Ақмола облысы Целиноград ауданы Бірлік ауылының негізгі орта мектебі «Тәуелсіздік ұландары»


IX. Түлектердің ата-анасының сөзі



бет3/4
Дата15.06.2023
өлшемі78.5 Kb.
#475125
1   2   3   4
25 мамыр сценарий

IX. Түлектердің ата-анасының сөзі
Жұлдыз: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі бүгінгі бітіруші түлектердің ата-аналарының атынан Халелова Күмісай Елубайқызына беріледі.


Ән: Бітіруші түлектерді «Қош бол енді мектебім менің» әнімен қарсы алыңыздар.
ХІ. Алғашқы ұстаз (немесе ардагер ұстаз)
Ержан: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп,
түлектердің алғашқы ұстазы Накенова Гүлбану Ерденқызына сөз беріледі.


ХІІ. Сынып жетекшінің сөзі
Жұлдыз: Бүгінгі күн – алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт!
Мектеп тарихында ең алғашқы түлектер болып қалатын, есімдері алтын әріппен жазылатын, жылдар бойы мәңгілік жаңғырып, аталып жүретін бүгінгі түлектердің жетекшісі, мектептегі екінші анасы , осынау қиыны мен қызығын бірге көрген түлектердің сынып жетекшісі Куланов Бауыржан Жанатұлын ортаға шақырамыз.
ХІІІ. Жұлдызды шеру.
Жұлдыз: Биылғы оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау үшін ортаға мектеп директоры Накенова Гүлбану Ерденқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Іскендір Айжан Темірбекқызын шақырамыз.
XV. Түлектер тілегі
Ержан: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

Алмаз: - Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне, тоғыз жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз. Қымбатты ұстаздар! тоғыз жыл бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға үлкен рахмет! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенемін. Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп,таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым! Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсекте, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір-бірімізді ұмытпайық! Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік достар! Ал алтын ұя мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет