Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


өмірде адамдарда екі-ақ таңдау бар -- күресіп, алға ұмтылып



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата09.08.2024
өлшемі470.02 Kb.
#503137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Аманжол Рысмендиев Кәсіпкерлік құпиясы

өмірде адамдарда екі-ақ таңдау бар -- күресіп, алға ұмтылып,
жеңіске жету немесе бəріне көніп, қол қусырып қарап отыру. Міне,
өмірдің алтын заңдылығы деген – осы.
«Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ
алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден
сақтасын».
Гете.
Бизнестің басты қағидасы
Өмірдің алтын заңдылығы -- бизнестің де басты қағидасы.
Жапония мемлекетінің экономикасын ең үлкен деңгейге көтерген
«Кайзен» деген қағида бар. Кайзен қағидасын қарапайым сөзмен
айтсақ, өз салаңызда тоқтамай үнемі даму деген мағынаны
білдіреді. Сіз де өз бизнесіңізде Кайзен қағидасын қолданып
«Болдым, толдым» деп жайбарақат отырмауыңыз керек,
бəсекелестерден қашанда биік, алда тұру үшін ізденуге, талпынуға
тура келеді. Кризиске кай компония ұшырайды? Бəрі проста! Кай
компонияның товары немесе қызмет жасау сапасы халық
сұранысын қанағаттандырмаса, жарнамасы мен басқару тəсілі


əлсіз болса, нарықтық анализі мен болашақ жоспары бұлыңғыр
болса, сол компония кризиске ұшырайды. Яғни, өмірдің алтын
заңдылығы мықты компониялар табыс тұғырында жүреді, ал əлсіз
компониялар алған қарыздарын уақытында қайтара алмай,
қызметкерлеріне уақытында жалақыларын бере алмай
проблемаларға белшесінен батып жүреді! Сізге ұнаса да, ұнамаса да
нарық сол, мықтыларын өзі іріктеп алып, əлсіздерін əбігерге түсіреді.
Сондықтан, менің кəсібім кризиске ұшырауда деп байбалам салмай, өз
əлсіздіктеріңізге, нарықтың талабына төтеп бере алмай жатқан
кəсібіңіздегі олқылықтарға көңіл аударыңыз!
Жағдай+Қабылдау=Нəтиже!
Менің практикамда мынадай формула бар:
«Жағдай+Əрекет=Нəтиже». Жағдайды дұрыс бағамдап, соған қарсы
əрекет етсеңіз, Сіз міндетті түрде нəтижеге жетесіз!
Мəселен, доллардың өсіп кетуі – жағдай, сол сияқты əйелдің
күйеуіне көңілі толмай, томаға-тұйық жүруі де – жағдай. Көп адам міне,
осы жерден қателікке бой алдырады. Яғни алдынан шыққан
проблеманың бəрін жағдайға əкеліп тірей салады. «Менің өмірде
биікке көтеріле алмағаныма өкімет кінəлі, себебі мүмкіндік бермеді»,
«Мен жалақым аз, сондықтан тұрмыс-жағдайым нашар» немесе
«Пəленше секілді бастық бола алмадым, өйткені менің жоғары жақта
тамыр-танысым жоқ» деген сылтауларды айтады. Қытай халқында
«Дауылдың қалай соққаны маңызды емес, қайықтың желкенінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет