Анар Бекмырзақызы Салқынбай Қазақ тілінің тарихи грамматикасы оқу-әдістемелік кешен



бет18/21
Дата18.10.2023
өлшемі0.71 Mb.
#480980
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
истрграмматика-кешен-1 (1)

Пәннің негізгі мақсаты – қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының күрделену сипатын т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде оқыту.
Курстың міндеті




“Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” курсын оқу барысында студент қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктерін, дыбыстық сипаты мен грамматикалық құрылымының ғылыми негіздерін, ұлт тілі ретінде өсу, даму жолдарын онтологиялық бағдарда кешенді түрде меңгереді. Тілдің даму жолдарын айқындау арқылы оның танымдық желісін таниды.


Қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктерін, тіл дамуының негізгі кезеңдері мен жолдарын білумен қатар, қазіргі қазақ тілінің құрылымынан жаңа құбылыстар мен көне тілдік күйдің қалдықтарын ажырата білу, қазіргі тіл құрамындағы синонимдік, антонимдік, көпмағыналылық сияқты құбылыстардың болу себебін, омонимнің, варианттардың, дублеттердің, пайда болуы мен оның ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда түсінеді.
Сондай-ақ, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері мен ортағасырлық мұралар тілін лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан талдай білуі, қазіргі қазақ тілімен, басқа түркі тілдерімен салыстыра отырып, даму ерекшеліктерін саралауы, этимологиялық, этнолингвистикалық талдаулар жасай алуы қажет.
Тарихи грамматика қазіргі қазақ тілінің лексикасы, фонетикасы, грамматикасы пәндері бойынша алынған білімді тереңдете жүйелей келіп, болашақ маман иесіне тілдегі барлық деректерді, заңдылықтарды, тілдің жүйелі құбылыстарды дұрыс танып, оның тарихи қалпын, тарихи даму жолын саралауға мүмкіндік береді.
“Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” курсының ұсынылып отырған бағдарламасы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алып, халық тарихын зерттеуге үлкен маңыз беріліп отырған кезеңге сәйкес, халықтық таным, дүниетаным, ұлттық менталитеттің қалыптасуындағы негізгі тұғыр тірегі – тіл екенін бағамдап, тіл тарихы оқытылуының ауқымдылығы мен мәнін ескеруге міндетті болады.
Ерекше ескерілген жай – түркологияда, сондай-ақ қазақ тілі білімінде соңғы кездердегі жарық көрген ғылыми зерттеулердің жаңа теориялық қорытындылары мен тұжырымдары. Олардың қазақ тілінің тарихын зерттеудегі ерекше сипаты мен өзгешелігі айқындалып көрсетілуі тиіс.
Тіл – таным нәтижесі. Табиғаттағы заттар мен құбылыстарды танып-білу нәтижесіндегі ұғымды бейнелеуде қолданылатын таңбалар жүйесі – тілді құрайды. Тіл тек қарым-қатынас жасау құралы емес, жад қалыптастыру, хабар жинау, жеткізу де құралы. Тіл арқылы адам баласы өзі жинаған білімі мен білігін, танымы мен түсінігін, әдеті мен ғұрпын, салты мен санасын, т.б. болашаққа мирас етіп қалдыра алады.


Пререквизит



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет