АНТИТЕЗА(шендестіру) – кереғар екі затты не құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын суреттеу.
ТЕҢЕУ - заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.
МЕТАФОРА - суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау.
СИНЕКДОХА - Бір ұғым орнына екінші бір ұғым айтылуы мезгеу (синекдоха) болады.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілі: Сөз өнері әр халықтың рухани өсуінің, өмірі мен тағдырының көркем шежіресі, жан сыры ретінде танылумен бірге оның мақтанышы, даңқы болып та табылады. Әр халықтың елдік сипаты, жарқын қасиеттері ең алдымен оның әдебиетінде терең елес береді. Поэзия — адам баласының мәдениетін дамытудағы ең қуатты, құдіретті кұралдардың бірі. Ежелден бері поэзия көктеп өсудің, күрес пен жеңістің, жаңғырып жасарудың белгісі болып келеді
Барлай қарасақ, Абайдың халық поэзиясымен байланысы біз ойлап жүргеннен әлдеқайда терең, әлдеқайда күрделі екенін байқауға болар еді. Өйткені, ондай белгілер мен мұндалап, көзге шыққан сүйелдей болып тұрған жоқ, тереңде жатыр. Абайда эпигондықтың ұшқыны да жоқ.
Жазба поэзияның іргетасын нық қалаған Абай атамыз болса, осы іргетасты қалай қалау керек екендігін, алғашқы үлгісін көрсеткен қазақ поэзиясының ХІХ ғасырдағы алыптарының бірі - Дулат Бабатайұлы.
Дулат – жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл – жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең сөз арқылы ақыл, насихат айтатын дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Ендігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі.
Айшықты сөз қолданыстарын ұлттық тілден құнарланып өскен бас ақындарымыздың өзіндік ерекшеліктерін енгізе отырып қолдануы шеберлік емей не?! Тақырыптың өзектілігі де осында.