Андрон мәдениеті — қ



бет46/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Қазақстан тарихы

Қайта құру: 1985 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің Бас
хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. Орталық Комитет-
тің 1985 жылы сәуірдегі Пленумында елдің әлеуметтік-экономи-
калық дамуын жылдамдату бағыты жарияланды. Бүл кезең жеті
жылға созылды, ол тарихта «қайта қүру» кезеңі деп те айтады.
1987 жылы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заң қабыл-
данды, соған сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық
есепке көшті, өз шығынын өзі өтеп, өзін-өзі қаржыландыратын
болды, кейбір ірі кәсіпорындарға сыртқы нарыққа шығуға
рүқсат етілді.1988-1991 жж. КСРО-ның сыртқы саясатында да түбегейлі
өзгерістер орын алды. М.Горбачевтің Р.Рейганмен үш рет
кездесуі нәтижесінде орта және жақын қашықтыққа үшатын
ракеталарды жою туралы келісімге қол жетті, 1988 жылы кеңес
әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады. 1989 жылдың
аяғында шын мәнінде, бір-ақ айдың ішінде Шығыс Еуропа
елдеріндегі коммунистік партиялар биліктен (негізінен бейбіт
жолмен) айырылды. КСРО-ның қолдауымен екі Германия бірігіп,
тоталитарлық социализмнің белгісі болған *Берлин қабырғасы
қиратылды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда
Д.А.Қонаев Орталық Комитеттің Бірінші хатшылығынан алынып,
орнына Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
болып жүмыс істеген Г.В.Колбин тағайындалды. Сонымен,
тоталитарлық режимнің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімен
Қазақстанды кім басқару керектігі туралы мәселе шешілді.
Бірақ ол республиканың үлттық мүддесімен санаспағандықтан
бүл шешім батыл қарсылыққа тап болды. 1986 жылы 17
желтоқсан күні таңертең Алматыда жастар бүл қабылданғаешімге қарсы екендігін білдіріп, бейбіт шеруге шықты, екі
күнге созылған бүл оқиға тарихқа «1986 жылғы Алматыда
болған Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енді. 17 желтоқсан күні
кешке демонстрациям»! қуып таратуға күш салынды, бүл
мақсатқа өрт сөндіргіш машиналар, сапер күректері, сойылдар,
қызмет иттері пайдаланылды. Жаппай берекетсіздік басталды.
18 желтоқсан күні таңертең Алматыға КСРО-ның баска
қалаларынан арнайы бөлімдер әкелінді. Кешкісін демонстрация
қуып таратылды. Демонстрацияны таратқаннан кейін, окімет
саяси қуғын-сүргін науқанына кірісті. 900-дей адам әкімшілік
жазаға тартылып, 264 адам жоғары оқу орындарынан
шығарылды, оқиғаға қатысқан 319 адам жүмыстан қуылды.
КОКП қатарынан 52, БЛКЖО-нан 758 адам шығарылды. 8500
адам үсталып, 99 адам сотталды, олардың екеуіне ең жоғарғы
жаза берілді. 1987 жылы шілдеде КОКП Орталық Комитеті
«Қазақ республикалық партия үйымдарының халыққа
интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі
жүмысы» туралы қаулы қабылдады. Онда желтоқсан окиғасы
«қазақтың үлтшылдық көрінісі» деп аталды. Мүның бәрі
Орталықтың ескі козқарасын білдіретін. 1989 жыл коктемде
М.Шаханов КСРО халық депутаттарының 1 съезінде желтоқсан
оқиғасына объективті баға беруді талап етті. 1989 жылы
Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі КОКП Орталық Комитетінің
қаулысын айыптады. 1990 жылы қаңтарда ҚазКСР Жоғарғы
Кеңесінің Төралқасы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы
Алматыда болған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті
баға беру жөнінде комиссия қүрды. Сонымен қатар, сотталған
«желтоқсаншылардың» істерін қайта карау процесі де жүргізілді,
нотижесінде қылмыс қүрамының болмауына байланысты
олардың 32-ісі босатылды..

Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
Ол қиыншылықтар:
1.Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.
2.Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді.
3.Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді.
4.Жергілікті мамандардың жетіспеуі.
5.Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.
6.Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.
7.Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.
Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:
1.Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою.
2.Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік – техникалық мамандарды қалыптастыру. Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет