Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


Атақты композитор Л.Бетховеннің: «Адамның аса зор



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата09.08.2024
өлшемі470.02 Kb.
#503137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Аманжол Рысмендиев Кәсіпкерлік құпиясы

Атақты композитор Л.Бетховеннің: «Адамның аса зор
ерекшелігі – ең қиын кедергілерді жеңудегі табандылығында», --
деген сөзін үнемі жадыңызда ұстаңыз!
«Əр адамның өмірде бақытты жəне бақытсыз болуы,
табысты жəне табыссыз болуы өз қолында».
Халық даналығы.
100 пайыз жауапкершілік -- Жеңімпаздардың басты қасиеті


Мен өзімнің 10 жылдық тренерлік тəжірибеме сүйенсем,
алдымнан 40 мыңға жуық адам өтті. Елге еңбегі сіңген, өз ортасында
абыройлы азаматтармен дастархандас болдым, əріптестік байланыс
орнаттым. Осы аралас-құралас болған адамдардың арасынан өздерін
шын бақытты сезінетін, қиындықтарға төтеп бере алғанын көрсем,
міндетті түрде құпиясын білуге тырысатын əдетім бар. Зерттей
келгенде, олардың жетістікке жетуінің басты құпиясы өздеріне қатысты
мəселелерде 100 пайыз жауапкершілікті сезінгендерінде екеніне көз
жеткіздім. Яғни адам өз өміріне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Бұл ретте Сұтанмахмұт Торайғыров атамыз мынадай сөз айтып
кеткен:
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
«Тағдыр қылды» дегенді,
Шығарамын сөзімнен!
Міне, 100 пайыз жауапкершілікті сезінетін адамдардың сөзі –
осы!Жауапкершілік -- өз өміріңді өзгертуге деген құқығың, оны əрбір
секунд сайын қайта жасауға деген құқығың!
Жауапты болу — өзіңе жеке билік жасайтын қожайын болу, иелік
ету дегенді білдіреді. Бұл, сенің өміріңе ешкімнің де қол сұға
алмайтынын білдіреді. Бұл өз бақытыңды өзіңе жасауға мүмкін екенін
жəне мұнда ешкімнен сен тəуелді емес екеніңді білдіреді…
Жауапты болу дегеніміздің өзі не? Яғни, бұл сенің барлық
ойларың, сенің сезімдерің, сенің көңіл күйің, сенің бақытты болуың,
бақытсыздығың, немесе сенің ішкі дүниеңде болып жатқан
жағдайларды үнемі саналы тұрғыда түсіну. Бұлардың барлығы тек


сенікі, басқа ешкімдікі де емес. Сенің іс-əрекетің -- бұл сенің жеке ісің,
сенің жауапкершілігің, сенің таңдауың. Ешкім бұған жауап бере
алмайды – тек сен өзің ғана жауап бересің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет