге бұл екі сөйлемде тұрлаусыз мүшелер де толық емес. Мұндай жалаң теңеулер Бернияздың өлеңдері мен поэмаларында көптеп кездеседі, сол себепті де теңеудің өзге түріне қарағанда осы жалаң теңеулер ең көп қолданылған деуге негіз бар. Өзінің құрылысы жағынан күрделі теңеу-жалаң теңеуге қарама-қарсы құбылыс. «Мұнда не образ, (көбіне образ) не предмет немесе екеуі де өздеріне бүтіндей күрделі ұғымды негіз етіп алады да, соның нәтижесінде күрделі ойға негізделген, шытырман суретке құрылған, эмоциялық-экспрессивтік әсері күшті теңеулік образдар жасалады», - дейді Т.Қоңыров [23, 98-б]. Теңеудің осындай күрделі түрі Б.Күлеев поэзиясында да көрініс тапқан. Негізінен, мұндай екі немесе одан да көп тілдік компоненттерден жасалатын теңеулер адамның не құбылыстың кейпін беруде қолданылып, суреттеліп отырған объектіге мейлінше бейнелілік үстемелейді. Айталық: шын сұлудай, ақ сұңқардай, алтын қияқты найзадай, айбатпен аузын ашқан айдаһардай, жас жігіттей көңілі шағылмаған, зіл тастай момын көңіл т.с.с. Бұл теңеулердің қай-қайсысында да жалаң теңеулерге қарағанда, образ айқын, автордың айтпақ ойы, поэтикалық идеясы бүтін берілген.
Теңеу сөздердің келесі бір түрі - бірыңғай теңеулер. Бірыңғай теңеулер конструкцияға құрылған. Бұл теңеулердің өзге теңеулерден басты айырмашылығы - олар бірдей морфологиялық тұлғада тұрып, бірыңғай синтаксистік қызметте болады. Ең бастысы бірыңғай теңеулер арқылы автордың айтпақ ойы бір-бірімен толықтырылып, үдемелі ыңғайластық қатынаста болады. Мәселен, Бернияздың «Іңкәр жүрек» поэмасында:
Жауқазындай жайқалып,
Жан біткендей шайқалып,
Сыбырласты сала да
деген жолдардағы асты сызылған сөздер бірыңғай теңеулер. Егер олардың лексика-семантикалық қызметіне қарасақ, онда бірыңғай теңеулер қосарлана келіп, негізінен, бір объектінің жай-күйін көрсетеді. Теңеудің бұл түрі ақынның лирикасына қарағанда поэмаларында жиі кездеседі. Соған қарағанда олардың оқиғасы күрделі әрекетті беруге бейім екендігін көруге болады. Мұндай тұжырым жасауымызға бірыңғай теңеулердің прозалық шығармаларда көбірек ұшырасатынын да дәйек ретінде айта кетудің маңызы бар.
Толымды теңеулерді орыс тіл білімінде бірқатар зерттеушілер арнайы қарастырған. Олардың қатарында В.В.Томашевский, т.б. атауға болады [24, 253-б]. Теңеуді толымды және толымсыз деп бөлушілердің пікірінше, ең басты мәселе - теңеуге тән конструкцияның барлық бөліктерінің яғни объектінің, образдың, белгінің түгел болуы немесе болмауы. Мәселен,
Бірінен бірі жарық сансыз жұлдыз,
Көрсетер көкті көркем бейне күндіз.
Жарқылдап жалақ ойнап жүрген қыздай,
Жалт етер жымың қағып қалдырған із,-деген тармақтардағы бейне күндіз «Әдемі түн» теңеуі образ болса, жұлдыз - объект, ал белгісі - көрсетер көкті. Осы үзіндідегі тағы бір теңеу «қыздай» десек, ол толымды теңеудің компоненті болады. Мұнда объекті ортақ, ол - жұлдыз, ал белгісі – «ойнап жүрген», образы – «қыздай» болады.
Толымсыз теңеуде теңеуге тән үш компоненттің бірі түсіріліп беріледі. Мәселен, Б.Күлеевтің «Әдемі түн» өлеңі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет