Репрессия: Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап
күресін күшейту туралы түжырымы репрессиялық, яғни қуғын-
сүргін бағдарламасының негізіне айналып, «халық жауларын»
әшкерелеумен айқындалды. «Партия мен халыққа жат
элементтер» ең алдымен партияның өз арасынан және өзгеше
ойы бар зиялылылар қатарынан іздестірілді. Қоғамдық санаға эсер ететін механизмдер жасалды. 30-шы
жылдардың басында Маркс, Энгельс, Ленин идеяларының
догмасы айқындалып, Сталиннің жеке басына табынуы
қалыптасты. Оны «барлық кезде халқымыздың үлы көсемі» деп
атауды партия басшылыққа алды.
Жаппай қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру үшін қүқықтық
негіз қалануы керек еді. 1926 жылы РКФСР Қылмыстық
кодексінде контрреволюциялық қылмыстың 17 түрінің 12-ісінде
ату жазасын қолданды. 1934 жылдан бастап қылмыстық зандар
жиі өзгерістерге үшырады. Нәтижесінде, кеңес өкіметіне қарсы
үйымдар мен террорлық әрекеттерді тергеу үшін 10 күннен
аспайтын мерзім белгіленді; 1937 жылы НКВД органдары
түтқындағыларға «күш көрсетуге» рүқсат алды, үкімге шағым
жасау мүмкіндігі жойылып, өлім жазасының үкімдері дереу
орындалатын болды. КСРО НКВД жүйесі қайта қаралып, оның
кадрларынан соттан тыс органдар қүрылды. Ерекше мәжіліс,
«үштіктің», содан кейін «екеудің» кеңесуімен жүзеге асты. 1937 жылы ақпан-наурызда Мәскеуде БК(б)П ОК-нің
Пленумы өткізіліп, онда «жапон-неміс-троцкийшіл агенттердің
зиянкестігі, жасаған қастандығы мен тыңшылық өрекеттерінің
сабақтары» және Сталиннің «Троцкийшілдер мен өзге де екі
жүзділердің әрекеттері мен партия жүмысындағы кемшіліктер»
туралы баяндамасы тыңдалды. Пленум елде саяси қуғын-сүргін
нағыз қызған шақта өткізілді. Партиядағы демократиялық негізді
дамытуға шақырды және осыған байланысты партия комитеттері
партия мүшелерін «өзара сын» жүмысын бақылағансып қүпия
өсек тасуға мөжбүр етті. «Зиянкестік сабақтары» БК(б)П Қазак,
өлкелік комитетінің Бюросында түрақты түрде қаралып түрды.
Республиканың ірі қүрылыстары мен көсіпорындарының
басшылары мен өптеген адамдардың «зиянкестік» әрекеті талқыланды.
«Үлтшыл-фашизммен» айыпталған М.Ғатаулин, А.Асылбеков,
С.Нүрпейісов, К.Сарымолдаев, Ү.Қүлымбетов, Ғ.Тоғжанов жөне
т.б. азаматтар бірінен кейін бірі қамауға алынды. Мөскеуде
Н.Нүрмақов, Т.Рысқүлов, Ә.Бөкейханов, С.Қожанов
түтқындалды. Қазақстанда түратын барлық халықтардың өкілдері де саяси қуғын-сүргіннің қүрбаны болды: қазақтар (35-40 %), поляктар
(2%), кәрістер (1,5-2%), еврейлер (2%-ке жуық), сондайга^.
белорустар, татарлар, мордвалар, үйғырлар, өзбектер,
молдавандар, латыштар, финдер, әзірбайжандар, шешендер,
балқарлар, армяндар жөне т.б. 1934-1938 жж. БК(б)П қатарынан
30 387 коммунист қуылды (ал партиядан шығарылу деген сөз
ерте ме, кешпе, өйтеуір НКВД-ның ерекше назарында
болатындығын білдіретін). жымдастыру, кулактарды қудалау, сондай-ақ «халық жауларымен» күресу барысында КСРО НКВД (Ішкі Істер
Жөніндегі Халық Комиссариаты) лагерьлері Бас басқармасы
небір зүлымдық өрекеттер жасады. 1940 жылы ГУЛАГ
(лагерьлердің мемлекеттік басқармасы) қурамында 53 лагерь
болса, 1954 жылы оның саны 64-ке жетті. 1930 жылы 13 мамырда КСРО ХКК қаулысымен Қарлаг
қүрылды, Қарақаралы округінің аумағында оған 110 мың гектар
жер бөлінді, Қарағанды лагерінің басқармасы Қарағандыдан 45
шақырым жердегі Долинка селосында орналасты. 1937-1938 жж.
мүнда 43 мың түтқын үсталды. 1931 жылдан 1960 жылға дейін
Қарлагта 1 миллион адам отырған. Қазақстан» аумағында
Қарлагтан басқа АЛЖИР, Дальний, Степной, Песчанный,
Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазғанлаг, Петропавл, Өскемен, Луговой,
арнайы Кеңгір т.б. лагерьлер орналасты.
|
1950 жылдар: 1946 жылы маусымда КСРО Ғылым академиясының Қазақфилиалы негізінде Қазақ КСР-нің Ғылым академиясы қүрылды.
Академияның бірінші президента болып көрнекті ғалым және
талантты үйымдастырушы Қ.И.Сәтпаев сайланды. 1950 жылдың
аяғына таман ҚазКСР Ғылым академиясының жүйесінде 50
ғылыми-зерттеу мекемелері болды, оның ішінде 19 институт, 13
сектор, 2 мүражай, обсерватория, 3 ботаникалық бақша мен 8
ғылыми база болды. 1946-1949 жылдары ғылыми зерттеу
мекемелері өндіріске енгізу үшін 900 үсыныстар мен зерттеулер
тапсырылды. 1947 жылы М.Әуезов «Абай» роман-эпопеясының екінші ітабын аяқтады, 1949 жылы оған КСРО мемлекеттік
сыйлығының бірінші дәрежесі берілді. Сол кезде С.Мүқановтың
«Сырдария», Ғ.Мүстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтың
«Қазақ солдаты», Ғ.Слановтың «Кең дала», М.Иманжановтың
«Алғашқы айлар» тәрізді, казақ әдебиетінің ірі туындылары
жарық көрді. И.Шухов, Н.Анов, Д.Снегин, К.Хасанов тәрізді
орыс және үйғыр жазушылары өздерінің шығармашылығымен
көзге түсті.
Соғыстан кейінгі жылдары зиялыларға қатысты саяси-қуғын
сүргіннің жаңа кезеңі басталды. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар өте
күрделі жағдайда дамыды. «Звезда» және «Ленинград»
журналдары туралы БК(б)П қаулысы (14 тамыз 1946 ж.) оның
одан өрі дамуына көп қиындық келтірді. Аталған қаулы бойынша
Қазақстанның партия комитеттері де өз жүмыстарын жолға
қоюға тиіс болды. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазак
КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының
жүмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» арнайы
қаулысымен Е.Ысмайылов, М.Әуезов, Қ.Жүмалиев, С.Мүқанов,
Ә.Марғүлан үлтшылдық пен оны «таратуға» қатысты деп
айыпталды. Ленинград пен Мәскеуде «ленинградтық іс»,
«дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, ал Қазақстанда «Бекмаханов
ісі» пайда болды. Е.Бекмаханов жас та, талантты ғалым болды, ол
соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.Н.Панкратова, Б.Д.Греков,
Н.М.Дружинин және басқа белгілі тарихшылар енген ғалымдар
үжымының қүрамында, 1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР
тарихы» еңбегін шығаруға қатысты. 1947 жылы Е.Бекмаханов
«XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясын
дайындады. Ғалымның көзқарасын үлтшыл, буржуазияшыл,
саяси жағынан зиянды, партияның идеологиясына жат деп
айыптады. 1952 жылы 4 желтоқсанда Е.Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954 жылы көктемде
Қазақстанға оралды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |