Аманбаева к. Н


Б.Күлеев шығармаларындағы троп пен эпитеттің қолданылу аясы



бет9/14
Дата02.04.2023
өлшемі149.09 Kb.
#471579
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Диплом Камиииииииииии

2.2 Б.Күлеев шығармаларындағы троп пен эпитеттің қолданылу аясы
Қандай да болсын ақын-жазушының шығармаларына тілдік тұрғыдан қойылар негізгі талап - олардың көркемдік деңгейі. Әдеби туындыны көркем дүние деп атау, ал оның авторын шынайы қаламгер деп тану үшін шығарма белгілі бір көркемдік талаптарға жауап беруге тиісті. Ал көркемдіктің өлшемі - қолданылған сөздің ойды бере алатындай орынды һәм бейнелі қолданыстарға ие болуымен тығыз әрі тікелей байланысты. Проза мен драмаға қарағанда, поэзия тіліне қойылар көркемдік талап жоғары. Өйткені, «Поэзия өмір шындығын ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой жеткізудің құралы» [21, 44 б]. Көркем ойды жеткізудің соған сай поэтикалық жүйесі қалыптасады. Мұндай көркем жүйенің әр авторға тән өзіндік сипаты болады. Мәселен, кейбір қаламгерлер шығармаларында теңеу мен эпитеттер, кейбір ақын-жазушыларда ауыспалы мағынадағы поэтикалық құралдар, үшіншілерінде синтаксистік айшықтаулар көбірек кездеседі. Б.Күлеев шығармаларының тілінде эпитет, теңеу, метафора, инверсия, қайталау сияқты поэтикалық құралдар мейлінше көбірек қолданыс тапқан.
Б.Күлеев өлеңдерінде осындай көркемдік, бейнелілік тудыратын сөздердің ең үлкен тобы - эпитет сөздер. Кезінде А.Байтұрсынов «Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтуынсыз келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөзді қосып айтамыз» деп жазған. Айқындау, яғни, эпитет-көркем әдебиеттің бейнелілік тудыратын аса мол ресурстарының бірі. Эпитет те теңеу сияқты троптарға, синтаксистік фигураларға жатпайды. Өйткені троптар ауыспалы мағынада тұрса, ал айшықтаулар немесе фигуралар сөздің сөйлемдегі орнымен, қайталануымен немесе тіркес жасау ерекшеліктерімен,яғни олардың синтаксистік құрылысы-
мен байланысты. Кейбір ақын-жазушылардың тілін зерттеуде эпитетті троптың шеңберінде қарастыру ұшырасып жатады, оның тура мағынадағы сөз екендігі, әуелгі семантикалық ерекшелігі бұрмаланып беріліп жүрген жайы да бар. Троптарды қолдану жазушының көркем ойының астарлы ойлау жүйесімен байланысты болса, эпитетті қолдану оның байқампаздығын аңғартады.
Эпитет арқылы тіркестер жасау Б.Күлеев поэзиясында негізінен алғанда табиғат көркін берумен байланысты. Жалпы, бұл - дәстүрлі ерекшелік. Табиғат лирикасында эпитеттер қашан да көбірек қолданылған. Мәселен, жасыл жапырақ, сұрғылт бұлт, қыналы қыр, тобылғылы қызғалдақ, жылтыр қанат көбелек, жазғы таң, қырмызы қыр, т.с.с. Адамның түр-түсін, заттың ерекше белгісін беруде де эпитеттің өзіндік мәні бар. Мәселен, үлкен қала, елең-алаң күй, қатты, қара жартас, сүйікті анам, сұлу қыз, адал жүрек, ақ ниетті перизат, т.б.
Бернияз белгілі бір эпитеттерді бірнеше рет қайталай қолдана отырып та, бейнелілік тудырады:
Жаңа дүние, жаңа тұрмыс, жаңа жан,
Жаңа бағыт, жаңа иман, жаңа заң,
Қашан, қайда болды ескілік-есте жоқ,
Бәрінде де жаратылыс жаңадан
«Не істер ем?»
Эпитеттер ақын шығармаларында үш түрлі жолмен жасалады:
1. Сын есімдер ешбір жұрнақсыз түбір күйінде тұрып, зат есімнің сипатын, сынын айқындайды. Мысалы: қалың ағаш, жарық жұлдыз, жас ақын, ақ қағаз, көркем көз, т.с.с.;
2. Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар арқылы. Мысалы: жаз-ғы таң, қыс-қы боран, айбар-лы азамат, аршын төс-ті ел, бу-лы арал, т.с.с.;
3. Заттың не құбылыстың айрықша белгісін көрсететін сөздер ретінде етістіктер де қолданылады. Мысалы: қиқулаған қаз, жүгірген аң, майысқан гүл, т.с.с.
Теңеу сөздер де Б.Күлеев шығармалары тіліндегі ең актив қолданылған лексикалық бірліктер қатарынан орын алады. Эпитет сөздерді қолдануда экспрессивтілік айқын көріне бермейді. Себебі, біріншіден, сөз тура мағынасында тұрғанда экспрессияға бейімдік таныта қоймайды. Ал теңеулерде түсінік ассоциациясы семантикалық жағынан алғанда басқа сөздің тіркесінен барып қалыптасады да, теңеулердің лексика-семантикалық структурасында экспрессоидық қуат жатады. Сондықтан да теңеу сөздерде стильдік реңк эпитеттерге қарағанда айқынырақ байқалады. Теңеулер Бернияздың әр жылдары жазылған әр алуан тақырыптағы өлеңдері мен поэмаларында кездесе береді. Ақын қолданған теңеулерді сипатына қарай авторлық теңеулер және бұрынғы әдебиетте бар дәстүрлі теңеулер деп екіге бөлудің жөні бар сияқты.
Автордың дара шығармашылық қолтаңбасынан шыққан теңеулерінде екі сөзден жасалған теңеулердің саны көбірек. Мәселен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет