Андрон мәдениеті — қ



бет11/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Қазақстан тарихы

МҰСТАФА ШОҚАЙ ҚызметіМұстафа Шоқай - патшалық Ресей заманында Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының саяси бюросында қазақ халқының мүддесін тұңғыш көтерген адам. Түркістанда құрылған Мұсылман орталығының тұңғыш басшысы. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ. Мұстафа 1890 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Мұстафа Шоқай» ауылында дүниеге келген. Атасының арғы тегі қыпшақтардан тарайтын Торайғырдың белді ақсүйектеріне жатады. Мұстафа Шоқай Түркістанның тарихын бес саусағындай білген . Ол мәдениеттің, саясат пен заң ілімінің дамуына деген көзқарасын түрік, орыс, ағылшын, француз, неміс, тәжік тілдерінде баяндап, жазып отырған. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі М.Шоқай тобының Түркістанда біртұтас Түркістан федерациясы құрамындағы ұлттық автономиялар құруға дайындалуына ықпал етті. Бірақ Уақытша үкімет Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне қарсы шықты. 1917 жылдың наурызында М.Шоқай Ташкенттегі мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылман орталығын басқарды. Бұл орталық та автономия құруға әзірлене бастады. 1917 жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкілтүркістандық конгресі өтіп, онда Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылғаны жария етілді. Оның Президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсанында М.Шоқай «Алашорда» үкіметінің құрамына кірді. 1918 жылдың қаңтарында қарулы жұмысшы отрядтары мен қызыл гвардияшылар Қоқанды шабуылмен басып алған соң, Мұстафа Шоқай Грузияға кетеді. Онда ол Кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсене атсалысады.1 920 жылы қызыл армия Грузияға кіргенде, Мұстафа Түркияға қоныс аударады, одан әрі Берлин асып, кейін Францияда тұрақтады. Эмиграцияда жүріп М.Шоқай кеңестік езгідегі Түркістан халықтарының өмірін көрсетуге арналған журналдар мен газеттер шығаруды ұйымдастырып, олардың жұмысына белсене араласты. Стамбұл мен Парижде, Берлин мен Лондонда, Варшавада ол Орта Азия туралы мақалаларын, теориялық зерттеулерін, тарихи және саяси шолуларын жариялады. Ол ұйымдастырған «Жаңа Түркістан» және «Жас Түркістан» журналдары тиісінше Стамбұл мен Берлинде басылып тұрды.
Мұстафа Шоқайұлы өзінің 1937 жылы «Яш Түркістан» журналына «Қоқан автономиясының» 14 жылдығына арнап мақала жіберген. Осы мақалаға сүйенсек, Қоқан автономиясы бар болғаны 2 ай, 3 күн ғана, яғни 1917 жылдың 10 желтоқсанында құрылып, 1918 жылдың 13 ақпанында тарағанын байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет