Лекция 3. Әлем халықтарының негізгі класификациясы.
Жиі кездесетін сөздер. Расса, морфология, физиология,тілдік мемья, мәдени-шаруашылық.
Жоспар
1.Географиялық класификация.
2.Антропологиялық класификация.
3.Лингвистикалық класификация.
4.Шаруашылық – мәдени класификация.
Мақсаты: Әлем халықтарының негізгі классификациясымен қарастыру.
1.Географиялық класификация.
2.Антропологиялық класификация.
Оларды антропологиялық жағынан қарау деп атаймыз. Антропологиялық нышан белгілеріне қарап, дүние жүзі халықтарының еуропоидтық, монғолдық және негроидтық деп үш үлкен топқа бөлуге болады. Жер шарындағы халықтарды өзара нәсілге бөлгенде, олардың ерте заманнан бері ата – бабасынан сақталып келген сыртқы көріністерінің ( физикалық, дене және тіс қыртыстарының) ерекшеліктеріне қарайды. Бұл белгілеріне анығырақ тоқталсақ, шаштың сыртқы көрінісі, беттегі тыныс жолдарының даму дәрежесі, шаштардың түсуі (пигмейтация), тері мен көздерінің түстері, бойдың ұзындығы, бас сүйектің құрылыс тұрпаты, әсіресе, жақ сүйектің, жақ еттерінің орналасу нышаны бойынша ажыратылады. Адамдардың мұндай нәсілдік белгілері палеолит (тас) ғасырында пайда болған сияқты.
Дүние жүзі халықтарын діни тұрғыдан да топтауға болады. Бірақ халықтарды дін жағынан топқа бөлу өте жасанды, сондықтан да бұл сала этнографтарға айтарлықтай жәрдем ете алмайды. Себебі дін дүние жүзінде ұлттар немесе мемлекеттер бойынша таралған емес. Жер шарын мекендеушілер негізінен: христиан, будда және ислам атты үш үлкен дінге бөлінеді. Бұл діндерді мойындаушылардың ішінде көптеген рулар, ұлыстар, тайпалар, халықтар және мемлекеттер бар.
3.Лингвистикалық класификация.
Халықтарды топтастырудағы есепке алатын негізгі ерекшеліктердің бірі – тіл. Ол басты этникалық белгілердің бірі. Осы белгілерге қарай отырып, халықтардың арасындағы тарихи өзара байланысын, туысқандығын, әрі шығу тегінің жақын – алыстығын, шаруашылық, мәдени ұқсастығын байқауға болады. Осы сияқты жан – жақты жақындық байланыстарды тосыннан пайда болған құбылыс деуге болмайды. Олар халықтардың ғасырлар бойғы қарым – қатынастарының негізінен келіп шыққан.
Жер шарындағы халықтар екі мыңнан астам тілде сөйлейді. Тілші ғалымдар барлық халықтардың тілдерін морфологиялық және генеологиялық принциптеріне негіздеп тіл семьяларына бөледі.
Морфологиялық жолмен жіктегенде дүние жүзіндегі барша халық тілі грамматикалық құрылысының ұқсастығы бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Бірақ морфологиялық жағынан тілді топтау әлі күнге дейін жеткілікті дәрежеде зерттеліп бітпеген іс. Себебі тілдердің грамматикалық құрылыстың ұқсастығын, олардың өзара туыстық қарым – қатынастың қайдан, қалай шыққандығын толық белгілеу мүмкін болмай келеді. Көптеген халықтар туысқандық жағынан бір – бірінен қашық болса да, олардың тілдерінің грамматикалық құрылысы ұқсас келуі әбден мүмкін. Мысалы, Вьетнам тілінің грамматикалық құрылысы, Судан халықтарының тілдерінің грамматикалық құрылысы өте жақын. Сондай жақындықты ағылшын және полинезиялықтар жөнінде де айтуға болады. Морфология бойынша дүние жүзі халықтарының топ – топқа бөлудің осындай қиыншылықтарына қарамастан, кейбір туыстық жағынан жақын халықтарды түбегейлі зерттеп тану үшін, оның керекті жақтары да баршылық.
Генеологиялық (қандас, туысқандық) жағынан тілді топтау бір тіл мен екінші тілдің туысқандық байланыстарын ғана көрсетіп қоймай, бір халық пен екінші халықтың арасындағы тарихи туысқандық жақындығын айқын ашып көрсететін белгілердің бірі. Тілдің генеологиялық жағынан жақындағы халықтардың шығу тегін зерттеуде этнографтарға үнемі көмекші құрал бола алады. Мысалы, орыс пен украин тілдері бір –біріне жақын болса, қазақ пен ноғайлар, қарақалпақтардың тілдері бір – біріне тіпті ұқсас және бұл халықтар бір – бірін еш қиындықсыз түсінісе алады. Ал орыс пен неміс тілдері бір –бірінен өте алшақ жатыр. Олар бір – бірінің сөздерін түсінбейді. Сондықтан да бұл халықтардың арасында генеологиялық байланыстар бар деу қиын.
Тілдердің ұқсастығына қарай, тамырының бір тектілігіне қарай дүние жүзіндегі 2000-нан астам тілдерді бірнеше тіл семьясына бөледі. Ал бір – біріне тамырластығы жақындау тілдерді «тамырлас, туыстас» тілдер деп аталса, бір –біріне тіпті жақын тілдерді кішкене бөліктерге, тармақтарға, тармақшаларға қосып жіктейді. Сөйтіп, дүние жүзіндегі халықтардың тілдері 10 үлкен тіл семьясына бөлінеді:
1.Үнді - еуропалық тіл семьясына Оңтүстік Азиядан Еуропаға дейінгі жерлерді мекендеуші халықтардың тілдері жатады. Кейінгі кездерде, әсіресе, халықаралық қарым – қатынас күшеюімен үнді – Еуропа тілінде сөйлейтін халықтар Америка, Оңтүстік Африка, Австралия мен Океания құрылықтарына көптеп таралған.
2.Семито-хамит тіл семьясында Солтүстік Африканы,Оңтүстік-батыс Азияны мекендеуші халықтар тілдері жатады.
3.Орал-Алтай тіл семьясында сөйлеушілерді угро-фин және алтай - деп екіге бөледі.Угрофин тілінде сөйлеушілер – Еділ өзенінің жоғарғы ағысын мекендеушілер және Венгрия мен Финляндия, Обь өзенінің төменгі жағына дейінгі жерлерді жайлаған халықтар.
Алтай тіл семьясындағы тілде Кіші Азияда Балқан жарты аралында, Якутинға дейінгі жерлерде тұратын халықтар сөйлейді. Анығырақ айтқанда,Орталық Азия,Еділ бойының,Оңтүстік Сібірдің кейбір халықтары осы тілде сөйлейді. Бұл тіл үш топқа бөлінеді: түрік, монғол және тунгус (тунгусманьжур) . Тунгус тілінде сөйлеуші кіші – гірім Азия халықтарына маньжурлар, эвенктер, тунгустар, нанай – гольдтер және басқа ұлт – ұлыстар жатады.
4.Қытай – тибет (сино-тибет) тілінде Шығыс, Оңтүстік – шығыс Азияның тұрғындары сөйлейді. Бұл семьяға қытай тілінен басқа да бірнеше кіші – гірім тан, мяо – яо т.б ұлыстар тілі жатады.
5.Малай –Полинезия тіл семьясында Үнді және Тынық мұхиттарындағы көптеген аралдардың, Мадагаскар мен Пасхи секілді аралдардың тұрғындары сөйлейді. Бұлардың ішіндегі ең ірі тілдің бірі – Индонезия, одан кейін Мальгаш тілдері. Меланезия, Полинезия және Микронезия тілдерінде сөйлейтін адамдар саны жағынан онша көп емес. Олардың тілдері оңтүстік –шығыс Азия халықтарының тіліне ұқсас келеді.
6.Дравид тіл семьясында Оңтүстік Үндістанның, Цейлон аралының бір бөлігінде мекендеушілер сөйлейді. Олар – тел, тамиль, каннар, малаяя және т.б.
7.Мунд тілінде (Орталық Индияны) мекендеушілер сөйлейді. Дравид пен Мунд тілдері алғашқы уақытта осы Индия жерінде пайда болған тілдер болуы тиіс.
8.Банту тіл семьясында Оңтүстік Африканың жарымынан көпшілігінде орналасқан халықтардың тілі жатады. Банту тілі Судан жерінде пайда болып, кейін сол жерден Оңтүстік Африкаға тараған болуы ықтимал.
9.Кавказ тілі Таяу Шығыста, Жерорта теңізінің төңірегіне тараған тілдердің бірі.
10.Мон –кхмер тілінде сөйлеушілер Үндіқытай, Камбудже жерін мекендейді. Кейбір тілшілер мон – кхмер тілін малая – полинезиялық тіл семьясына жатқан деседі.
Жоғарыда біз тоқталып өткен 10 тіл семьясынан басқа да алуан тілдер бар. әсіресе ондай тілдерді Американың, Азияның, Океанияның және Африканың аборигендерінің арасынан келістіруге болады.
4.Шаруашылық – мәдени класификация.
Барлық халықтардың мәдени –шаруашылығы жағынан ұқсастығына қарап топтауға болады. Бір табиғи – географиялық аймақта бірнеше тілдерде сөйлейтін ұлттардың мекендеуі мүмкін. Олардың тілдері бір –біріне ұқсас болмағанымен шаруашылықтары, тұрмыстары және заттай мәдениеттері ұқсас немесе мүлдем жақын болып келуі мүмкін. Міне, осындай ұқсастығына қарай отырып, дүние жүзіндегі халықтарды шаруашылық - мәдени тұрмысы жағынан топ –топқа таратып бөлуге болады. әрбір шаруашылық – мәдени бөліктерге өзінің әлеуметтік – экономикалық жағдайы бойынша, шамамен біркелкі дамыған және ұқсас табиғи географиялық жағдайда орналасқан, ертеден әр халыққа тән болған, тамырлас шаруашылығына және мәдени тұрмыс ерекшеліктеріне ие болған халықтарды бір топқа жатқызуға әбден болады. әр халықтың мәдени – шаруашылықтарының ерекшеліктері. Сол халықтардың тарихи дамуынан келіп шыққан. Мысалы, адамдар жер бетіне таралған кездерде олар әртүрлі табиғи географиялық орталыққа шоғырланып, сол жердің табиғи өзгешілігіне икемделеді. өздерінің өндіріс құралдарын жасап.шаруашылықтарын дамытады, заттай және рухани мәдениеттерін өркендеткен.
Шаруашылық – мәдени ерекшеліктерінің барлығы бір уақытта емес, олар әр түрлі жағдайда, әр түрлі кезеңдерде пайда болған. Кейбір халықтарда мәдени – шаруашылықтың дамуы алғашқы заманнан бастап қалыптасса, қайсы біреулерінде кейінірек пайда болған. Сөйтіп, дүние жүзін мекендеуші халықтарды шаруашылық – мәдени тұрмыс белгілерінің ұқсастығына қарай отырып, төмендегішіне топтауға болады. Олар: қарапайым аңшылар мен терімшілер, ірі өзендердің жағалауындағы отырықшылар мен балықшылар, тундраның бұғышылары, қоңыржай және тропиктік аймақтың егіншілері, көшпелі малшылар тағы басқа болып жіктеледі.
Халықтарды жоғарыдағы тоқталып өткен этнографиялық тұрғыдан топтаудың осындай жүйелерінен басқа да бірнеше топқа жіктеп бөлушілік белгілері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |