Анар Бекмырзақызы Салқынбай Қазақ тілінің тарихи грамматикасы оқу-әдістемелік кешен



бет17/21
Дата18.10.2023
өлшемі0.71 Mb.
#480980
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
истрграмматика-кешен-1 (1)

3. ТАРИХИ СИНТАКСИС
1.10 Тарихи синтаксистің зерттеу нысаны, өзге пәндермен байланысы, зерттелуі, синтаксистік жүйені айқындаудың негізгі принциптер. Көне түркі тіліндегі сөз тіркестерінің сипаты. Көне түркі тіліндегі есімді сөз тіркесі. Көне түркі тіліндегі етістікті сөз тіркесі. Сөз тіркесінің даму бағыттары. Жай сөйлемнің дамуы. Оның түрлері. Есімді жай сөйлемдер, етістікті жай сөйлемдердің дамуы. Сөйлемдердегі сөздің орын тәртібі. Көне қазақ тіліндегі сөйлемнің сипаты. Құрмалас сөйлемнің дамуы. Құрмалас сөйлем түрлері. Құрмалас сөйлем типінің қолданыс жүйесі. Құрмалас сөйлемнің тарихы туралы ғылыми пікірлер. Н.Т. Сауранбаев, С.Аманжолов құрмалас сөйлемнің тарихы туралы.


2. Практикалық сабақ

2.1. Қазақ тілінің тарихи сөзжасамы. Нысаны, өзге пәндермен байланысы, Сөзжасамның негізгі заңдылықтары туралы. Түркологияда және қазақ тіл біліміндегі зерттелуі


2.2. Сөзжасамның негізгі ұғымдары. Туынды сөз. Сөзжасамдық ұя мен сөзжасамды мағына, қалып, тип, тізбек т.б. Сөзжасам мен номинация теориясы. Сөзжасам мен негіздеме
2.3. Фонетикалық сөзжасам. Дыбыстық сәйкестіктердің нәтижесінде пайда болатын атаулар. Фонетикалық қалыптар
2.4. Конверсиялық сөзжасам. Функционалдық мағынаның дамуы. Конверсия және синкретизм. Лексикалану процесі. Байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы
2.5. Синтетикалық сөзжасам. Сөзжасамдық жұрнақтардың мағыналық сипаты. Парадигматикалық және синтагматикалық қатыстылығы. Негіздің мотивтенуі. Туынды сөздің мағынасындағы ортақ сема. Негізділік мәселесі
2.6. Аналитикалық сөзжасам. Екі сөздің қосылу, бірігу, қосарлану арқылы жасалатын туынды сөздердің мағыналық ерекшелігі. Олардың ішкі мағыналық табиғаты, сыңарларының сөзжасауға қатыстылығы
2.7. Тарихи морфология. Зерттеу нысаны, мақсаты, зерттелу тарихы. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның тарихи қарым-қатынасы, даму сипаты. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
2.8. Морфемалар тарихы. Түбір морфема және қосымша морфема. Этимон-түбірлердің сипаты. Буын дамуы – сөз мағыналарының дамуы. Түбірлер дамуының кезеңі. Ішкі флексия мәселелері. Түбірдің тектік бірлігі мен жақындығы.
2.9. Түбірлердің грамматикалық тұлғалары мен олардың түрленуі. Сөздердің грамматикалық таптарға жіктелуі туралы пікірлер. Грамматикалық категориялардың қалыптасу тарихы. Ескерткіштердегі сөз таптарының жалпы сипаты.
2.10. Зат есімнің даму тарихы мен грамматикалық тұлғалары. Зат есім мен етістіктің мағыналық тектестігі. Э.В.Севортянның этимологиялық сөздігі, етістік, зат есім туғызушы аффикстердің тарихы туралы
2.11. Зат есімнің тәуелдік, септік, көптік жалғауы туралы. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі зат есім мен оның жалғаулары. Көне түркі мұраларындағы зат есімнің сипаты. Сын есімнің мағыналық дамуы. Сын есім тудырушы жұрнақтар, сын есімдердің қазіргі қазақ тіліндегі мағыналық сипаты. Сын есім туғызушы жұрнақтар
2.12. Сандардың шығуы туралы пікірлер, зерттелуі. Сан есімдердің этимологиясы туралы көзқарастар. Қасиетті сандар тарихы – 1, 3, 7, 9, 40 деген сандар. Көне ескерткіштерде сан есімнің көрінісі, санау үлгілері, грамматикалық тұлғалануы. Есімдіктің даму тарихы мен қалыптасу жолдары. Сілтеу, жіктеу есімдіктерінің тектестігі. Сұрау, белгісіздік, топтау есімдіктерінің тарихи дамуы.
2.13. Етістіктің сөз табы ретіндегі даму жүйесі. Етістік пен зат есімнің байланысы туралы көзқарастар. Етістіктің қалыптасуындағы қимыл есімнің қызметі мен маңызы. Етістіктің грамматикалық формалары. Тұлғалық және мағыналық күрделілігі. Орхон-Енисей жазба ескеткіштеріндегі салт және сабақты етістік. Болымды және болымсыз етістік.
2.14. Есімшенің даму тарихы. Есімшенің тұлғалық, мағыналық сипаты. “Дивани луғат ит түрк” еңбегіндегі көсемше тұлғалардың көрінісі. Қөсемше тұлғаларының тұлғалық сипаты. Көсемше тұлғаларының мағыналық сипаты. Рай тұлғаларының дамуы. Көне қыпшақ тіліндегі үстеулер. Үстеулердің дамуы. Көне қыпшақ тіліндегі үстеулердің қалыптасуындағы септіктердің рөлі. Еліктеуіш сөздер мен көмекші сөздер, олардың пайда болу, қалыптасу жолдары.
2.15. Тарихи синтаксистің зерттеу нысаны, өзге пәндермен байланысы, зерттелуі, синтаксистік жүйені айқындаудың негізгі принциптер. Көне түркі тіліндегі сөз тіркестерінің сипаты. Көне түркі тіліндегі есімді сөз тіркесі. Көне түркі тіліндегі етістікті сөз тіркесі. Сөз тіркесінің даму бағыттары
2.16. Көне түркі тіліндегі матаса, қабыса байланысу. Түркі изафеті туралы. Түркі изафеті туралы Майзель пікірі. Көне түркі тіліндегі меңгеру мен оның зерттелуі. Көне түркі тіліндегі меңгерудің сипаты. Е. Ағманов пікірі. Меңгеру жасаудағы септіктің рөлі. Жай сөйлемнің дамуы. Оның түрлері. Есімді жай сөйлемдер, етістікті жай сөйлемдердің дамуы. Сөйлемдердегі сөздің орын тәртібі. Көне қазақ тіліндегі сөйлемнің сипаты. Жазба нұсқалардағы атаулы сөйлемдер.
2.17. Құрмалас сөйлемнің дамуы. Құрмалас сөйлем түрлері. Құрмалас сөйлем типінің қолданыс жүйесі. Құрмалас сөйлемнің тарихы туралы ғылыми пікірлер. Н.Т. Сауранбаев, С.Аманжолов құрмалас сөйлемнің тарихы туралы.
Силлабус



Кредит саны

3
Сабақ жүргізілетін уақыт

Сабақ кестесі бойынша
Оқу формасы

күндізгі
Оқытушы

Филология ғылымдарының докторы,
профессор Анар Бекмырзақызы Салқынбай
Негізгі ғылыми бағыты – қазақ тілі тарихы, сөз семантикасы, әлеуметтік лингвистика (тіл және мәдениет); тілді тарихи-онтологиялық, семантикалық, когнитивтік, лингвомәдени, аспектіден зерттеу.
Телефон

74-95-03
Консультация

СӨЖО уақытында
Курстың мақсаты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет