Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата09.08.2024
өлшемі470.02 Kb.
#503137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Аманжол Рысмендиев Кәсіпкерлік құпиясы

қалай тұрғаны маңызды» деген сөз бар. Сондықтан бар қиындықты
жағдайға арта салуға болмайды.


Мен үшін кризис – мол мүмкіндік. Себебі кризис кезінде менің
бəсекелестерім жағдайды бақылауда ұстай алмайды, бір сөзбен
айтқанда не істерін білмей қатты сасады. Осы уақытта мен ешқайда
алаңдамай, жағдайды бақылауда ұстай отырып мол табысқа кенеле
аламын. Сіздер де солай етулеріңіз керек.
Кризиске тап болған кəсіпкер былай ойлауы тиіс: «Иə, кризис
келді! Халықта ақша аз. Бірақ қалайда өз өнімімді өткізуім керек,
себебі бір орында тұрақтап қалуға болмайды! Сондықтан мен белгілі
бір дəрежеде табысқа жету үшін шығарып отырған өнімімді дамытуым
керекпін. Менде əлі бəрі жақсы болады. Бұл қиындықты да еңсеремін.
Менің оған шамам жетеді!» Міне, осы кезде ғана Сіз жоғарыға бір саты
көтерілесіз. Сенбесеңіз, тəжірибе ретінде қолданып көрсеңіз болады.
Осы жерде мен өз өмірім, өмірлік тəжірибем туралы айтсам деп
едім. Мен əкесіз өстім. Бірақ əкем жоқ, мені енді кім қолдайды деп қол
қусырып қарап отырмадым. Керісінше жауапкершілікті өз мойныма
алып, өзімнің соңымнан ергендерді, маған сенім артқан адамдарды
ұятқа қалдырмау үшін намысқа тырысып бақтым. Оқыдым, іздендім.
Білмегенімді сұраудан ұялмадым. Ал осы кезде менің кей достарым:
«Мен де көтерілер едім, əттең «поддержкам» жоқ. Талант бар таныс
жоқ деген осы екен. Қайтеміз, мойынсұнамыз да», -- деп өздерін кері
тартты, өмірдеңе ештеңеге қол жеткізбеді. Француз ойшылы
Ф.Вольтердің: «Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер
болмайды», -- дегенін жадыңызда ұстаңыз!
Тағы бір мысал айта кетейін, АҚШ-та бір нашақор əкенің екі ұлы
болыпты. Ең кенжесі əкесіне ұқсаған нашақор, ал үлкен аты əлемге
танылған адвокат болған екен. Бір əкеден мінезі де, өмір сүру салты


да екі түрлі бала туылғанына таңданған журналистер алдымен кіші
ұлға келіп: «Сіз қалай нашақор болдыңыз?» деп сұрақ қойыпты.
Сөйтсе кіші ұл: «Нашақор əкені көре тұра менде басқа таңдау болды
ма?» -- деп жауап беріпті. Журналистер дəл осы сұрақты адвокат
ұлына қойғанда, ол да: ««Нашақор əкені көре тұра менде басқа таңдау
болды ма?», -- деген екен.
Қарап отырсаңыз, екі ұлдың да берген жауабы бірдей болды.
Бірақ оның астырына мəн беріп қарасаңыз, мағынасы басқаша болып
шығады.Яғни бір əке болғанымен екі бала сол əкесіне екі түрлі көз
қарас танытып өсті. Бірақ біреуінің ерік-жігері əлсіз болды да, əкенің
жолын қуды, ал екіншісі əкесінің əрекетінен өмірлік сабақ алып,
болашақта оны тура жолға салу үшін, жамандықтан қорғау үшін заңгер
мамандығында оқыды. Міне, осыдан-ақ адамдар кез-келген қиындыққа
өмірлік сабақ ретінде қарап, одан ұтып шығатын жолды қарастыруы
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет