Андрон мәдениеті — қ



бет9/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Қазақстан тарихы

Қазақстан ерте қала.: Байырғы қала (протогород) тҧрғындары егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан қауымдар еді. Айта кететін бір жайт, осы уақыттарда Батыс пен Шығысты жалғастырған болашақ Жібек жолының негізі біртіндеп қалыптаса бастаған болатын. . Археоло ескерткіш кӛрсеткеніндей, ерте орта ғасырлар кезеңінде отырықшы кангюй қоныстарының негізінде Сырдария ӛңірінде қалалардың қалыптасуы жүріп жатты. Мҧндағы қала мәдениеті жергілікті отырықшы мәдени дәстҥрлер мен дамуы жоғарырақ деңгейде тҧрған Соғды қала мәдениетінің инновациясын бойына сіңірген болатын. Қазақстанның оңтҥстігі мен Жетісуда соғды эталоны, соғды ҥлгілері кеңінен тарала бастайды. Белгілі бір дәрежеде бҧлардың таралуына соғдылықтардың халықаралық сауда жолдарының бойында орналасу ҥрдісі де ӛзіндік әсерін тигізген еді. Бҧл уақыттарда Орта Азиядағы қала мәдениетінің дамуына Шаш, Усрушан, Ферғана, Тохарстан секілді жазиралар мен қалаларға орныққан тҥріктер мәдениеті де күшті ықпалын тигізе бастаған болатын. Мәдениеттер диалогының жолы болған Жібек жолының рӛлі де анықталып келеді. Хорезм - Әмударияның төменгі сағасында орналасқан ірі аймақ. Б.з.б. II мыңжылдықта аймақта хорезмдік отырықшы-егіншілік өркениет пайда болды. Бұл мәдениеттің негізі Даладан бастау алған. Б.з.б. І мыңжылдықтың басында өлкеге хорезмдіктер қоныстанып, Әмудариядан су тартып, канал жүйелерін жетілдірді. Суландыру жүйелері хорезмдік өркениеттің негізіне айналды. Соғды. Әмудария мен Сырдария аралығындағы ірі егіншілік ай- мағында Мараканд (Самарқанд) қаласы пайда болды Өйткені тоған жүйелерін жыл сайын тазалап, күтіп ұстау ұйымдасқан еңбекті қажет ететін еді. Хорезмнің астанасы Топыраққалада әртүрлі суреттермен, мүсіндермен безендірілген сәулетті сарайлар болды. Соғдыда халық тығыз қоныстанды және бұл аймақ әр уақытта түрлі мемлекеттердің құрамында болды. Соғдылықтардың өз жазуы болды, негізінен, сауда- мен және қолөнершілікпен айналысты. Соғдының Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы және трансконтиненталды саудада делдалдық қызмет атқаруы оның гүлденуіне әкелді. Олар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шығыс Түркістан, Жетісу және Тараз өңірлерінде сауда орындарын ашты. Кейіннен арабтар жаулап алған соң Самарқанд Мәуреннахрдың1, кейін Әмір Темір империясының астанасы болды. Бұдан кейінгі ғасырларда Соғды Бұхара хандығының құрамына кірді. Ферғана - тау арасындағы ойпат.Ферғана ахеменидтік және Александр Македонский империяларының құрамында да болған.. Оның солтүстігінде ғұндар, шығысында қытайдың. Сыма Цянның дерегі бойынша (Ферғанада) 70 қала болды. Олардың жылқыларымен, жүзімдіктерімен, ерекше гүлдерімен даңқы шықты. Ферғана арқылы да Ұлы Жібек жолы өтті. VI ғасырда Ферғана Түрік мемлекетінің құрамына қосылды. Ал Әмір Темірдің заманында бұл жерде Бабыр дүниеге келдіОның тарихы Қазақстанның тарихымен тығыз байланыста өрбіді. Орталық Азияның отырықшы-егіншілік өркениетінің үш мәдени ошағы - Шаш, Сырдария аймағы және Жетісу Қазақстан аумағымен тікелей байланысты. Шаш - Соғдының солтүстігі мен Шыршық және Ангрен өзендерінің алқабын, сондай-ақ Сырдарияның оң жағалауын қамтитын тарихи өңір. Бұл аймақ - қазіргі Ташкент пен Шымкент қалалары орналасқан жер. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында өңірде 30-ға жуық шаһар болған. Шаш қаласының іргесі б.з.б. III ғасырдан бұрын қаланған, ал I мыңжыл далалық түркілер мен соғдылықтар, кейіннен Мәуреннахр тұрғындарының негізгі сауда орталығы қызметін атқарды. Шаһар ХI ғ бастап Ташкент атала бастады. XVI ғасырда Ташкент үшін Қазақ хандығы мен Бұқара әмірлігі ара- сында тартыс басталады. XVII ғ басынан XVIII ғ дейін шаһар Қазақ хандығының иелігінде болды. Сырдарияның орта ағысындағы бұл аймақ даламен шектеседі. Аймақ Қаңғы атауымен Авестада кездеседі, ал Сыма Цян оны «Қаңлы мемлекеті» деп атады. Бұл өркениет ошағының ірі орталығы Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан Отырар (Фараб) шаһары бол- ды. Мыңжылдықтың соңында бұл жер сауда мен қолөнер орталығына айналды. айналды. Бұл туралы көптеген мұсылман тарихшылары мен жағра- пияшылары деректер қалдырды. Х ғасырда Отырар Қарахандар мемле- кетіне қарады. Кейіннен қарахандар моңғол шапқыншылығынан күйреген соң, Отырар Хорезмнің қол астына өтті. Мұсылман жыл- намаларында моңғол шапқыншылығынан кейін Сырдария жазирасы Түркістан деп аталды. Аймақта Сауран, Созақ, Сығанақ, Сайрам және Түркістан , шаһарлары болды. Олар Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның тарихында үлкен маңызы болды. Жетісу - Балқаш көлі мен Ыстықкөлдің арасындағы тарихи-мәдени аймақ. Аймақтың атауы дәл «жеті өзенді» емес, «көп сулы» деген мағынаны білдіреді.. Ежелгі уақытта бұл жерде Үйсін мемлекетінің орталығы болған. Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісуда қалалар дамып, соғдылықтардың сауда орындары өркендеген. Ал өлкенің астанасы - Алматының тарихы мың жылдан асады. Мұны қазба жұмыстарын жүргізген қазақстандық археологтер нақты дерек- термен дәлелдеді. Шығыс Түркістан - Тянь-Шань тауынан басталып шығысқа ағатын Тарым өзені алабындағы аймақ. Осы аймақтағы Түрпан, Қашқар, Жаркент тағы басқа шаһарлар б.з.б. І мыңжылдықта Такла-Макан шөліндегі жазираларда пайда болды. Шығыс Түркістандағы жазиралар Жетісудағы сияқты Ұлы Жібек жолындағы сауда үшін аса маңызды Көне Сауран қаласының орны рөл атқарды. Аймақтың батыс бөлігі екі мың жыл бойы Тян-Шаньның солтүстігі мен батысындағы тарихи үдерістерге, сондай-ақ жалпы Орталық Азиядағы оқиғаларға қатысып келеді.

«Жібек Жолы»: Қазақстана аумағында Ұлы жібек жолы Қытай шекарасынан бастау алады. Ұлы жібек жолының негізгі тармақтарының бірі Қазақстанның оңтүстік аймақтары арқылы өткені белгілі. Батысқа қарай бағыт алған сауда керуендері қытай шекарасынан өтіп, Қазақстанның Сайрам, Ясы, Отырар, Тараз қалаларыарқылы Орталық Азияға, Персияға, Кавказға және сол жерден Еуропаға қарай жылжып отырған. өркениеттерінің керемет жетістіктерінің бірі саналатын Ұлы жібек жолы -адамзат тарихында алғаш рет Қытай мен Жерорта теңізіне, одан ары Тынық мұхитына дейінгі үлкен кеңістікті ала отырып, әртүрлі елдер мен халықтарды байланыстырды, олардың материалдық, көркемдік және рухани мәдениеттерінің алмасуының себепшісі болды. Археолог ғалым К.М. Байпақов «Ұлы жібек жолы –Қытайдан Жерорта теңізіне дейін Еуразия жерін бойлай өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан торабы». Бұл ежелгі қалалардың барлығы дерлік үлкен қазақ Даласын еңсерген Жібек жолы бойындағы керуен-сарайларға айналған аялдамалардың және уақыт өте келе қалаларға айналған елді мекендердің арқасында пайда болған. аймақтың жандануы VI ғ 2 жарт, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерлері Солтүстік Шығыс Қытай аймағынан көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына енген кезден басталады.Ұлы жібек жолының маңызы: Түркі тілдес тайпалар саудамен айналысты, Соғдылар түріктердің тілін, әдет ғұрпын үйреніп мал өсіруді меңгерген, қалалық өркениет пайда болды. Бұл аймақта, мәдениеттердің белсенді қарым-қатынасы, ауқымды сауда операциялары, дипломатиялық келісімдер мен әскери одақтар жасалды. Отырар, Тараз, Сайрам, Түркістан және Баласағұн қалалары тек сауда орталықтары ғана емес, сонымен бірге ғылым мен мәдениет орталықтарына айналды. Ежелгі уақытта, Таразды – көпестер (кәсіпкерлер) қаласы деп атаған. Алғаш рет жібек өндірісі пайда болып, тоқыма өнеркәсібіне жол ашты. Сауда-экономикалық байланыстар артты. Жібек жолы арқылы елдер арасында сан түрлі тауарлар тасымалданды. Олардың ішінде хош иісті қарашайырлар, жасмин суы, жұпар жаңғағы, кілемдер мен маталар, бояғыш жəне минерал шикізаттары, асыл тастар, піл сүйегі мен балық азулары, күміс пен алтын құймалары, аң терілері, садақ пен жебелер, қылыштар мен найзалар, арғымақтар мен сəйгүліктер, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстан-дар, қабыландар мен еліктер, қаршығалар мен қырандар, тауыстар мен тотықұстар кең түрде алмасып сатылды. Дегенмен, басты сауда заты – жібек болып қала берді. Жібек халықаралық валюта орнына айналды. Ұлы Жібек жолы бойындағы мəдени өнім-дердің алмасуы тек отырықшы өркениеттердің арасында емес, көшпелі қоғамда да жүзеге асты. Көшпелілер адам өмір-тірлігінен айырғы сыз, адамзаттың күнделікті тұрмысында қолданы-латын көптеген бұйымдарды ойлап тапты. Шығыс пен Батыстың сұхбаты монғолдық мемлекеттерде де өз жалғасын таба білді. Мы-салы, Гильом Рубрук моңғолдардың аста-насы Қарақорымға келгенде, қаланың бір бөлігін алып жатқан мұсылман көпестерін жəне қолөнершілерін кездестірді, онда екі мешіт орналасқан екен, ал христиандық шіркеу қаланың басқа жағында орын алған. Қалада еркін түрде мұсылмандар мен несториандар, будда-шылар мен дəстүрлі көшпелі сенім өкілдері пікір таластырып жатты. үркілер қала мəдениетімен бірге адамзат өркениеті тарихында тас қашау, тас бедерлеу, тасты қырнау өнерімен де даңқы шыққан ел. Тас бейне жасау өнері əуелгіде жартастарға шекіп салудан басталған. Соның өзінде тастан адам бейнесін қашау сатысына бірден жетпеген.

/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет