Ақмола облысы Целиноград ауданы Бірлік ауылының негізгі орта мектебі «Тәуелсіздік ұландары»



бет4/4
Дата15.06.2023
өлшемі78.5 Kb.
#475125
1   2   3   4
25 мамыр сценарий

XVII. Соңғы қоңырау
Жұлдыз: Бүгінгі мектеп бітіруші түлектерге қазіргі қоңырау үні ерекше. Ол -мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол - балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау. Ендеше кезекті қоңырау соғу сәтіне береміз.
Ержан: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 - сынып оқушысы Жетпісбай Алмас мен 1-сынып оқушысы Нұрислам Еркежанға тапсырылады.
(Қоңырау соғылады)
Жұлдыз:
Гүлдерге толы омырау,
Әртүрлі әркім сыйлайды
Соғылмақ соңғы қоңырау
Соқтырмай өмір қоймайды.
(Қоңырау соғылады)
Ержан: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.


Жұлдыз: Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
Ержан: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, алдағы мемлекеттік емтиханды сәтті тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
Нұрсауле: Осымен 2020-2021 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар дейміз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет